Басып шығару

Балабақшалар

вкл. .

Очередность в детские сады


 

Аудандық "Балбөбек" балалар бақшасы

 Директоры
Өмірәлиева Сара

Адресі: с.Кеген, Б.Момышұлы көшесі, 16 
Үй, жұмыс тел: 8 (72777) 2-13-02, 8 (72777) 2-13-02

Аты-жөні Туған күні, жылы Қызметі, осы жұмыста
қай жылдан істейді
Білімі, мамандығы Пед. стажы
1. Өмірәлиева Сара Өміралиқызы 26.06.1950 Меңгеруші, 10.09.1991 Жоғары, КазПИ, 1973 34
2. Бекаева Зеку Ақбұлаққызы 07.03.1950 Тәрбиеші, 26.06.1972 Арн.орта, каск.пед.уч, 1971 36
3. Құныпияева Күлсімхан 05.09.1957 Әдіскер, 18.10.1979 ҚПИ, 2006 28
4. Жақсылықова Гүлзипа Мәлібекқызы 20.05.1954 Тәрбиеші, 11.04.1997 Арн.орта, каск.пед.уч., 1987 12
5. Жүнісова Баклан Абдімамышқызы 30.09.1970 Тәрбиеші, 01.10.04 Арн.орта, каск.пед.уч., 1989 3
6. Құланшиева Гүлмира Аманбайқызы 28.05.1971 Тәрбиеші, 01.09.05 Жоғары, Қаз ҰПУ, 2005 13
7. Жалтаңбаева Нұрбақыт 04.07.1967 Тәрбиеші, 20.10.86 Арн.орта, Панфилов пед.уч, 1986 16
8. Қыдырбаева Гүлнафис 05.03.1955 Тәрбиеші, 01.10.04 Арн.орта, каск.пед.уч., 1992 10
9. Ысқақбек Әсем Ысқақбекқызы 22.09.1980 Тәрбиеші, 06.01.05 Жоғары, ҚПИ, 2001 2
10. Бабылова Гүлмира Кәдіртайқызы 01.09.1982 Тәрбиеші, 01.09.05 ҚМҚПИ, 2004 2
11. Сүйербаева Нұргүл Тұрсынәліқызы 03.07.1975 Тәрбиеші, 21.08.06 Арн.орта, «Қазнұр», Педколледжі 1
12. Сейсебаева Айгүл Дүйсенбекқызы 08.03.1970 Тәрбиеші, 22.09.06 Каск.м.а.у., ҚҚПУ, 1990 1
13. Әбдірахманов Құрманғали Смайылұлы 25.12.1960 Ән-әуен жетекшісі, 04.09.00 Арн.орта, каск мәдени ағарту уч., 1983 24

 

“Балбөбек” балабақшасы туралы анықтама

“Балбөбек” бала бақшасы 1966 жылы 2 топ болып ашылып, жаңа ғимараты 1977 жылы 6 топ 140 балаға арналып салынып пайдалануға берілген. 2004 жылында 2 топ ашылып барлығы 4 топта 126 бала тәрбиеленуде.

Ауданы 1248,2 м/кв, бөлмелер саны 41, педагог кадрлар саны – 12, жоғары білімдісі – 4, арнаулы орта – 8, жоғары санатты тәрбиеші – 1, І санатты – 4, ІІ санатты – 1. Оқу ісінің үздігі – 1, Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің құрмет грамотасы – 2.

Бақша пайдалануға берілгеннен бері күрделі жөндеуден өтпеді.Әр оқу жылында ұжым мүшелерінің күшімен жай жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпы білім беру стандартыныа сай мектепке дейінгі тәрбие мен оқудың негізгі ережелеріне басшылыққа алып жұмыс жүргізілуде.

Бақша тәрбиелеу мен оқыту жұмысы 1997-1998 оқу жылынан бастап қазақ балабақшасына арналған “Балбөбек” бағдарламасымен жұмыс атқарады.

Тәрбие жұмысын халықтық педагогикаға сәйкес ұйымдастырып, әр топта ұлттық бұрыштар жасалып, оның материалдары сабақта пайдаланады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 22 қараша 1999 жылға “Балаларды міндетті мектепалды даярлау мәселелері туралы” қаулысына сай 2000 жылдан, бері арнайы мектепалды даярлық тобы болмаса да 1 сыныпқа 10-15 бала даярланды, ал 2005 жылы арнайы топта 20 бала мектепке жіберілді.

