1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы

вкл. .

ЖОБА

 

Райымбек ауданының

әлеуметтік көмек көрсетудің,

оның мөлшерлерін белгілеудің

және мұқтаж азаматтардың

жекелеген санаттарының тізбесін

айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы


 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы            21 мамырдағы № 504 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Райымбек  аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидалары бекітілсін.

2. Райымбек аудандық мәслихатының 2016 жылғы 05 қыркүйектегі «Райымбек ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2016 жылдың 26 қыркүйегінде № 3967 тіркелген, аудандық «Хантәңірі» газетінде 2016 жылдың 08 қазанында № 37 жарияланған) № 8-51 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

3. Райымбек аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Зыкаев Халық Сансызбаевичке осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәлихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.

4. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Халықты әлеуметтік қорғау, еңбекпен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, тіл, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық бірлестіктермен жұмыс, бұқаралық ақпарат құралдары  жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.

5. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Райымбек аудандық                                         Райымбек аудандық

мәслихатының сессия төрағасы                    мәслихатының хатшысы

_______________                                           ______________ Е.Құдабаев