Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

  • Сенім телефоны
  • 8 (72779) 220-06
  • Телефон доверия
МЕНЮМЕНЮ
Ауылдан ескен жылы леп

Ауылдан ескен жылы леп

Қазақстан халқына кезекті Жолдауында  Елбасы: «Бүгінде әлем Төртінші өнеркәсіптік революция дәуіріне, технологиялық, экономикалық және әлеуметтік салалардағы терең және қарқынды өзгерістер кезеңіне қадам басып келеді. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарымызды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде» – деген болатын.  Бұл Жолдау жаңа әлемге, яғни Төртінші өнеркәсіптік революция әлеміне бейімделу мен жетістікке жету жолын табу үшін не істеу қажеттігін айқындайды. Елбасымыздың жолдауының нәтиежесінде «Жүз нақты қадам – Ұлт жоспары» бағдарламасының  жұмысы жалғасып жатқан болса, ауданымызда алғаш  ашылған робототехника кабинеті  сол қадамның бір бөлігі десек артық айтпаған болар едік.

Тоғыз жолдың торабында орналасқан ауданымыздың қақпасы саналатын Сарыжаз ауылында заман талабына сай робототехника кабинеті аудан жұртшылығына таныстырылды. Былтыр ғана заманауи үлгіде салынып, пайдалануға берілген аталмыш мектепте  математика пәнінен ұстаздық етіп, зейнетке шыққан Жұман Үсеновтың атына ашылған айтулы техника кабинеті талайдың таңдайын қақтырды. Елбасының Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар мақаласы, оның ішінде «Туған жер» бағдарламасының  негізінде ашылған кабинет  – жаңа заман талабы. Отыз екі жыл білім нәрімен сусындатқан ардагер ұстаздың шәкірттері мен мектеп ұжымы  Жұман Үсеновтың ерен еңбектерін жырға қосып, сән-салтанатымен қарсы алды. Мектеп оқушылары түрлі құралдар құрастырып, олардың атқаратын қызметтерімен таныстырды. Кабинеттің ашылуынан кейін оқушылар «Физика, математика, информатика – мәңгілік ғылым» атты инелектуалдық сайыс өткізді. Олар білім жарыстырып, түрлі сынақтар жасап, ұстаздың өмірі жайлы мағлұматтармен бөлісті. Аға буын әріптестері де Жұман ақсақалдың еңбегінен сыр шертіп, иығына шапан жауып құрмет көрсетті. Бүгінде он ұл тәрбиелеп өсірген қарияның ұрпағының әрқайсысы түрлі саланың тұтқасын ұстап, кәсіп етуде. Балаларының басын қосып, мектепке тарту жасау туралы  ұсынысын жеткізген қария, нәтиежесніде келешек ұрпақтың кемеңгер болып өсуіне жағдай жасап отыр.

Әр адамның кіндік қаны тамып, туып өскен елі жер жәнатымен тең. Өйткені бүгінде ел таныған азаматтар мен батырлардың тіптен ғалым мен қарапайым ауыл тұрғындарының естен кетпес жұлдызды сәттері сол өлкемен тікелей байланысты. Ал, еліміздің әрбір тауы мен өзені тұнып тұрған тарихқа толы екенін ескерсек, азаматтардың сол құндылықтарды құрметтеп, оның кез келген дүниесінің гүлденуіне, жандануына үлес қосуы бекер емес.

Айнаш Әлдибек,

Сарыжаз ауылы

Закрыть меню