Басып шығару

ЖОБА Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы

вкл. .

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшері осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

 2. Райымбек ауданы әкімдігінің «Райымбек ауданы бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, ата-ананың ақы төлеу мөлшерін бекіту туралы» 2017 жылғы 04 сәуірдегі № 40 ( Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4169 тіркелген, 2017 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Нұрбол Сағатбекұлына жүктелсін.

4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі                          Ж. Умаров

 

Скачать приложение

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg