1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Сауда-саттықтың конкурстық нысаны, конкурсты өткізуге дайындық

вкл. .

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 мамырда № 10937 тіркелді

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабының 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидалары бекітілсін.
       2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
       2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
       3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Е.Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      инвестициялар және даму министрі
      _______________ Ә. Исекешев
      2015 жылғы 21 сәуір

  Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
 2015 жылғы 31 наурыздағы
 № 290 бұйрығымен     
 бекітілген        

   Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату
жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның
ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық экономика министрінің 25.12.2015 № 792 (01.07.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

   1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 48-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекет меншігіндегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) ұйымдастыру және өткізу тәртібін айқындайды.
      1-1. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің жекелеген нормаларының қолданысын және «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 2 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының қолданысқа енгізілуін тоқтата тұру туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 30 маусымдағы Заңы (бұдан әрі – Заң) нормаларының қолданылу кезеңінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына жеке меншікке сатуға рұқсат етілмейді.
      Ескерту. 1-тарау 1-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 18.10.2016 № 437 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1-2. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына (шетелдіктердің қатысуынсыз) шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын ұсыну тәртібі мен рәсімдері Заңда көзделген ережелер мен шектеулерді ескере отырып осы Қағидалардың 4, 5, 6 және 7-бөлімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

   4. Сауда-саттықтың конкурстық нысаны, конкурсты
өткізуге дайындық

      39. Конкурсты дайындау және өткізу үшін сатушы конкурстық комиссия құрады.
       Конкурстық комиссияның төрағасы және басқада мүшелері (жер қатынастары жөніндегі, сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері, ауыл шаруашылығы жөніндегі уәкілетті органдардың және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері) конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады.
      Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны кемінде бес адам болуға тиіс.
      40. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының әкімінің орынбасарынан төмен емес лауазымды тұлға конкурстық комиссияның төрағасы болып белгіленеді.
      Хатшы конкурстық комиссия мүшесі болып табылмайды.
      41. Сатушы конкурсқа шығарылатын сауда-саттық объектісінің конкурстық құжаттамасын қалыптастырады және бекітеді, ол:
       1) конкурс өткізу шарттары мен тәртібі туралы ақпаратты;
      2) сатып алу-сату шартының жобасын;
      3) жер учаскесін пайдалану шарттары бойынша өлшемшарттарды қамтиды.
      Конкурстық құжаттама үш өлшемшартты, оның ішінде инвестициялардың көлемі, құрылатын жұмыс орындарының саны, жерді қорғау, оларды ұтымды және тиімді пайдалану жөніндегі өлшемшартты қамтиды;
       4) сауда-саттық объектісін беру шарттары, оның нысаналы мақсаты мен бастапқы бағасы;
      5) жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу үшін қажетті мүдделі органдармен келісілген сәулет-жобалау тапсырмасы;
      6) қатысушылардың ұсыныстарын мәлімделген жер учаскесін пайдалану өлшемшарттары бойынша баллдық бағалау тәртібі қамтылады.
      42. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жарияланады.
      Конкурс өткізу туралы хабарламада мынадай мәліметтер:
      1) конкурсқа қатысу тәртібі;
      2) жер учаскесінің орналасқан орны, алаңы, нысаналы мақсаты;
      3) бастапқы бағасы;
      4) кепілдік жарнаның мөлшері мен енгізу тәртібі;
      5) қатысушылардың конверттерін ашу және конкурс қорытындыларын шығару жөніндегі конкурстық комиссияның отырысы өтетін күні, уақыты және орны;
      6) конкурсқа қатысуға өтінімдер берудің түпкілікті мерзімі;
      7) өтінімнің нысаны;
      8) жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) беру мерзімі.
      9) жер учаскесін пайдаланудың талаптары мен шарттары;
      10) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесін беру бойынша конкурс өткізген кезде осы Қағидалардың 74-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну талаптары қамтылады.
      43. Конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:
      1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім;
      2) сауда-саттыққа қатысушы кепілдік жарнаны «электрондық үкімет» төлем шлюзы арқылы төлеген жағдайды қоспағанда, кепілдік жарна енгізілгенін растайтын төлем құжаты;
      3) өкілдің өкілеттіліктерін куәландыратын құжат.
      Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады.
      Электрондық өтініш берілген жағдайда, осы тармақтың 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар, құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
      Жеке басты куәландыратын құжат, жеке кәсіпкерді субъектісі ретінде мемлекеттік тіркеу, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді ұйымдастырушы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзы арқылы алады.
      Шетелдіктер немесе шетелдік заңды тұлғалар қазақ және (немесе) орыс тілдерінде нотариалды куәландырылған аудармасы бар шетелдік паспорттың немесе құрылтай құжаттарының нотариалды расталған көшірмелерін ұсынады.
      Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалардың құжаттары, егер сауда-саттыққа шығарылатын объектілер Жер кодексіне сәйкес осы тұлғалардың жеке меншік құқығында немесе жалдау құқығында болу қарастырылған жағдайда, сауда-саттыққа қатысушы ретінде тіркелу үшін қабылданады.
      Конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, конкурстық комиссия жазбаша не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге бас тартудың себебін түсіндіріп, өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайды.
      44. Конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
       1) осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау;
      2) осы Қағидалардың 7, 8-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі.
      45. Конкурсқа қатысу үшін кепілдік жарна сауда-саттық объектісінің бастапқы бағасының бес пайызын құрайды, бірақ елу айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Бұл ретте, кепілдік жарна сауда-саттық объектілерінің әрқайсысы бойынша бөлек енгізіледі.
       46. Конкурста жеңген жағдайда қатысушының мынадай міндеттемелерін қамтамасыз ету кепілдік жарна болып табылады:
       1) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға қол қою;
      2) конкурс нәтижелері туралы хаттамаға сәйкес сатып алу-сату шартын жасасу;
      3) сатып алу-сату шарты бойынша міндеттемелерді орындау.
      47. Кепілдік жарна конкурсты енгізу туралы хабарламада белгіленген тәртіппен енгізіледі.
      48. Конкурсты жеңіп алған және сатып алу-сату шартын жасасқан тұлғаның кепілдік жарнасы тиесілі төлемдер шотына есептеледі.
       49. Сатушы кепілдік жарнаны мынадай жағдайларда:
       1) конкурсқа қатысушыларды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін оған қатысудан бас тартса;
       2) осы Қағидалардың 46-тармағында көзделген міндеттемелерді орындаудан бас тартқанда қайтармайды.
      Басқа жағдайлардың барлығында кепілдік жарналар осы қатысушының деректемелері көрсетіліп, кепілдік жарнаны қайтару туралы өтініш берген күннен бастап бес банктік күннен аспайтын мерзімде қайтарылады.