Бақшада балалар тамағы үшін жалпы ата-аналар жиналысының қаулысымен барлық жеңілдіктер алынып тасталынып күнделікті 80-100 теңге болып бекітіліп төленуде, 2005 жылы тамаққа 1824 теңге түседі деп жоспарланған, одан түскені 1255,4 теңге.

Бақшада картоп, сәбіз, қызылша, пияз, капуста т.б.көкеніс түрлері беріледі. Ет, сүт, жыл бойы үзіліссіз болады. Нан заводы жоқ болғандықтан өзіміздің шағын пешінен күнделікті нан пісіріліп беріледі. Тамақ ассортименті түрлендіріліп беріледі. Себебі азық-түлік түрлерімен толық қамтамасыз етілген.

Бақшаға қабылдау кезек арқылы жүргізіледі 2005 жылы 106 бала кезекте тұрса, оның 64 қабылданды. Аз қамтылған жанұядан 10 бала жүреді, оларға көмек көрсетуге бақша мүмкінщілігі жоқ.

Бақша бағдарламаға сай жасалынған жылдық жоспарымен жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі кезеңде білім беру мазмұнын анықтау мақсатында және тәжірбиелік зерттеу нәтижесінде әр баланың мінез-құлқын қалыптастыруда “имандылық тәрбие” сабағы көп жылдан бері жүргізіліп келеді. Олар: “Адамдық – асыл мұрат”, “Жер байлығы – ел байлығы”, ”Келші,келші балашым”, “Ақ дастархан”, “Бабалар өмірі – ұрпаққа өнеге” тақырыптар жиынтығы бойынша сабақтар өткізіліп адамгершілік мінез әрекеттері қалыптастырылады.

Сәбилік шағынан бастап тазалық, әдептілік, ізеттілік, мейірімділік рухына баулып жағымды мінез-құлық әрекеттерінің қарапайым негіздерін баланың бойына сіңіріп, ойына ұялату жүргізілуде. Еліне, жеріне сүйіспеншілікке баулап, ұлттық мінез-құлықты қалыптастыру және басқа ұлтқа бауыр, достыққа тәрбиелеуде “Имандылық-инабаттық күні” өткізіліп балалар үлкендермен ілтипатты қарым-қатынас жасауды үйренеді. Бақша ұжымы мен отбасы арасында байланыс нығайды. Дене тәрбиесі сабағында қазақтың ұлттық қимыл ойындарының қозғалыстары бала денесін шынықтыруға тигізетін әсері үнемі бақылауда болып тәжірбие жинақталады және 4 топта жүйелі жасалынып отырады. Нәтижесінде балалардың денелері дұрыс қалыптасуда. Өмірде, іс-әрекет барысында белсенділік, ептілік, төзімділік, шапшаңдық т.б.қасиеттер қалыптасуда.

Дене шынықтыру, денсаулықты сақтау, салауатты өмір салты шараларына балалардың қызығушылығы артуда. Қазақстан Республикасы Білім министрлігінің 13.01.1998 жылғы “Мектепке дейінгі мекемелерде балалардың өмірі мен денсаулығын қорғау” жөніндегі нұсқауы жүйелі орындалуда.

Жоспарлы түрде сабақтар; ертеңгіліктер, мейрамдар өткізіледі, жылдың төрт мезгілінде туған балалардың туған күндері салтанатты түрде аталып өтілуі дәстүрге айналған. “Наурыз – көктем мерекесі”, “Қыз сыны”, “Жігіт сұлтаны” т.б. мейрамдар, атаулы күндерге арналған ертеңгіліктер, сауықтыру күндері өткізіледі.

Бағдарламаға сай төмендегі сабақтар сериялары өткізілуде:

1. Қазақстан Республикам менің;
2. Өскенде мен кім болам;
3. Адамгершілік, Отан сүйгіштік тәрбиесі;
4. Өнер – көзі халықта;
5. Ұлттық ойындар дүние таным құралы.

Тәрбиеші Әмірбекованың имандылық-инабаттылық тәрбиесі; Құныпияеваның жолда жүру ережелері; Бекаеваның ұлттық ойындар туралы тәжірбиелері жинақталған. Екі тәрбиеші даярлық курсынан өтіп келді. Арнайы әдістемелік бөлме жабдықталған, іс-тәжірбие жинақталған.

Жас ата-аналарға кеңестер, пікірлесулер ұйымдастырылып, барлық ата-аналармен нақты жұмыстар жүргізілуде.
Бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып ұжым мүшелері оқу-тәрбие жұмысын бағдарламаға сай жүргізуде.