Басып шығару

«Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің     
2014 жылғы 7 ақпандағы
 № 64 қаулысымен   
 бекітілген     

 1. Жалпы ережелер

      1. «Облыстық және аудандық маңызы бар, сондай-ақ елді мекендердегі жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет).
      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
      3. Мемлекеттік қызмет заңды және жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы), сәулет және қала құрылысы автомобиль жолдары саласында қызметті жүзеге асыратын облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары құрылымдық бөлімшелерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
      Министрліктің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО);
      «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) немесе «Е-лицензиялау» www.elicense.kz порталы арқылы жүзеге асырылады.

 

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

 

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
      1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге не ХҚО-ға құжаттардың топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға жүгінген сәттен бастап – 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
      2) құжаттардың топтамасын тапсыру үшін кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут;
      3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минут.
      5. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға рұқсат (бұдан әрі – рұқсат) немесе облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруға паспорт (бұдан әрі – паспорт).
      Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны – электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
      7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      8. Жұмыс кестесі:
      1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес 13.00-дан бастап 14.00-ға дейін түскі үзіліспен, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
      Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз, кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
      2) ХҚО - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
      Қабылдау және нәтижелерді беру жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» тәртіппен жүзеге асырылады, «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
      3) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:
      көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚО-ға:
      Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшада белгіленген нысан бойынша жазбаша өтініш;
      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі;
      3) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
      Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініш;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектіге құқық белгілейтін құжаттың не өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектілерін басқару органдарымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің күндізгі және түңгі бейнеленуін қамтитын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдер;
      4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).
      порталға:
      облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) түстік шешімі және өлшемдері бар объектінің эскизі – электрондық түрдегі құжат.
      Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру үшін:
      1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      2) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын жер учаскесіне немесе объектісіне құқық белгілейтін құжаттың не өтініш берушінің сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыруы ұсынылатын объектісінің меншік иесімен (меншік иелерімен), кондоминиум объектілерін басқару органдарымен немесе өзге де заттық құқықтарға ие адамдармен жасасқан сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі;
      3) сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру ұсынылатын объектінің күндізгі және түңгі бейнеленуін қамтитын эскиз, сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жұмыс етуін инженерлік қамтамасыз ету бойынша шешімдер – электрондық түрдегі құжат;
      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін портал арқылы немесе уәкілетті адамдардың ЭЦҚ-сымен куәландыратын электрондық құжат нысанында мемлекеттік қызметті көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі арқылы алады.
      Көрсетілетін қызметті беруші және ХҚО қызметкері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.
      Құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚО қызметкері түпнұсқаларды көшірмелерімен немесе электрондық түрдегі көшірмелерімен салыстырады, содан кейін түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.
      Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
      көрсетілетін қызметті берушіде – көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде құжаттардың топтамасын қабылдаған күн мен уақытын көрсете отырып, оның көшірмесіне қойылған белгі;
      ХҚО-да – мыналар:
      1) сұрау салуды қабылдау нөмірі мен күні;
      2) сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрі;
      3) қоса берілген құжаттардың саны мен атауы;
      4) құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      5) құжаттарды ресімдеуге өтініш қабылдаған көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының не ХҚО қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
      6) көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке тұлғалар үшін) немесе атауы (заңды тұлғалар үшін), байланыс деректері көрсетілген, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
      портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметтің нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
      Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады және мемлекеттік қызметті беруші басшысының мөрімен және қол қоюымен куәландырылады.
      Көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді ХҚО қызметкері қолхат негізінде және онда көрсетілген мерзімде «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы, жеке өзі келген кезде, қолын қойғызып және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну арқылы жүзеге асырады.
      Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке «кабинетіне» жолданады.
      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, орталық қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

 

3. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды
адамдарының, ХҚО және (немесе) оның қызметкерлерінің
мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі шешімдеріне,
әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

      11. Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану:
      шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің не облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тиісті жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – әкімдік) басшысының атына беріледі.
      Шағым жұмыс күндері почта не көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша нысанда қабылданады.
      Шағымды қабылдауды растау мемлекеттік қызметті көрсетушінің немесе әкімдіктің кеңсесінде шағымды қабылданған тұлғаның тегі мен аты-жөнін, берілген шағымға жауап алу мерзімі мен орнын көрсете отырып, оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыларды айқындау және тиісті шараларды қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе әкімдіктің басшысына жіберіледі.
      ХҚО қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым ХҚО-ның www.con.gov.kzинтернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар мен телефондар бойынша ХҚО басшысының атына түседі.
      Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін www.con.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекенжайлар бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуші, ХҚО басшысының атына беріледі.
      ХҚО кеңсесіне қолма-қол, сондай-ақ почта арқылы келіп түскен шағымды қабылдауды растау оны тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркеу күні шағымның екінші данасында немесе шағымға ілеспе хатта ұсынылады) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны анықтау және тиісті шараларды қабылдау үшін ХҚО басшысына жолданады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетушінің, ХҚО атына келіп түскен мемлекеттік қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жолдаған кезде көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті берушінің өтінішін өңдеу барысында жаңартылатын өтініш туралы ақпарат (жеткізу, тіркеу, орындау қарау туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) қолжетімді болады.
      Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады.
      Мемлекеттік қызметті көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағым тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.
      Шағымда:
      жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ мүмкіндігіне қарай әкесінің аты, почта мекенжайы;
      заңды тұлғаның - оның атауы, пошта мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі. Өтінішке мемлекеттік қызметті алушы қол қояды.
       12. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.

 

4. Мемлекеттік, оның ішінде электрондық нысанда қызмет
көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып, қойылатын өзге де
талаптар

 

      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайы «электрондық үкімет» веб-порталында: www.mtc.gov.kz («Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімшесінде) орналастырылған.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы қашықтықтан қатынау қолжетімділік режимінде мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі анықтама қызметтерінің байланыс телефондары: 8 (7172) 27-88-00. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы: 1414.

 

«Облыстық және аудандық маңызы бар,

сондай-ақ елді мекендердегі жалпы     
                                                                            пайдаланымдағы автомобиль жолдарының   
                                                                  бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)   
                                                                                 жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру»
                                                                            мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
 1-қосымша

 

_____________________________________________________
 (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)
_____________________________________________________
 (басшының Т.А.Ә.)                 
_____________________________________________________
 (жеке тұлғаның Т.А.Ә. не              
_____________________________________________________
 заңды тұлғаның толық атауы)            
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
 куәландыратын құжаттардың деректемелері,     
_____________________________________________________
 байланыс телефоны, мекенжайы)          

 

ӨТІНІШ

 

Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы пайдаланымдағы
автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі) жарнама
объектісін орналастыруға паспорт беруіңізді сұраймын.

 

Күні _______ Алушы __________________________________________________
                     (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
                   __________________________________________________
                          заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның
                   __________________________________________________
                                    атауы, қолы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 «Облыстық және аудандық маңызы бар,     
 сондай-ақ елді мекендердегі жалпы      
 пайдаланымдағы автомобиль жолдарының    
 бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)    
жарнама объектісін орналастыруға рұқсат беру»
 мемлекеттік қызмет стандартына       
 2-қосымша                 

 

_____________________________________________________
 (жергілікті атқарушы органның құрылымдық бөлімшесі)
_____________________________________________________
 (басшының Т.А.Ә.)                 
_____________________________________________________
 (жеке тұлғаның Т.А.Ә. немесе            
_____________________________________________________
 заңды тұлғаның толық атауы)            
_____________________________________________________
(жеке (ЖСН) немесе заңды (БСН) тұлғалардың жеке басын
_____________________________________________________
 куәландыратын құжаттардың деректемелері,     
_____________________________________________________
 байланыс телефоны, мекенжайы)           

 

ӨТІНІШ

 

Елді мекендерде сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін
орналастыруға рұқсат беруіңізді сұраймын.
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің түрі ___________________;
      Жарнама объектісінің ұзындығы ________________________________;
      Жарнама объектісінің ені _____________________________________;
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің болжамды орналасу
мекенжайы __________________________________________________________;
      Сыртқы (көрнекі) жарнама объектісін орналастыру орнын таңдауға
негіздеме ___________________________________________________________
_____________________________________________________________________
      Меншік құқығындағы немесе бір жылдан астам жалға берілген жер
учаскесі немесе объекті үшін:
      Кадастрлық нөмірі _____________________________________________
      Бір жылдан аз уақыт жалға берілген жер учаскесі немесе объекті
үшін:
      Жалға беру шартының нөмірі ____________________________________

 

Күні _______ Алушы __________________________________________________
                     (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты немесе
                   __________________________________________________
                          заңды тұлғаның не уәкілетті тұлғаның
                   __________________________________________________
                                     атауы, қолы)

 

 

 

 

 

 

«Облыстық және аудандық маңызы бар,
 сондай-ақ елді мекендердегі жалпы 
пайдаланымдағы автомобиль жолдарының
бөлінген белдеуінде сыртқы (көрнекі)
объектісін орналастыруға рұқсат беру»
 мемлекеттік қызмет стандартына  
 3-қосымша             

 

(көрсетілетін қызметті алушының Т.А.Ә.   
 не ұйымның атауы)                        
__________________________________________
(көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)

 

 

 

 

Құжаттардықабылдауданбастартутуралы
қолхат

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15
сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын
басшылыққа ала отырып, «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК
филиалының № __ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіз мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың
жиынтығын толық ұсынбауыңызға байланысты, мемлекеттік қызметті
көрсетуге (мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын көрсету) құжаттарды
қабылдаудан бас тартады:
      Жоқ құжаттардың атауы:
      1) ___________________________________________________________;
      2) ___________________________________________________________;
      3) ….
      Осы қолхат әр тарапқа бір бірден 2 данада жасалды.

 

Т.А.Ә. (орталық қызметкері)                                    (қолы)

 

Орындаушы: Т.А.Ә. ___________________________________________________
Телефон _____________________________________________________________
Қабылдады: Т.А.Ә./көрсетілетін қызметті алушының қолы

 

20__ жылғы «___» ________________