Басып шығару

Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы жаңа редакция

вкл. .

Жоба

 

 Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін   сайлау учаскелерін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы                            28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының                          23-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабының 2-тармағына сәйкес, Райымбек ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.

2. Райымбек ауданы әкімінің келесі шешімінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Райымбек ауданында дауыс беруді өткізу және дауыс санау үшін сайлау учаскелерін құру туралы» 2018 жылғы 13 қыркүйегінде                                           № 16 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде                                № 4845 тіркелген).

         3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Талғат Садырұлы Даукеевке жүктелсін.

         4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

           Аудан әкімі                                                                        Ж. Умаров

 

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg