Бөлім басшысы – Әжікеева Қымбат Нұрданбекқызы
Аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 23 мәдениет ошағы, 12 кітапхана, 2 мұражай жұмыс істейді. 23 мәдениет ошағының 18-і мәдениет үйлері, 5-уі ауылдық клубтар. Аталған мәдениет ошақтарында 114 штатпен 133 адам, 12 кітапханада 30 штаттық бірлікпен 30 адам еңбек етеді.
Ауданда төрт халықтық атағы бар ұжым жұмыс жасайды. Олар: Кеген «Халық» театры режиссері – Нағима Таласбаева «Ереуіл» фольклорлық ансамблі жетекшісі – Кәдірбек Сүлеймен, «Ақ толқын» фольклорлық ансамблі жетекшісі – Сержан Бексейіт, Нарынқол ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған «Алтын қазына» әжелер ансамблі жетекшісі – Серғазиева Зайда.
«Ереуіл» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамбілі
«Ереуіл» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі 1987 жылы құрылған. Ансамбльдің құрамында – 12 адам. «Ереуіл» халықтық фольклорлық этнографиялық ансамблі соңғы рет 2008 жылы атағын қорғады. Ансамбль 2007 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алғыс хатымен» марапатталған. 2014 жылы және 2016 жылы облыстық «Ғасырлар үні» фольклорлық ансамбльдер фестивалінде ІІІ орынды иеленді.
«Алтын қазына» әжелер ансамблі
«Алтын қазына» әжелер ансамблі 2008 жылы Нарынқол ауылдық мәдениет үйі жанынан құрылған. Құрамы 12 адамнан тұрады, 2015 жылы ансамбль « Халықтық» атағын қорғаған. Ансамбль репертуарына ұлтымыздың тәрбиелік мәні зор, салт – дәстүрінен тереңінен сыр ашатын «Бастаңғы», «Тұсау кесер», «Тоқым қағар», «Көген түп» атты сахналық көріністерін көрсетуде. Сонымен бірге ұлтық өнерімізді насихаттауда – айтыс, өлең оқу, сөз шеберлігі, шешендік өнерді насихаттауда халқымыздың данагөйлері Төле, Қазыбек, Әйтеке билер мен Сырым, Асанқайғы, Бұқар жырау туындыларын халық арасына кеңінен насихаттап келеді.
«Кеген» Халық театры
Бүкілодақтық І, ІІ, ІІІ фестивалінің лауреаты «Кеген» Халық театры 1968 жылы құрылған. 1968 жылы Ұлы жазушы драматург М.Әуезовтың «Қарагөз», «Еңлік-Кебек» драмаларын қойып «Халық театры» деген құрметті атаққа ие болды.
1971 жылы Республикалық халық театрлар байқауында І дәрежелі дипломмен марапатталды.
1975 жылы «Таллин – 75» халықаралық Эстонияда І дәрежелі дипломмен марапатталды.
1977 жылы ІІ Бүкілодақтық театр фестивалінде драматург Оралхан Бөкеевтің «Құлыным менің» драмасын көрсетіп «Кіші алтын» медальге ие болды.
1987 жылы «Даладағы дүбір» спектаклін қойып Бүкілодақтық ІІІ фестивальдің лауреаты атанып «Үлкен алтын» медальмен марапатталды. Мәдениет министрлігі «Кубань» автобусын тарту етті.
1988 жылы Польшадағы «Зелоногор» қаласында І-ші дәрежелі дипломмен наградталып «Үлкен алтын» медальмен марапатталды.
1989 жылы Қарағанды қаласында өткен Бүкілодақтық халық театрлар фестивалінде лауреат атанып қайтты.
1997 жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында ұлы жазушы М.Әуезовтың 100 жылыдық мерейтойына арналған Алматы облыстық халық театрлар байқауында М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» спектаклін көрсетіп ең жоғарғы бас бәйгесін алды.
2002 жылы қараша айында облыс әкімі Шалбай Құлмақанов жоғары бағалап «ПАЗ» автобусын сыйлады. Халық театры осы уақытқа дейін үлкенді-кішілі 50 пьессаларды сахнаға қойды.
2013 жылы Кеген «Халық» театры Бикен Римованың 90 жылдығында жүлделі 2 орынды иеленді.
Облыс әкімінің дипломымен және арнайы кубокты ұтып алып, «Үздік театры» номинациясымен марапталды.
«Ақтолқын» фольклорлық Халық ансамблі
«Ақтолқын» фольклорлық ансамблі 1989 жылы құрылған. «Халықтық» атағын 2009 жылдың желтоқсан айында қорғады. Ансамбль құрамында – 15 адам.
Ансамбльдің жетістіктері:
– 1990 жылы Павлодар қаласында өткен Республикалық байқаудың дипломанты;
– 1991 жылы Қаскелен қаласында өткен Облыстық музыка мектептерінің байқауының 1-орын иегері;
– 1991 Шымкент қаласында өткен 26-шы Республикалық байқаудың лауреаты;
– 1993 жылы Алматы қаласында өткен Облыстық мұғалімдер байқауының лауреаты;
– 1994 жылы Алматы қаласында өткен Облыстық байқаудың лауреаты;
– 1996 жылы Алматы қаласында өткен Халықаралық «Айналайын» фестивалінің лауреаты;
– 2011 Алматы қаласында өткен «Ғұмырдария» байқаудың лауреаты;
– 2003,2006,2009,2012 жылдары Облыстық конкурстардың лауреаты.