Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

  • Сенім телефоны
  • 8 (72779) 220-06
  • Телефон доверия
МЕНЮМЕНЮ
Жемісті күндердің жетістігі

Жемісті күндердің жетістігі

Қазақстан Республикасында ауылшаруашылығы
қызметкерлерінің төл мерекесі 1988 жылы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының жарлығымен бекітіліп, қараша айының әр үшінші жексенбісінде аталынып өтуде.
Ауылшаруашылығы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Түгін тарқатсаң май шығатын, қазық қақсаң қарағай өсетін қасиетті Жетісу жерінің климаттық және географиялық жағдайы егін шаруашылығының қарыштап дамуына үлкен мүмкіндік береді.
Егін шаруашылығынан бөлек ауалшаруашылығындағы тағы бір маңызды сала – мал шаруашылығы. Ол халқымыздың ата кәсібі. Сан ғасырлар жинақталған тәжірибенің нәтижесінде өлкемізде табиғатымен терең үйлескен мал ауруларының алдын алып емдеуі де халқымыздың қол жеткізген жетістіктері болса керек. Өйткені, ұлтымыздың сан қилы заманды бастан өткізіп, тарихи аренада сақталып қалуы да алдымен табиға ортаға бейімделуіне, сол ортаға ең тиімді кәсіп мал шаруашылығын дамыта білуінде еді. Қазақтың болмысының экономикалық негізі, материалдық мәдениетінің бастау көзі – мал шаруашылығы.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында, мал шаруашылығы саласы да үлкен экспорттық әлеуетке ие екенін. Сондай -ақ, ветеринария жүйесін халықаралық стандартқа көшіріп, Үкіметке ауылшаруашылығына жүйелі қолдау көрсетуде одан әрі шаралар қабылдауды тапсырып, шикізат өңдеуге айырықша назар аудару қажеттігін айтқан болатын.
Қазақстан өнеркәсібі мен ауылшаруашылығының алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі халықты сапалы азық-түлік өнімдерімен толықтай қамтамасыз етіп, ауылшаруашылық өнімдерінің экспорттағы үлесін ұлғайтып, сапалы өнімді әлемдік нарыққа шығару.Осы арқылы ауылды дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асып, ауыл тұрғындарының әл ауқаты көтеріледі.
Елбасы ауылшаруашылығы қызметкерлерінің күні мерекесін белгілеумен қатар, фермерлер еңбегінің – ел дамуына қосатын үлкен үлесін және оның маңыздылығын атап өткен болатын. Бұл күн – аграномның, комбайншының, тракторшы мен сауыншының, үлкен ферма төрағасының, сонымен қатар, агрария ғылымы мен шаруақожалық қызметкерлерінің төл мерекесі. Айтулы мереке ауданымызда да салтанатты түрде аталынып өтті. Ауданымыздағы әр ауылдық округтің шаруа қожалық иелері шаруашылық өнімдерінен көрме ұйымдастырып, еңбектерін ел алдына ұсынды. Өз кезегінде сөз алған аудан әкімі Ж.Омаров ауылшаруашылығы қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, толғай табыстар мен қажырлы еңбек тіледі.Ауданымыздың экономикасының артуына ауылшаруашылығы саласын дамытуға қосып жүрген сапалы еңбектері мен елеулі еңбектері үшін бірқатар шаруақожалықтарының төрағаларын ел алдында құрмет грамоталарымен марапаттады. Сонымен қатар, ауылшаруашылығы бөлімінің арнайы сыйылықтары табыс етілді.
«Өркен» шаруа қожалығының төрағасы Талғат Жоспарханұлы мен «Мирас» шаруа қожалығының төрағасы Марат Манапұлы сөз алып, әріптестерін төл мерекелерімен құттықтады. Аудан әкімінің қолдауына алғыстарын білдіріп, алдағы күндегі жұмыс жоспарларымен бөлісті. Ауданымыздың экономикасын жақсартуда жастарды еңбекқорлыққа, табандылықпен табысқа бірге жетуге шақырды.
Айтулы мереке аудан өнерпаздарының арнайы дайындалған мерекелік салтанатты концертімен жалғасты.

Нарынқол ауылы

Закрыть меню