1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Райымбек ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының және біріңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

вкл. .

 Жоба 

Райымбек ауданы бойынша

пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы

мақсатындағы жерлерге жер салығының

және біріңғай жер салығының

мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

 Қазақстан Республикасының 25 желтоқсан 2017 жылы №120-VI қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті   төлемдер   туралы   (Салық  кодексі)»   Заңының   509-бабының 5- тармағына,  704- бабының 3- тармағына және«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

     1. Райымбек ауданы бойынша, Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Салық  Кодексінің  509 бабының 5 тармағы, 704 бабының 3 тармағы  бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге белгіленген жер салығының және біріңғай жер салығының базалық мөлшерлемесі  он  есеге жоғарлатылсын.

     2.  «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша  Е.Қоржынбаев) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың-ресурсында жариялау жүктелсін.

       3. Осы шешімнің орындалуына  бақылау жасау Райымбек аудандық  мәслихатының  «Өнеркәсіп, құрылыс, байланыс, көлік, коммуникация, энергетика, отын ресурстары және ауыл шаруашылығы, жер қатынастарын реттеу, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі» тұрақты   комиссиясына жүктелсін.

      4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

   Сессия төрағасы

 

  ________________ Б.Тілемісов

Аудандық мәслихат хатшысы

 

   _______________ Е.Құдабаев