1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Қазақстандық және ресейлік ғарышкерлер Алматы облысындағы Алакөл курорттық аймағына келді

вкл. .

Бұл шара Елбасының Алакөлді дамыту бойынша тапсырмасын орындау аясында курорттық аймаққа ішкі және ресейлік туристердің легін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың  22-24 маусым аралығында өткізіліп отыр.

 

Алакөлдің емдік қасиеті бар суы Кеңес одағы кезінде ғарыш сапарынан соң ғарышкерлердің медициналық қайта қалпына келтіруінің бірден бір кезеңі ретіне пайдаланылғаны белгілі.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы шақыруымен іс-шараға қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық қаһарманы, авиация генерал-лейтенанты, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Мұсабаев Талғат, кеңес ғарышкері, Кеңес одағының батыры Арцебарский Анатолий, Қазақстан және Ресей ғарышкері, полковник, Қазақстанның Халық қаһарманы және Ресей Федерациясының қаһарманы Маленченко Юрий, Ресей Федерациясының ғарышкері мен қаһарманы, заң ғылымдарының докторы, профессор Батурин Юрий қатысуда.

«Алакөл көлінің емдік қасиеті бар екендігі баршамызға белгілі. Ұшудан кейін ғарышкерлер іс жүзінде қалпына осы көлде келтіріледі. Шомылғаннан кейін, тамаша энергия алғанынды сезінесін. Енді қарапайым халыққа да  осы жерге келіп демалу қолжетімді болса екен деймін. Осы мәселені Мәдениет және спорт министрлігі алдында көтеремін», - дейді Талғат Мұсабаев.

Ертеде ғарышқа сапардан кейінгі қайта қалпына келтіру шаралары көлдің шығыс жағалауында өткізілгені белгілі. Бірақ, осы жолы Мәдениет және спорт министрлігі мен «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы Алматы облысының әкімдігі қолдауымен ғарыш ардагерлеріне көлдің оңтүстік жағалауын көрсетуді қолға алған.

Ғарышкерлердің бағдарламасы сауықтыру процедураларын, СПА және белсенді демалыс түрлерін қамтиды.

Ғарышкерлердің айтуынша шипажайлық-курорттық сауықтыру олардың кәсіби қызметін жалғастыру үшін қажетті және ғарыш сапарынан кейінгі қалпына келудің қорытынды кезеңі болып табылады.