Басып шығару

ЖОБА Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекiту туралы

вкл. .

«Автомобиль көлiгi туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-тармағының 3-1) тармақшасына, «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 тіркелген) сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі

ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі осы қаулының 1- қосымшасына сәйкес бекiтілсін.

2. Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемалары осы қаулының 2, 3- қосымшаларына сәйкес бекiтілсін.

3. Райымбек ауданының әкімдігінің «Райымбек ауданының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртібі мен схемаларын бекiту туралы» 2017 жылғы 28 ақпандағы № 41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4168 тіркелген, 2017 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Сағатбекұлы Нұрболға жүктелсін.

5. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 Райымбек ауданының әкімі                         Ж. Умаров

 

Скачать приложения

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg