Официальный сайт акимата Райымбекского района Алматинской области

  • Сенім телефоны
  • 8 (72779) 220-06
  • Телефон доверия
MENUMENU

Умаров Жолан Ыбрайахынұлы

Райымбек ауданының әкімі

Нұрдавлетов Мәдени Нұрәділұлы

Райымбек ауданы бойынша әдеп жөніндегі уәкіл
Тел: 8 (72 779) 220-06

Видео

Наша лента в Instagram

  • Спорт – сенің серігің, жанға дауа, қолға күш

Ауданымызда қысқы спорт түрлерін дамыту қарқын алды. Оның ішінде шаңғы тебу спортына ерекше көңіл бөлінуде. Біз тұратын аймақ таулы, қар қалың түсетін болғандықтан шаңғы спортына өте қолайлы.  Кез-келген жастағы адамға шаңғы жарысы сергектік пен көтеріңкі көңіл күй сыйлайды. Бұл спорттың арқасында адам бойында төзімділік, қайраттылық, күш –жігер сияқты қасиеттер қалыптасады. 
Елбасымыздың қай бағдарламалық  мақаласын алып қарасақ та, спортқа  көп көңіл бөлетінін байқайсыздар. Расында дені сау ұрпақтан, батыр да намысты ұл-қыздар қалыптасып, елін жерін қорғайтын білімді болашақ тәрбиеленеді деп сенген болса, бүгінгі ауданымызда өткізіліп отырған шара сол сенімге селкеу түсірмеудің, дені сау қоғамды қалыптастыруда жасалынып жатқан игі бастамалардың бірегейі десек артық айтпаған болар едік. 
Айтулы жарыс сенбінің сәтті күнінде ауданымыздың қақпасы саналатын Сарыжаз ауылының аймағында өтті. Шаңғы жарысын өткізудегі мақсат – спорттың бұл түрін барынша насихаттап, шалғай өңірлердегі тұрғындардың қызығушылығын ояту, шаңғы спортын дамыту болмақ. Аудан болып, бой көтергелі көптеген спорттық-танымдық бағдарламалар аясында біраз спорттық шаралар өткені дүйім жұртқа аян. Айтулы шараларды ұйымдастырып жүрген денешынықтыру және спорт бөлімінің басшылары мен мамандарының ерен еңбектерін ерекше айтып өткен жөн. 
Бүгінгі шараның да өз деңгейінде әсерлі өтуіне мұрындық болған денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы Ербол Құлжабаевқа  көпшіліктің ықыласы ерекше болды. 
Спорттық шараға , аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Рауанқызы қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Сонымен қатар, аудандық «Хантәңірі» газетінің журналистерімен бірге ардагер спортшылар да жарыс алаңынан табылды. 
Ауданымыздың әр өңірінен 8 команда жасақталып, ерлер мен әйелдер арасындағы  жас ерекшеліктері бойынша бақ сынасты. Көз ілестірмей құлдиылдай сырғанаған шаңғышыларымыздың өнерін тамсана тамашалап, уақыттың қалай өткенін да байқамай қалдық.
Жарыс қортындысы бойынша , ерлер арасынан 18-23 жас аралығында Абай Мағжан бірінші болып мәре сызығын кессе, екінші Жайырбек Қуатбек, үшінші Айтақын Әсет сынды жігіттер жеңіске жетті.
  • Талдықорған қаласы Ілияс Жансүгіров атындағы мәдениет сарайында өткен "Жырлайды жүрек" XII облыстық әншілер байқауында Райымбек ауданының атынан дәстүрлі әнші Күмісбек Бауыржан қатысып, жүлделі III орынды йеленді.
#құттықтаймыз🎤
  • «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық партия филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы 
Бүгін  аудандық мәслихаттың мәжіліс залында, «Нұр Отан» партиясы Райымбек аудандық партия филиалының кезектен тыс ХХІV конференциясы өтті. Конференцияға Алматы облыстық  Саяси кеңесінің мүшесі, «Өлке тынысы» ЖШС директоры  Жанәділов Мейрам Базарұлы, аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Умаров Жолан Ыбрайахынұлы , аудандық мәслихат депутаттары, сайланған делегаттар, партияның белсенді активтері, аудандық атқарушы орган, мекеме және мемлекеттік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары, партияның «Жас Отан»ЖҚ өкілдері қатысты. Конференцияны аудан әкімі, аудандық партия филиалының төрағасы Ж.Ы.Умаров  жүргізді. Күн тәртібінде төрт мәселе қаралды. «Нұр Отан» партиясының 20 жылдығы». Жасампаздық және әлеуметтік даму кезеңі» туралы,  ҚР Президентінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Елбасының Жолдауын іске асыру барысы жайында, сондай –ақ, «Нұр Отан» партиясының 2030 жылға дейінгі Бағдарламасы жобасының негізгі ережелері  кеңінен талқыланып, баяндалды. 
Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының ХХІV кезектен тыс конференциясына аудандық партия филиалынан Ж.Ы.Умаров аудандық партия филиалының төрағасы, Г.Р. Арипова аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Т.Ж.Нүсіпқожаев Алматы облыстық Саяси кеңес мүшесі ретінде ұсынылды. 
Күн тәртібінде көтерілген  мәселелер толық қаралып, қаулылар қабылданып, «Нұр Отан» партиясы Алматы облыстық филиалының кезектен тыс ХХІV Конференциясына Райымбек аудандық партия филиалынан ұсынылған үш делегат бір ауыздан сайланды.
  • Instagram Image
  • Instagram Image
  • Қарасаз қара шалғын өлеңде өсіп, қазақтың күпі киген қара өлеңін, шекпен жауып, өзіне қайтарған ақиық ақынның бүгінгі 88 жылдық мерейтойына орай аудандық өнерпаздардың ұйымдастыруымен ақынның "Аққулар ұйықтағанда" поэмасынан театрландырылған көрініс қойып, көрерменді ән мен жырға бөледі.  Алғашқы сөзді аудан әкімі Ж. Умаров алып, жерлестерді айтулы мерекемен құттықтады. Келесі сөз кезегін алған "Мұқағалитанушы" Аманхан Әлім: "-Алдымызда үлкен мереке. Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы келе жатыр. Мынау  өзі ұлы ақынның өмірін еске алып, оны халыққа паш ету жергілікті елдің, сол ақын шыққан елдің міндеті, парызы. Мұқағали халықтың қамын ойлаған ақын, қара бастың қамы үшін бір шумақта өлең жазбаған, адал адам еді" -, деп естеліктерімен бөлісті. Өнерпаздарымыздың қойған әдеби-сазды кеші де көрерменді бей-жай қалдырмады. Тіпті, кейбірінің көңілі босап, көздеріне жас үйірілді. Осылайша ақынның туылған күні жоғарғы деңгейде аталып өтті. Бүкіл қазақтың мақтанышы "Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім"-, деп жырлаған ақиық ақынымыздың бізге қалдырған мұрасы мәңгі өлмейтіне сөзсіз! Мәңгі біздің  жадымызда!
  • Бүгін қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туылған күні. Ақынның туылған жері Қарасаз ауылында осы айтулы күн ерекше атап өтілді. Шыңы шашақты найзадан көкке шаншылған Хантәңірі баурайында дүниеге келіп, қазақ поэзиясының найзағай ақыны атанған ақжауын жырдың ақтаңгері Мұқағали Мақатаевтың 88 жылдық мерейтойында аудан әкімі Ж. Умаров Алматы қаласы, облыстан және ауданнан келген меймандармен бірге  алдымен ақын ауылындағы "Мұқағали ескерткішіне" гүл шоғын қойып, ақынның әдеби-мемориалды музейін аралады. Музейге кіре берістен ақын өлеңдерімен сусындаған жас таланттарды көріп, көңілдері марқая түсті. Музей ішін үш тілде таныстырып шыққан жас жеткіншектердің Мұқағали Мақатаевтың өнеріне, жауһар жырларына деген махаббаттары тыңдаушы жүрегіне жете білді. Алматы қаласынан арнайы келген Мұқағалитанушы "Мұқағали Мақатаев атындағы сыйлықтың иегері" Аманхан Әлім  музей ішін аралап, ақын өлеңдерінің бізге жетуіне себепші болған қаламын, үстіне киген киімдерін көріп, бір толғаныс күйге түсті.
  • Ауданымыздың жетістіктері мен жаңа жұмыс жоспарларының көрмесі таныстырылды.

ҚР мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Туы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Мемлекеттік органдардың веб-сайты

Закрыть меню