Басып шығару

Ережесі

Райымбек ауданының әкімдігінің

«Мәдениет және тілдерді дамыту                         

 бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

 Ережесін бекіту туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару  туралы»  2001 жылғы  23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасы Заңының  37 бабының  1-тармағына,  «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңына, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы  Қазақстан  Республикасы  Заңының  18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы  Президентінің Жарлығына сәйкес, Райымбек ауданының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Райымбек ауданының әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Райымбек ауданының әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Оқас Нұрмаман Төкенұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және  мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында  жариялау жүктелсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Тақабаев Олжас Маратұлына жүктелсін.

4.   Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                                                                    

 Аудан әкімінің міндетін

уақытша атқарушы                                         М.Нурдавлетов                                                                   

 


Райымбек ауданы әкімдігінің  2016 жылғы 1

қарашадағы Райымбек ауданының

әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы»

№319  қаулысымен бекітілген қосымша

                                                                                                                                 

Райымбек ауданының әкімдігінің  «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже

 

1. Жалпы ережелер

         1. Райымбек ауданының әкімдігінің  «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Райымбек ауданының аумағында мәдениет және тілдерді дамыту саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

         2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.

         3. Бөлім өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         4. Бөлім ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.  

         5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi.

         6.Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. 

         7.Бөлім өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актiлермен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

         8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

         9. Заңды тұлғаныңорналасқан жерi: индексі 041400, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Райымбек ауданы, Кеген ауылы, Б.Атыханұлы көшесі, № 15.

              10.Мемлекеттiк органның толық атауы - Райымбек ауданының әкімдігінің «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

         12. Бөлімніңқызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

         13. Бөлімгекәсiпкерлiк субъектiлерiмен Бөлімнің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

         Егер Бөлімге заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, онда осындай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

                   2. Мемлекеттiк органның миссиясы, негiзгi мiндеттерi, функциялары, құқықтары мен мiндеттерi

         14. Бөлімнің миссиясы: мәдениет және тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.

         15.Мiндеттерi:

         1) Қазақстан Республикасы халқының мәдениетін қайта түлетуге, сақтауға, дамытуға және таратуға бағытталған іс-шаралар ұйымдастыру;

         2) ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарына баулу арқылы азаматтарды отаншылдыққа және эстетикалық тәрбиелеуді ұйымдастыру;

         3) дарынды тұлғаларды қолдауды қамтамасыз ету;

         4) тілдерді оқып-үйрену мен дамыту үшін жағдайлар жасау.

         16. Функциялары:

          1) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі,        мәдени-демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарының қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асыру;

         2) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;

         3) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер және конкурстар өткізуді жүзеге асыру;

        4) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізу;

5) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша тапсырысшы болу;

6) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізу;

7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру болып табылады.

         17. Құқықтары мен мiндеттерi:

          1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты сұрату және алу;  

         2) өз құзыреті шегінде мәдениет саласындағы коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыру;

         3) Бөлімнің құзыретіне жататын аудан әкімінің, әкімдігінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын дайындау;

         4) Бөлімнің мүдделерін барлық құзыретті, мемлекеттік, әкімшілік органдарда, мекемелерде, ұйымдарда, сондай-ақ сот және құқық қорғау органдарында білдіру;

         5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде басқа да құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.

 

 3. Мемлекеттiк органның қызметiн ұйымдастыру

      18. Бөлімге басшылықты Бөлімгежүктелген мiндеттердiң орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      19. Бөлімнің бірінші басшысын Райымбек ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.

      20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасары жоқ.

      21. Бөлімнің бірінші басшысының өкiлеттiгi:

      1) Бөлім қызметкерлерінің міндеттері мен өкiлеттiктерiн өз құзыреті шегінде анықтайды;

      2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;

      3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;

     4) өз құзыреті шегінде Бөлімнің қызметкерлері, Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің директорлары орындауға міндетті бұйрықтар, нұсқаулықтар шығарады;

     5) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;

     6) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;

       7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.  

4. Мемлекеттiк органның мүлкi

     22. Бөлімнің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкi болу мүмкiн.

Бөлімнің мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстердi коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

     23. Бөлімге бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

     24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Бөлім,өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 5. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

       25.Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

         Бөлімнің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесі:

      1) «Райымбек ауданы әкімінің аудандық Мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны;

      2) «Райымбек аудандық  кітапхана»  мәдениет мемлекеттік мекемесі.