   5. Конкурсқа қатысу шарттары

        50. Конкурс өткізу туралы хабарландыруда белгіленген мерзімнен кешікпей конкурсқа қатысуға өтінімді ресімдеген және осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген міндетті құжаттардың тізбесін ұсынған жеке және заңды тұлғалар конкурсқа қатысуға жіберіледі.
      Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады.
       51. Конкурсқа қатысушылар конкурстық құжаттаманың көшірмесін қол қойып алады.
       52. Конкурсқа қатысуға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) береді.
      53. Конкурсқа қатысуға өтінім берген тұлғалар туралы мәліметтер жариялауға жатпайды.

   6. Конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын
(конкурстық өтінімдерін) қарау тәртібі

        54. Конкурс өткізу туралы хабарламада белгіленген уақытта конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың қатысуымен келіп түскен ұсыныстар (конкурстық өтінімі) бар конверттерді ашады, барлық белгіленген талаптардың сақталуын тексереді, қажетті мәліметтер мен құжаттардың болуын анықтайды, келіп түскен ұсыныстарды жария етеді.
       55. Қатысушы ұсынысты (конкурстық өтінімді) басып шығарады немесе өшірілмейтін сиямен жазады, тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті жеке тұлғалар үшін - қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшының (сенім білдірген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырылған түрде ұсынады.
       56. Ұсыныстарда (конкурстық өтінімде), қатысушы грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолақтар арасында ешқандай қойылымдар, өшіріліп жазулар немесе қосымша жазылған жазулар болмауы тиіс.
       57. Қатысушы конкурстық ұсынысты (конкурстық өтінімді) конвертке салып мөрлейді, онда мына деректер көрсетіледі:
       атауы және мекенжайы;
       конкурсты ұйымдастырушы және оның мекенжайы, сондай-ақ «____жылғы «__»___ _____сағатқа дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ» (нақты уақыты мен күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
       58. Ұсыныстар (конкурстық өтінім) ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) беру мерзімі аяқталғанға дейін ұйымдастырушыға қолма-қол немесе пошта арқылы табыс етіледі.
       59. Ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) табыс етудің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұйымдастырушы алған барлық ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) қабылдамайды, ашпайды және оларды қатысушыларға қайтарады.
       60. Ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін қатысушы өзінің ұсынысын (конкурстық өтінімін) өзгертеді немесе кері қайтарады. Өзгерістер ұсыныстың (конкурстық өтінімнің) әзірленуі сияқты дайындалады, мөрленеді және табыс етіледі. Мұндай өзгеріс немесе кері қайтарып алу туралы хабарлама, егер оны ұйымдастырушы ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін алған болса, жарамды болып табылады.
       61. Ұсыныстар (конкурстық өтінімдерді) беру мерзімі өткеннен кейін ұсыныстарға (конкурстық өтінімдерге) өзгерістер енгізуге рұқсат етілмейді.
       62. Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері өздерінің қатысып отырғанын растау үшін қатысушыларды тіркеу журналында тіркеледі.
       63. Конкурстық комиссия ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бар конверттерді ашқан кезде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атаулары мен мекенжайын, конкурстық өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпаратты, егер олар құжатпен көрсетілсе ұсынысты (конкурстық өтінімді) құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екені туралы хабарлайды.
      64. Ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бар конверттерді ашу рәсімі бойынша конкурстық комиссияның хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.
       65. Конкурстық комиссия ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді), олардың толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттарға қойылған барлық қолдардың бар екендігі тұрғысынан, сондай-ақ жалпы алғанда құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын зерделейді.
      66. Конкурстық комиссия конкурстық құжаттамамен белгіленген жер учаскесінің пайдаланудың мәлімделген өлшемшарттары бойынша қатысушылардың ұсыныстарын (конкурстық өтінімдерін) баллдық тәртіпке сәйкес бағалайды.
      Ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссияның қорытындысы шығарылады, оған конкурстық комиссия төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.
       Конкурстық комиссияның қорытындысында мынадай ақпарат көрсетіледі:
       1) конкурстық комиссия мүшелерінің тізімі;
      2) конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтер мен олардың ұсыныстары (конкурстық өтінімдері);
      3) қатысушылар ұсыныстарының (конкурстық өтінімдерінің) конкурстық құжаттамамен белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды;
      4) сауда-саттық объектісін сатып алу бағасы, жер учаскесін пайдаланудың қосымша шарттары туралы мәліметтер;
       5) конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын баллдық бағалау нәтижелері.
      Егер келіспеген жағдайда, конкурстық комиссияның мүшесі ерекше пікірін білдіреді, ол конкурстық комиссияның қорытындысына қоса беріледі.
      67. Сатушы конкурстық комиссия қорытындыға қол қойғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазын анықтайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған жеңімпаз және екінші сатып алушы қолдарын қояды.
      Хаттама сатушы, жеңімпаз және екінші сатып алушы үшін бір-бірден үш данада жасалады.
       68. Егер екі немесе одан көп қатысушылардың бағасы бойынша ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бірдей және ең жоғары болған жағдайда, жер учаскесін пайдаланудың ең қолайлы жағдай бойынша ұсынылған шарттар бойынша (конкурстық өтінімдер) жеңімпаз анықталады.
      69. Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурстың қорытындылары жарияланады.
      70. Хаттаманың негізінде жергілікті атқарушы орган конкурс аяқталғаннан кейін екі жұмыс күнінен кешіктірмей жер учаскесін беру немесе жер учаскесін жалдау құқығын беру туралы шешім қабылдайды және жеңімпазды сатып алу-сату шартын жасасу қажеттігі жөнінде хабардар етеді.
      71. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты жергілікті атқарушы органның шешім қабылдаған күнінен бастап бір жұмыс күн ішінде жасалады.
      Сатып алушы конкурстық ұсыныста мәлімделген жер учаскесін пайдалану бойынша шарттарды орындамаған жағдайда, оны бұзу шарттың міндетті талабы болып табылады.

   7. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер
учаскелеріне құқықты сауда-саттықта (аукционда, конкурста)
сатып алу ерекшеліктері

      72. Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелеріне құқықты сатып алу мынандай реттілікпен ерекше тәртіппен:
      1) жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы;
      2) жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын арттыру шартымен кемінде екі аукцион өткізу қорытындылары бойынша оны сату мүмкін болмаған кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын төмендету шартымен сауда-саттықтың аукциондық нысаны арқылы жүзеге асырылады.
      Бұл ретте, жер учаскесін оның кадастрлық (бағалау) құнынан елу пайыз мөлшерінен төмен бағамен сатуға жол берілмейді.
      73. Мемлекет меншігіндегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жалдау құқығы оралмандарға сауда-саттықтың конкурстық нысаны арқылы шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін және, шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен шетелдік заңды тұлғаларға, сондай-ақ жарғылық капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу пайыздан асатын заңды тұлғаларға тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жиырма бес жылға дейiнгі мерзімге беріледі.
      74. Осы Қағидалардың 52-тармағына сәйкес ұсынылатын жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі ұсыныстар (конкурстық өтінім) мыналарды қамтиды:
      заңды тұлғалар үшін:
      қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;
       кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;
      жеке тұлғалар үшін:
       қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;
      білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.
      Сауда-саттыққа қатысушының бағасы және жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсынысында (конкурстық өтінімінде) осы құжаттардың болмауы конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.
      75. Кез-келген қатысушы өз бастамасымен өндіріс көлемін және салықтық аударымдарды өсіруге, жер учаскесі орналасқан аумақта ауыл округінің әлеуметтік инфрақұрылымын қолдауға және дамытуға ықпал ететін қосымша міндеттемелерді өзіне алуы жөніндегі ұсыныстарды енгізеді. Мұндай ұсыныстардың болмауы ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) қабылдамау үшін негіздеме болып саналмайды.

 Ауылшаруашылық мақсатындағы жер учаскелерін беру бойынша конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің тізімі.

Өткізілетін мекен жайы, Алматы облысы, Райымбек ауданы Б.Момышұлы көшесі №9 үй

Өтетін уақыты 2017 жыл 18 қыркүйек күні

 

 

Жер учаске №

Жер учаскесінің қысқаша сипаттамасы

Көлемі га.

Жер учаскесінің орналасқан жері (ауылдық орталықтан орташа алыстығы)

Жалға алу мерзімі

1

жайылымдық

 

200

Мемлекеттік босалқы жер с. Кеген-24

20 жыл

2

жайылымдық

6       

Мемлекеттік босалқы жер с. Қарқара-15

20 жыл

3

суармалы егістік

10

Мемлекеттік босалқы жер.с Тегістік-5

20 жыл

4

жайылымдық

 

86

Мемлекеттік босалқы жер с Тегістік-6

20 жыл

5

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с. Сарыбастау-20

20 жыл

6

жайылымдық

250

Мемлекеттік босалқы жер с. Қарасаз-18

20 жыл

7

шабындық

30

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарасаз-17

20 жыл

8

жайылымдық

80

Мемлекеттік босалқы жер с.Жалаңаш-9

20 жыл

9

жайылымдық

135

Мемлекеттік босалқы жер с.Жылысай-14

20 жыл

10

жайылымдық

 

250

Мемлекеттік босалқы жер с.Жамбыл-8

20 жыл

11

шабындық

 

7

Мемлекеттік босалқы жер с Тұйық-6

20 жыл

12

жайылымдық

110

Мемлекеттік босалқы жер с.Сарыбастау-17

20 жыл

13

суармалы егістік

44

Мемлекеттік босалқы жер с.Жамбыл-4

20 жыл

14

жайылымдық

115

Мемлекеттік босалқы жер с. Қостөбе-8

20 жыл

15

суармалы егіс

 

6

Мемлекеттік босалқы жер с Қостөбе-6

20 жыл

16

жайылымдық

 

160

Мемлекеттік босалқы жер с. Ақсай-6

20 жыл

17

жайылымдық

 

