Басып шығару

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы

вкл. .

        ЖОБА

 

 

 

 

 

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге

қатысатын азаматтарды көтермелеудің

түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға

ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау

туралы

 

 

                "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы

23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, "Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының  2 тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Райымбек  ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

       1. Райымбек  ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

      2. Райымбек  ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

        3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары

Нұрбол Сағатбекұлына  жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн  өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                           Ж.Умаров

        

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                     Райымбек  ауданы

                     әкiмдiгiнiң жылғы   
                    № __қаулысына 1-қосымша

       

Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі

 

      1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Райымбек ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

      2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы

27 қарашадағы № 641 бұйрығымен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде             № 3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

      3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды.

      4.  Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.

      5. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

      6. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

      1) Райымбек ауданының Құрмет грамотасы;

      2) ақшалай сыйақы;

      3) құнды сыйлық.

      7.  Полиция бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Райымбек  ауданы әкiмдiгiнiң
20__ жылғы 
№      қаулысына 2-қосымша

 

Райымбек  ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері

 

  1. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.
  2. Құны 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi  бағалы сыйлық.

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg