1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Райымбек ауданы Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жүргізілетін жерлерді аймақтарға бөлу жобалары ( схемалары ) негізінде жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы

вкл. .

Жоба 

 Райымбек ауданы Қазақстан Республикасының

жер заңнамасына сәйкес  жүргізілетін  жерлерді

аймақтарға  бөлу  жобалары ( схемалары ) негізінде

жер салығының базалық   мөлшерлемелерін

жоғарылату туралы

Қазақстан Республикасының 25 желтоқсан 2017 жылы №120-VI қолданысқа енгізілген «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті   төлемдер   туралы   (Салық  кодексі)»   Заңының   510-бабының 1- тармағына және«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6- бабына сәйкес, Райымбек аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

       1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы салық  Кодексінің  504, 505 және 506 баптарында  белгіленген   жер  салығының  базалық мөлшерлемесі 50  пайызға  ұлғайтылсын.

       2. «Райымбек ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (келісім бойынша  Е.Қоржынбаев) осы шешімді әділет органдарында тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың-ресурсында жариялау жүктелсін.

        3. Осы шешімнің орындалуына  бақылау жасау Райымбек аудандық  мәслихатының  «Жергілікті  өзін- өзі  басқару, әлеуметтік және экономикалық даму, бюджет, халыққа  сауда,  тұрмыстық  қызмет  көрсету, шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамыту, туризм  жөніндегі»  тұрақты   комиссиясына жүктелсін.

        4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күн тізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

   Сессия төрағасы

 

  ________________ Б.Тилемисов

Аудандық мәслихат хатшысы

 

   _______________ Е.Құдабаев