Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

  • Сенім телефоны
  • 8 (72779) 220-06
  • Телефон доверия
МЕНЮМЕНЮ
Облыстық  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы кеңес берді

Облыстық «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы кеңес берді

Райымбек ауданы Алматы облысындағы ең шалғай аудан екені дүйім жұртқа аян. Мал шаруашылығы мен егін шаруашылығынан тұрмыс жағдайын қалыпта ұстап, табыс көзіне айналдырып отырған ауданның климаты мен табиғаты туристтік бизнесті дамытуда да қолайлы өлке екені  жасырын емес.  Жаңа аудан болып бой көтергелі бір жылға жуық уақыт болды. Ауданымыздың тыныс-тіршілігі неғұрлым жақсарып, жаңа жұмыс көздері ашылып, орта және шағын бизнеспен айналысушылардың қатары көбеюде. Алайда, кәсібін нәсібіне айналдырып отырған еңбекқор жандар өз құқықтарын қаншалықты біледі? Кәсібін  кеңейтіп, жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізудің жолдары мен өкіметтен арнайы бағдарламма бойынша  берілетін азайтылған пайызбен немесе бір реттік қайтарымсыз несие алу жолдары бойынша толық ақпараттандырылған ба?

Шекара шебінде орналасқан шалағай елді мекен болған соң    ақпараттандыру бағыты кешеуілдеп жететін ауданымызға  Алматы облыстық «Атамекен» Ұлттық  кәсіпкерлік палатасының басшысы Нариман Бақтыбайұлы мен өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің төрайымы Римма Аждарқызы ат басын бұрды. Аудан әкімі Жолан Омаровтың және  жеке кәсіпкерлердің қатысуымен аудан орталығында кәсіптің тиімді тұстарын жеткізіп, субсидия мәселесін кеңінен талқылап, қолдау көрсету мақсатында дөңгелек үстел өтті. Кәсіпкерлер көкейдегі сауалдарын жолдап, кәсіпті дамыту бағытында мамандардың ақыл- кеңестерін алды.

Өңірлік кәсіпкерлер палатасының мақсаты – кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтарын қорғап, заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз ету, аймақтағы бизнес өкілдерін бір ортаға шоғырланған кәсіпкерлік қауымдастық құруға жұмылдыру. Өңірлік кәсіпкерлік палаталардың міндеті – еліміздің барлық аймағында кәсіпкерлік секторын дамыту, кәсіпкерлік саласына қатысты мемлекеттік саясатты құруда және жүзеге асыруда бизнес өкілдерінің мүдделерін ескеру үшін институтционалдық мүмкіндіктер жасау. Аймақтық бизнес өкілдері мен жергілікті әкімшіліктер арасындағы өзара тиімді байланыс тетіктерін жетілдіру.

Естеріңізде болса, аудан бөлінген соң  «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру аясында «Bastau Бизнес» бағдарламасын бастаған болатын.

Бағдарлама ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік дағдыларына, соның ішінде ауыл шаруашылық кооперативтерін құру принциптеріне оқытуға, сондай-ақ бизнес-жобаларды сүйемелдеуге бағытталған.

Аталмыш оқудың нәтиежесінде ауданымыздың  бірқатар азаматтары мен азаматшалары білім алып, білген-түйгендері бойынша кәсіптерін жалғастыруда.

Алматы облысының  Кәсіпкерлер палатасы – «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының құрылымдық бөлімі болып табылады. 2013 жылдың 8 қазанында әділет органдарында тіркелген. Палатаның басты міндеті – бизнес құқығын және мүдделерін қорғау, бизнестің қызметіне қатысты заңнамалық және басқа да нормативтік қағидаларды қалыптастыру үрдісіне барлық кәсіпкерлердің кең көлемде қамтылуы мен осы үрдістерге кәсіпкерлердің қатысуын қамтамасыз ету.

Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

  1. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау;
  2. Әкімшілік кедергілер;
  3. Дуальді оқыту;
  4. Сервистік қызмет;
  5. Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы.

Қосымша бағыттар:

  1. Қаржының қолжетімділігі;
  2. Мемлекеттік бағдарламаларға талдау;
  3. Тариф құнын анықтау;
  4. Жергілікті қамту және сатып алулар;
  5. Сыртқы экономикалық қызметтер.

Айнаш Әлдибекова,

Нарынқол ауылы.

Закрыть меню