1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Назар аударыңыз
  • Lack of access rights - File '/images/gallereya/2/IMG_6969.jpg'
  • Lack of access rights - File '/images/gallereya/2/IMG_6969.jpg'
Басып шығару

Райымбек ауданында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған«Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні» шеңбері бастау алды

вкл. .

Алматы облысы, Райымбек ауданының орталығы - Кеген ауылының аудандық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған«Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні»  шеңберінің басталуына арналғансалтанатты жиын болып өтті.

 Аталған шараға басқарма басшылары, бөлім басшылары қызметкерлерімен, ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі, ҮЕҰ өкілдері, Жас Отан жастар қанатының мүшелері және жергілікті БАҚ өкілдері барлығы - 250 адам қатынасты.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 10 минуттық бейнефильм көрсетілді. Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды. Аудан әкімінің орынбасары Т. Байедилов аудан халқын Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерекесімен аудан әкімдігі атынан құттықтап сөз сөйледі. Білім саласының, денсаулық саласының, ауылшаруашылығы саласының 30 жылдан астам еңбек етіп келе жатқан мамандары және тәуелсіздіктің 25 жылдығының төлқұрдасы аудан тұрғындарына арнап, жүректерінен шыққан жылы лебіздерін білдірді.

Райымбек ауданының 80 мыңнан астам халқы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні»  шеңберінің аясында басталған шараны бірауыздан құптап, облыс әкімдігі басшыларына өз ризашылықьарын білдірді.

Соңы аудандық көркемөнерпаздардың концерттік бағдарламасымен аяқталды.