Басып шығару

ЖОБА: Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

вкл. .

Жоба

 Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                            28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының                          23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, аудан әкімі

ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

         2. Райымбек ауданы әкімі аппаратының басшысы Талғат Садырұлы Даукеев осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының  Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

         3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Талғат Садырұлы Даукеевке жүктелсін.

         4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он кун өткен соң қолданысқа енгізіледі.

   

             Аудан әкімі                                                                Ж. Умаров

«КЕЛІСІЛДІ»

Райымбек аудандық сайлау комиссиясының төрағасы

 

 

Саретбаев Ғабит


 

Райымбек ауданы әкімінің 2018 жылғы «____» ________ айындағы  «Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» № _______шешіміне қосымша

 

       

 

Райымбек ауданындағы дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін құрылған сайлау учаскелері

 

      1. № 658 Сайлау учаскесі.     

      Орталығы: Нарынқол ауылы, Төле би көшесі № 44, Тельман Жанұзақов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Нарынқол ауылы, Жандосов көшесі: № 1-ден 51-ге дейінгі үйлер (тақ жағы), Төле би көшесі: № 1-ден 81-ге дейінгі үйлер, Албан Асан көшесі: № 1-ден 69-ге дейінгі үйлер, Райымбек көшесі: № 1-ден 52-ге дейінгі үйлер, Өмірзақов көшесі: № 1-ден 52-ге дейінгі үйлер, Ә. Молдағұлова көшесі: № 1-ден 29-ға дейінгі үйлер, Ш. Амиров көшесі: № 1-ден 20-ға дейінгі үйлер, Ы. Көшкінов көшесі: № 1-ден 22-ге дейінгі үйлер, Жамбыл көшесі: № 1-ден 26-ға дейінгі үйлер, Ұзақ көшесі: № 1-ден 27-ге дейінгі үйлер, Жәменке көшесі: № 1-ден 28-ге дейінгі үйлер, Т. Рысқұлов көшесі: № 1-ден 28-ге дейінгі үйлер, Амангелді көшесі: № 1-ден 25-ке дейінгі үйлер, Жанайұлы көшесі: № 1-ден 35-ке дейінгі үйлер, Б. Соқпақбаев көшесі: № 1-ден 28-ге дейінгі үйлер, Бекмұханбетов көшесі: № 1-ден 26-ға дейінгі үйлер, Есенаманов көшесі: № 1-ден 28-ге дейінгі үйлер, Ошақбаев көшесі: № 1-ден 28-ге дейінгі үйлер, Байбатыров көшесі: № 1-ден 13-ке дейінгі үйлер, Жылқайдаров көшесі: № 1-ден 28-ге дейінгі үйлер.

      2. № 659 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Нарынқол ауылы, Ұзақ көшесі № 35, Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Нарынқол ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі: № 31-ден 81-ге дейінгі үйлер (тақ жағы), Ш. Әміров көшесі: № 27-ден 65-ке дейінгі үйлер (тақ жағы), Ы. Көшкінов көшесі: № 24-тен 78-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Жамбыл көшесі: № 22-ден 80-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Ұзақ көшесі: № 28-ден 74-ке дейінгі үйлер (жұп жағы), Жәмеңке көшесі: № 30-дан 78-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Т. Рысқұлов көшесі: № 29-дан 84-ке дейінгі үйлер, Амангелді көшесі: № 26-дан 82-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Жанайұлы көшесі: № 36-дан 64-ке дейінгі үйлер (жұп жағы), Б. Соқпақбаев көшесі: № 28-ден 34-ке дейінгі үйлер (жұп жағы), Бекмуханбетов көшесі: № 28-ден 62-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Есенаманов көшесі: № 30-дан 77-ге дейінгі үйлер, Ошақбаев көшесі: № 29-дан 70-ке дейінгі үйлер, О. Жандосов көшесі: № 2-ден 54-ке дейінгі үйлер (жұп жағы), М. Мақатаев көшесі: № 1-ден 46-ға дейінгі үйлер, Ақбұлақ көшесі: № 2-ден 8-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Абай көшесі: № 1-ден 68-ге дейінгі үйлер, Мақашев көшесі: № 1-ден 29-ға дейінгі үйлер (тақ жағы), Байжүнісов көшесі: № 1-ден 44-ке дейінгі үйлер, Дембаев көшесі: № 1-ден 56-ға дейінгі үйлер, Айдаралиев көшесі: № 1-ден 5-ке дейінгі үйлер (тақ жағы), Тлесов көшесі: № 1-ден № 18-ге дейінгі үйлер.

      3. № 660 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Нарынқол ауылы, Абай көшесі № 100, Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен.

      Шекаралары: Нарынқол ауылы, Ә. Молдағұлова көшесі: № 30-дан 80-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), М. Мәметова көшесі: № 1-ден 40-қа дейінгі үйлер, Сауранбаев көшесі: № 1-ден 45-ке дейінгі үйлер, Әбдісүлейменов көшесі: № 1-ден 26-ға дейінгі үйлер, Жанұзақов көшесі: № 1-ден 18-ге дейінгі үйлер, Көдек Ақын көшесі: № 1-ден 12-ге дейінгі үйлер, Айтленов көшесі: № 1-ден 25-ке дейінгі үйлер, Үлкенбаев көшесі: № 1-ден 16-ға дейінгі үйлер, Дамбылов көшесі: № 1-ден 10-ға дейінгі үйлер, Албан Асан көшесі: № 70-тен 122-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Төле би көшесі: № 82-ден 112-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Жандосов көшесі: № 53-тен 107-ге дейінгі үйлер (тақ жағы), Мақатаев көшесі: № 47-ден 66-ға дейінгі үйлер, Абай көшесі: № 69-дан 112-ге дейінгі үйлер, Мақашев көшесі: № 30-дан 48-ге дейінгі үйлер (жұп жағы), Байжүнісов көшесі: № 45-тен № 67-ге дейінгі үйлер (тақ жағы), Дембаев көшесі: № 57-ден 79-ға дейінгі үйлер (тақ жағы), Байынқол көшесі: № 1-ден 7-ге дейінгі үйлер (тақ жағы), Сарыбаев көшесі: № 1-ден 12-ге дейінгі үйлер, Нарынқол көшесі: № 1-ден 14-ке дейінгі үйлер.

      4. № 661 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қостөбе ауылы, Орталық көшесі № 1, Ораз Жандосов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Қостөбе бастауыш мектебімен.

      Шекаралары: Қостөбе ауылы.

      5. № 662 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жамбыл ауылы, Сыбанқұл көшесі № 1, Сағат Әшімбаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Жамбыл ауылы.

      6. № 663 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қаратоған ауылы, Н. Өмірзақов көшесі № 41, Нұрбапа Өмірзақов атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Қаратоған ауылы.

      7. № 664 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Текес ауылы, Дембаев көшесі № 14, Қазыбек Шорманов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Текес ауылы.

      8. № 665 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Жаңа Текес ауылы, М. Әуезов көшесі № 15, Жаңа Текес негізгі мектебі.

      Шекарасы: Жаңа Текес ауылы.

      9. № 666 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Тегістік ауылы, Биеке көшесі № 18, Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Тегістік ауылы.

      10. № 667 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қақпақ ауылы, Жәменке көшесі № 17, Жаменке орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Қақпақ ауылы.

      11. № 668 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көкбел ауылы, Жамбыл көшесі № 3, Көксай орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Көкбел ауылы.

      12. № 669 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Сарыжаз ауылы, Жапар көшесі № 20, Сарыжаз орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен және Ақбейіт бастауыш мектебімен.

      Шекарасы: Сарыжаз ауылы.

      13. № 670 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Ақбейіт ауылы, Сарыжаз кәсіптік-техникалық колледжі.

      Шекарасы: Ақбейіт ауылы.

      14. № 671 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Көмірші ауылы, Көмірші орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Көмірші ауылы.

      15. № 672 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Шалкөде ауылы, Атагелдиев көшесі № 1, Шалкөде орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Шалкөде ауылы.

      16. № 673 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Талас ауылы, Мектеп көшесі № 1, Шоқан Уалиханов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Талас ауылы.

      17. № 674 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қарасаз ауылы, Ә. Дөненбаев көшесі № 10, Қарасаз ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекаралары: Қарасаз ауылы.

      18. № 675 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Тұзкөл ауылы, Сатылған көшесі № 11, Тәліп Мұсақұлов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Тұзкөл ауылы.

      19. № 676 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Сарыбастау ауылы, Нұрасыл көшесі № 26, Сұраншы Сауранбаев атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекарасы: Сарыбастау ауылы.

      20. № 677 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Сүмбе ауылы, М. Әуезов көшесі № 42, Абай атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Сүмбе ауылы.

   

  21. № 678 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қызылшекара ауылы, Бекдайыр көшесі № 10, Көдек Байшығанұлы атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен.

      Шекаралары: Қызылшекара ауылы.

      22. № 679 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Қайнар ауылы, Омар көшесі № 31, Қайнар ауылдық Мәдениет үйі.

      Шекаралары: Қайнар ауылы.

      23. № 690 сайлау учаскесі.

      Орталығы: Сүмбе ауылы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Шығыс" аймақтық басқармасының № 1 шекара жасағы.

      Шекаралары: "Өртенсай" шекара бекеті.

      24. № 691 сайлау учаскесі

      Орталығы: Сүмбе ауылы, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің "Шығыс" аймақтық басқармасының № 1 шекара жасағы.

      Шекаралары: "Ойқарағай" шекара бекеті.

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg