Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

  • Сенім телефоны
  • 8 (72779) 220-06
  • Телефон доверия
МЕНЮМЕНЮ
Шаттыққа бөленді

Шаттыққа бөленді

Биылғы жыл аудан халқы үшін жақсылыққа, жаңалыққа толы жыл болды. Сол жақсы жаңалықтың ең маңыздысы-  ауданымыздың өз еншісін алып, жеке аудан болуы. Мінекей  жаңа жыл мерекесін жаңа аудан болып жаңашылдықпен бастап отырмыз.  Есігімізден еніп, төрімізден орын алатын жаңа жыл қуаныштары жер бетіндегі барша адамдар үшін ортақ мереке. Әсіресе оның балалар өмірінде алар орны тіптен бөлек.

Аудан орталығы Нарынқол ауылында «Білім бөлімі» КММ мен аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен денсаулығына байланысты үйден білім алатын балаларға, қамқоршысынан айырылған, жартылай жетім, тұрмыс жағдайы  төмен отбасының балаларына арналған аудан әкімінің жаңа жылдық шыршасы өтті.  Жаңа жылдық шырша мектеп оқушылары үшін өте қызықты және есте қаларлықтай деңгейде ұйымдастырылды. Аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлы мен білім бөлімінің басшысы Саят Үмбеталиев БАҚ өкілдерімен бірге ауданымыздағы ерекше күтімді қажет ететін, үйден білім алатын  балаларды аралап, тұрмыс тіршілігімен танысып шыққан болатын. Сол сапардың нәтижесінде жаңа жылдық шыршада  51 бүлдіршінге әдеби кітаптардың электронды нұсқас енгізілген планшеттерді аудан әкімі табыстап, өз құттықтауын жеткізді. Бал-бөбектердің жүздеріне қуаныш сезімін ұялатқан мереке Аяз ата мен Ақшақардың келуімен басталды. Қызылды-жасылды шамдары жар­қылдаған, әдемі безендірілген алып шыршаның маңына топтасқан балалар Аяз Атаны ерекше ықыласпен қарсы алды. Түрлі жаңа жылдық киімдерін киген балалар шырша айналасында ән айтып, түрлі ойындар ойнады. Оларға риза болған Аяз ата мен Ақшақар тәттілер таратып, оқушылармен бірге шыршаны айналып айналып ән салды, әуен ырғағымен  биледі. Көңілді топ Жаңа жыл «иесі» – Доңызды қошеметпен қарсы алды. Мерекенің бас кейіпкері  бүлдіршіндерді Жаңа жылмен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Айнаш Әлдибекова,

Нарынқол ауылы.

Закрыть меню