70

Мемлекеттік босалқы жер с, Ақсай-7

20 жыл

18

жайылымдық

 

120

Ауданның жер қорынан с. Қарқара-12

20 жыл

19

жайылымдық

 

170

Мемлекеттік босалқы жер с. Шәлкөде-22

20 жыл

20

жайылымдық

 

200

Мемлекеттік босалқы жер с.Тегістік-12

20 жыл

21

суармалы егіс

 

1,50

Мемлекеттік босалқы жер с.Нарынқол-2

20 жыл

22

суармалы егіс

 

398

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-2

20 жыл

23

суармалы егіс

 

6

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-3

20 жыл

24

суармалы егіс

 

40

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-5

20 жыл

25

суармалы егіс

 

40

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-4

20 жыл

26

суармалы егіс

 

20

Мемлекеттік босалқы жер с. Шәлкөде-6

20 жыл

27

жайылымдық

17

Мемлекеттік босалқы жер с.Қақпақ-13

20 жыл

28

жайылымдық

 

235

Мемлекеттік босалқы жер с.Жалаңаш-20

20 жыл

 29

жайылымдық

 

10

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-2

20 жыл

30

суармалы егіс

 

20

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-3

20 жыл

31

жайылымдық

115

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарабұлақ-9

20 жыл

32

егістік

700

Мемлекеттік босалқы жер с.Жалаңаш-5

20 жыл

33

егістік

 

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Жалаңаш-4

20 жыл

34

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Қақпақ-11

20 жыл

35

суармалы егістік

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Қақпақ-3

20 жыл

36

жайылымдық

17

Мемлекеттік босалқы жер с.Саты-4

20 жыл

37

жайылымдық

300

Мемлекеттік босалқы жер с.Ұзынбұлақ-6

20 жыл

38

жайылымдық

1071

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-29

10 жыл

39

жайылымдық

229

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-27

20 жыл

40

жайылымдық

1700

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-27

10 жыл

41

суармалы егістік

20

Мемлекеттік босалқы жер с.Қайнар-4

20 жыл

42

жайылымдық

30

Мемлекеттік босалқы жер с.Талас-2

20 жыл

43

суармалы егістік

20

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-3

20 жыл

44

суармалы егістік

15

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-4

20 жыл

45

жайылымдық

87

Мемлекеттік босалқы жер с.Қақпақ-19

20 жыл

46

егістік

160

Мемлекеттік босалқы жер с.Текес-0,5

20 жыл

47

суармалы егістік

135

Мемлекеттік босалқы жер с.Текес-0,5

20 жыл

48

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Сарыжаз-10

20 жыл

49

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарқара-8

20 жыл

50

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарқара-7

20 жыл

51

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Тұзкөл-10

20 жыл

52

жайылымдық

130

Мемлекеттік босалқы жер с.Шәлкөде-5

20 жыл

53

жайылымдық

35

Мемлекеттік босалқы жер с.Тасашы-7

20 жыл

54

жайылымдық

116

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарасаз-11

20 жыл

55

егістік

20

Мемлекеттік босалқы жер с.Кеген-6

20 жыл

56

егістік

20

Мемлекеттік босалқы жер с.Сарыжаз-6

20 жыл

57

суармалы егістік

1

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарқара-3

20 жыл

58

суармалы егістік

3

Мемлекеттік босалқы жер с.Қарқара-4

20 жыл

59

жайылымдық

70

Мемлекеттік босалқы жер с.Сарыжаз-8

20 жыл

60

жайылымдық

100

Мемлекеттік босалқы жер с.Кеген-9

20 жыл

61

жайылымдық

127

Мемлекеттік босалқы жер с.Ұзынбұлақ-15

20 жыл

62

жайылымдық

17

Мемлекеттік босалқы жер с.Қайнар-12

20 жыл

 

 

 

                                                       Конкурсқа қатысу үшін керекті құжаттар

 

      заңды тұлғалар үшін:
      қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы;
       кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы;
      ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну;
      жеке тұлғалар үшін:
       қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну;
      білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны.
      Сауда-саттыққа қатысушының бағасы және жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсынысында (конкурстық өтінімінде) осы құжаттардың болмауы конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.