Басып шығару

Жоба Райымбек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы

вкл. .

Жоба

 ҚАУЛЫ

 

Райымбек ауданында стационарлық

емес сауда объектілерін орналастыру

орындарын бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы  Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңының 8, 12-баптарына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. Сауда қызметін реттеу үшін Райымбек ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін. 

         2. «Райымбек ауданының кәсіпкерлік бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы А.Оспановқа осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

         3. Осы  қаулының  орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары           Д.Құдабаевқа жүктелсін.

         4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                   Ж.Тажиев

 

 Қосымша

 

 

Райымбек ауданында стационарлық емес сауда объектілері

орналасқан жерлердің тізімі

 

  1. Кеген ауылдық округінің Кеген ауылы Райымбек көшесінің бойынан орталық базардың жанынан (көлемі 48 шаршы метр), Қайқы асуы Алматы – Кеген тас жолының бойынан (көлемі 168 шаршы метр).
  2. Ұзынбұлақ ауылдық округінің Ақсай ауылынан Солтанқұлов көшесіндегі Ақсай және Айгерім дүкендерінің ортасынан  (көлемі 1000 шаршы метр).
  3. Шырғанақ ауылдық округінің Шырғанақ ауылынан Т.Сегізбайұлы көшесі мен О.Дәуренова көшесінің қиылысынан (көлемі 72 шаршы метр).
  4. Шәлкөде ауылдық округінің Шәлкөде ауылынан Н.Исабаев көшесінен мәдениет үйінің жанынан (көлемі 450 шаршы метр).
  5. Қарабұлақ ауылдық округінің Ақай Нүсіпбеков ауылынан Матаев көшесінің бойынан (көлемі 200 шаршы метр), Қарабұлақ ауылынан Қ.Бөлтіріков көшесінің бойынан (көлемі 150 шаршы метр).
  6. Нарынқол ауылдық округінің Нарынқол ауылынан Н.Өмірзақов көшесі бойынан (көлемі 1000 шаршы метр).
  7. Жылысай ауылдық округінің Жылысай ауылынан М.Жарқынбасұлы көшесінің бойынан (көлемі 100 шаршы метр).
  8. Жалаңаш ауылдық округінің Жалаңаш ауылынан А.Жүнісов көшесінің бойынан (көлемі 108 шаршы метр).
  9. Қақпақ ауылдық округінің Қақпақ ауылынан Монай-Мұқан көшесінің бойынан (көлемі 300 шаршы метр), Көкбел ауылынан Ж.Жабаев көшесінің бойынан «Самал» дүкенінің жанынан (көлемі 1000 шаршы метр).

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg