Басып шығару

Райымбек ауданының әкімі Ж. Тажиевтің 2016 жылы атқарған жұмыстарының есебі және 2017 жылы алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы.

вкл. .

Қадірменді  көпшілік!  

Слайд

График

      Биылғы жыл біз үшін атаулы жыл, еліміздің тәуелсіздігіне 25 жыл толды. Сонымен қатар «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындаудың тәжірибелік кезеңі басталды.

       Елбасы атап өткендей, «осы жоспардың 5 реформасы біздің Қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда 30 көшбасшы ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.

     2016 жылдың 29 шілдесінде ауданда  Қазақстан  Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай  өткен «Тарихқа  тағзым» атты мәдени-көпшілік шара облыстық деңгейде атап өтілді.

        Аудандағы  2016 жылғы атқарылған жұмыстар мен 2017 жылы қолға алынатын жұмыстар жайлы  салалар бойынша тоқталып өтуіме рұқсат етіңіздер. 

 Өнеркәсіп

         Ауданда  өнеркәсіп саласында 2016 жылы 17 млрд. 320 млн теңгенің өнімі өндірілді  (2015 жылы   14 млрд 707 млн. теңге). Орындалуы 117,7 пайыз. Нақты көлем индексі  110,2 пайызға орындалды. Оның ішінде;

- 1 млрд 236 млн. теңгеге кен  өндірілді (2015 жылы  779,2 млн. теңге), орындалуы 158,6 пайыз.  Нақты көлем индексі  102,3 пайызға;

- Өңдеу өнеркәсібінде (үй шаруашылығындағы өңдеу өнеркәсібі)

5 млрд 272 млн. теңгенің өнімі өндірілді, ( 2015 жылы 5 млрд 696  млн. теңге). Орындалуы 92,5 пайыз. Нақты көлем индексі  83,1 пайызға;

- 10 млрд. 777 млн теңгегеэлектр энергиясы  өндірілді (2015 жылы  8 млрд. 202 млн. теңге), орындалуы 131,4 пайыз. Нақты көлем индексі 130,3 пайызға;

- 34,1 млн. теңгеге жерасты суы өндіріліп, (2015 жылы 29,1млн. теңге). Орындалуы 117,2 пайыз болды. Нақты көлем индексі  84,7 пайызға орындалды.

     2017 жылы өнеркәсіп өнімдерін өндіру 15 млрд 606 млн теңге мөлшерінде болады.

     2017-2020 жылдар аралығында «Қарқара сода» ЖШС-гі арқылы жобалық құны 20 млрд. доллар тұратын кальциленген сода, каустикалық сода және натри сульфатын өндіретін зауыт салынбақшы. Зауыт іске қосылғанда 1000  адам жұмыспен қамтылатын болады.

Бюджет

     Аудан  бойынша салық түсімдерінің 2016 жылға болжамы 1701,0 млн. теңге болса, ол 1772,4 млн. теңге болып, 104,2 пайызға орындалды.Оның ішінде:

     - Республикалық бюджеттің болжамы 617,0 млн теңге болса, ол 649,0 млн теңгеге орындалып 105,2 пайызды құрады.  

     - Облыстық бюджеттің болжамы 849,1 млн теңге болса, ол 872,1 млн теңгеге орындалып 102,7 пайызды құрады.

  - Аудандық бюджеттің болжамы 234,8  млн теңге болса, ол 251,1 млн. теңгеге орындалып 107,0 пайызға орындалды.

     Аудандағы мүлікті жария ету комиссиясына, осы мерзімге дейін  250 өтініш қаралып 187 тұрғын үйге 628,7 млн теңгеге, 63 коммерциялық нысандарға 409,4 млн теңгеге оң шешім беріліп, мүліктері жария етілді. Жария етілген мүлік 1038,1 млн теңгені құрады.

    2016 жылы аудан  бюджетінің  шығысы жағының жоспары 9 млрд 346 млн. теңге болса, ол 9 млрд 327 млн. теңгеге игеріліп, орындалуы  99,7 пайызға орындалды.  

Инвестиция

     Ауданда 5 млрд. 737 млн теңге инвестиция тартылып, нақты көлем индексі 110,6 пайызға орындалды. (2015 жылы  4 млрд 972 млн теңге).

Оның ішінде:

Республикалық бюджеттен –783,0  млн.теңге; ( 2015 жылы 70,9   млн. теңге)

-Жергілікті  бюджеттен –  1848,1 млн.  тенге ; ( 2015 жылы 978,0  млн. теңге)

-Мекемелер мен тұрғындар  қаржысы есебінен –  2351,1 млн. теңге; ( 2015 жылы 2736,1   млн. теңге)

- Банк несиесі – 16,7 млн теңге. ( 2015 жылы 1239,3 млн. теңге )

- Қарыздық қаражат –738,3 млн теңге. (2015 жылы 947,7 млн. теңге)

      2017 жылға инвестиция тарту  5 млрд.  175 млн теңгеге жоспарланды. 

 

Ауылшаруашылығы 

         2016 жылы   36 млрд 492 млн теңгенің ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, (2015 ж. 34  млрд. 113 млн теңге).  нақты көлем индексі 103,0 пайызға орындалды.

        ( 2016 жылдың жоспары 29 млрд 155 млн теңге)

      2016 жылы ауданда 65692 га  ауылшаруашылық жерлері пайдалануда.  Оның ішінде; 16188 га  дәнді дақыл, картоп 8100 га, көкөніс 531 га, көпжылдық шөп 40873 га.

       2017 жылы егістік жердің көлемі 65712 гектарға жеткізіледі.  Оның ішінде;

    16313 га дәнді дақыл, 8120 га картоп, 531 га көкөніс, 40748 га көпжылдық шөп.

      Себілген  16188 га күздік және жаздық дәнді дақылдан  (гектарына 20,0 центнерден) барлығы 32376 тонна дәнді дақыл алынды. Отырғызылған 8100 га картоптан (гектарына 185,0 центнерден) барлығы 149850 тонна картоп, 531 га көкөністен (гектарына 250,7 центнерден) 13312 тонна өнім жиналды.

     Ауданда 3787 ауыл шаруашылық субъектілері бар,оның ішінде 124 заңды тұлға, 3663 шаруа қожалықтары.

   2016 жылы ауданда 2 ауыл шаруашылығы кооперативтері құрылды. Олар: Жаланаш аймағынан «Көлбастау» кооперативі егін шаруашылығы бойынша, Нарынқол аймағынан «Хан Тәңірі» кооперативі картоп өсірумен айналысады.

       Минералды тыңайтқыштар, гербицид сатып алған 11 шаруа қожалығына 47,2 млн теңге,көктемгі дала жұмыстарына жұмсалған жанар- жағар майды арзандатуға 105 шаруа қожалығына 54,5 млн теңге субсидия төленді.    

         Ауданда 32177 гектар суармалы егістік жер бар,оның ішінде мемлекеттік жүйе  «Көльсайирригация» арқылы  20050 га жер, жалпы ұзындығы 158 шақырым болатын 9 шаруашылық  аралық каналдар арқылы суғарылады.

        Ал ішкі шаруашылық каналдар арқылы 12127 га жер суғарылады.   

     Иесіз қалған ішкі шаруашылық каналдарын құжаттандыруға бөлінген 45,0 млн теңгеге 26 мемлекеттік акт, 32 техниқалық паспорт жасалынып, қаражат толық игерілді.

       2016 жылы  80,1 млн теңгеге « Ақбұлақ» каналына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

      Биылғы жылы пайдаланылмай жатқан 22608 га жер телімі анықталып, Алматы облысының  жердің пайдалануымен қорғалуын қадағалау басқармасы тарапынан шара қолданылып, кәзіргі уақытта мемлекет меншігіне қайтарып алу жұмыстары жүргізілуде..     

     Жыл басынан   аудан бойынша  11728 га ауыл шаруашылық жерлері мемлекет иелігіне қайтарылды. ( өз еркімен – 11413 га, сот шешімімен -315 га).

Мал басы: Ірі қара 99318 бас, (2015 ж. 96560  бас), жылқы 59943 бас, (2015 ж. 59528  бас),  қой-ешкі 429522 басқа жетті. (2015 ж. 424313  бас)

    2016 жылы тірі салмақта 28712 тонна ет (2015 ж. 26970 тонна), 37395 тонна сиыр сүті өндірілді. (2015 ж. 35551  тонна).

     Биыл 6 жанұялы товарлы сүт фермасы  құрылып, 12 адам жұмыспен қамтылды.

      4 жан ұялық бордақылау алаңы ашылып,  8 адам жұмыспен қамтылды.

      Сол сияқты 50 басқа товарлы сүт фермасын ашу жоспарланып, бүгінгі күнге «Кең дала» шаруа қожалығы сүтті бағыттағы 50 бас сиыр малын сатып алып, мал базын жөндеуден өткізді, қажетті қондырғылары орнатылды.

         Ауданда 2015-2016 жылдар  аралығында  шаруа қожалықтарында 175 бас асыл тұқымды етті бағытындағы бұқалар сатып алынды.

     «Ірі қара малы етінің экспорттық әлеуетін арттыру» бағдарламасы бойынша 78 шаруа  қожалығы  4995  бас аналықты етті бағыттағы асыл тұқымды бұқалармен шағылыстырып, селекциялық жұмыс жүргізуде.

         Оның ішінде  64 шаруа қожалығына 96,4 млн теңге субсидия төленді.

          46 шаруа қожалығына  86 бас  асыл тұқымды бұқа сатып алғаны үшін 13,2 млн теңге, 24 шаруа қожалығына 101,0 тонна биязы жүн өндіргені үшін 13,2 млн теңге, қымыз өндірген 2 шаруа қожалығына 1,8 млн теңге, қой етін өндірген 3 шаруа қожалығына 10,2 млн теңге, сиыр етін өндірген 1 жауапкерлігі шектеулі серіктестікке 12,2 млн теңге субсидия төленді.

         «Сыбаға» бағдарламасы бойынша ( жоспар 200 бас ірі қара) 4 шаруа қожалығы 193 бас ірі қара малын сатып алып, жоспар 96,5 пайызға орындалды.

         «Алтын асық» бағдарламасы бойынша ( жоспар 1300 бас қой)   6 шаруа қожалығы 1892 бас  қой   сатып алып,  жоспар 145,5 пайызға орындалды.

        «Құлан» бағдарламасы бойынша (жылдық жоспар 300 бас  жылқы). 6 шаруа қожалығы  249 бас жылқы сатып алып,    жоспар 83,0 пайызға орындалды.

       «Агробизнес -2020» бағдарламасы бойынша  Бөлексаз ауылынан 3000 бас ірі қара малын бордақылау алаңының құрылыс жұмыстары  аяқталып, кәзіргі уақытта 1500 бас ірі қара малы бордақылануда.

     2017 жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша Бөлексаз ауылына -4,0 млн теңге, Тегістік ауылына -4,0 млн теңге, Сарыбастау ауылына– 4,3 млн теңге, Тасашы ауылына – 4,0 млн теңге, барлығы 16,3 млн теңгеге мал қорымдары салынатын болады.

 

 Білім   

       Ауданда  40 орта, 5 негізгі орта, 9  бастауыш мектеп,  барлығы-54 мектеп  жұмыс істейді.

     2016 жылы 34 орта мектептен 512 оқушы мектеп бітіріп. Олардың 357-і ҰБТ-ге қатысып, (қатысу пайызы-69,7 пайыз).  ауданның ортақ баллы 77,8 пайызды құрады, (облыстық көрсеткіш-80 балл). 3 оқушы халықаралық ғылыми жоба байқауларынан жүлделі орындарға ие болып ҰБТ тапсырудан босатылды.

    Есепті мерзімде   0-6 жас аралығында 7980 бала есепте тұрады. 0-3 жас аралығында -3694,  3-6 жас аралығындағы-4286 баланың 1355-і  38 мектепке дейінгі шағын орталықтарда, 1260 -ы мектеп алды даярлық сыныптарында,  балабақшаларда -965-і  тәрбиеленеді.  

          Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту көрсеткіші 87,0 пайызды құрады. (2015 жылы 81,1 пайыз).

2017 жылға баларды мектепке дейінгі тәрбиемен  қамту жоспары  88,0 пайыз болады деп жоспарланды.

Осы жылы Тасашы орта мектеп жанындағы интернатына 143,3 млн теңге,  Б.Соқпақбаев атындағы орта мектебіне 214,0 млн теңге, Шалкөде орта мектебінің спорт залының сейсмо күшейту жұмысына 30,0 млн теңге бөлініп, күрделі жөндеу жұмыстары, Ереуіл бастауыш мектебінің шатырына 2,1 млн теңгеге  ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.

2017 жылға Шәлкөде орта мектебін кұрделі жөндеуге 277,6 млн теңге, Ы. Көшкінов атындағы орта мектептің шатырын кұрделі жөндеу жұмыстарына 25,2 млн теңге, мультимедиалық кабинет сатып алуға 56,0 млн теңге, жылу қазандықтарын ауыстыруға 8,7 млн теңге қаралды.

М. Мақатаев (10,0 млн теңге), І Жұмағұлов (13,4 млн теңге) атындағы орта мектептердің кұрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жобалық сметалық құжаттарын дайындауға 23,4 млн теңге бөлінді.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша  № 3 Кеген орта мектебі, Қақпақ (Жәмеңке атындағы орта мектеп), Қызылшекара (К. Байшығанұлы атындағы орта мектеп) орта мектептеріне 12,0 млн теңгеге спорт алаңдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

       

Денсаулық  сақтау

Аудан  тұрғындарына 1 аудандық орталық аурухана, 1 аудандық аурухана, 3 ауылдық аурухана, 20 дәрігерлік амбулатория және 21 медициналық пункт қызмет көрсетеді. Оларда 108  дәрігер,  513  орта  буын  медицина қызметкерлері  жұмыс  істейді.

   2016 жылы ауданға 10 дәрігер медициналық университетте болатын жәрмеңке арқылы жұмысқа орналасты.

    2016 жылы аурулардың тамағына 16,5 млн теңге қаралып, 1 науқасқа 439 теңгенің тамағы берілді.

    Дәрі-дәрмекке 137,5 млн теңге қаралып, 1 науқасқа 1339 теңгенің дәрісі жұмсалды.

     Тегін дәрі – дәрмекке 95,2 млн теңге қаралды.

  2016 жылыауданда 1194 сәби дүниеге келді,  (2015 ж. 1368 сәби).

 Аудан бойынша 2016 жылы 15 -сәби шетінеген ( 2015 ж. 17 сәби),  

  Жұқпалы аурулардан 25 –туберкуллез (2015ж. 24 туберкуллез) , 4- бруцеллез (2015 ж. 8- бруцеллез), 32 -ОКИ (жедел ішек инфекциясы) (2015 ж. 55 - Оки),  54 –Вет оспа болды, (2015 ж. 15 – Вет оспа). Денсаулық саласына мемлекеттен жылма – жыл қомақты қаржы бөлінгенімен, сәби өлімі, жұқпалы аурулар  ауданда әліде болса азаймай отыр.  Денсаулық салаларының басшылары ( Кеген, Нарынқол) алдағы уақытта сәби өлімін, жұқпалы аурулардың азайуына жұмыс жасаулары керек. 

    Скринингтік тексеруден өткізуге жоспарланған 20749 адамдар толығымен тексеруден өткізілді.

    Мақсатты топтарды профилактикалық тексеруден өткізу сапасын жақсарту мақсатында консультативтік - диагностикалық кабинеттер қайта жасақталды.  ЭКГ аппараттары алынды.  Мамандар қайта даярлықтан өткізілді.

    2016 жылы Көксай дәрігерлік  амбулаториясына 30,8 млн теңгеге кұрделі жөндеу жұмысы жүргізіліп аяқталды.

    2016 жылы 26,8 млн теңгеге 2 – і санитарлық автокөлік алынды. (Кеген -1 автокөлік 13,4 млн теңге, Нарынқол -1 автокөлік 13,4 млн теңге).

    Сарыжаз ауылынан бір күнде 50 адам қабылдайтын дәрігерлік емхананың құрылысына 2016 жылға 21,0 млн теңге қаржы бөлініп құрылыс  жұмыстары жүргізілді.   2017 жылы құрылыс жұмыстары (168,0 млн.т.) жалғасып, пайдалануға беріледі.         

 

                  Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  

   

     2016 жылы 32 отбасындағы 187 адамға 4506,7 мың теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек,  971 отбасындағы  3603  балаға 72031,2  мың теңге он сегіз жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 353 отбасына 13197,2 мың теңге тұрғын үй көмегі төленді.

    Аудан бойынша 2016 жылы мүмкіндігі шектеулі мүгедек азаматтарға 37- протез-ортопедиялық, 22- сурдотехникалық, 2- тифлотехникалық құралдар, 18 кресло-қораптар беріліп, 66 мүгедек міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз етілді.

     Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен оларға теңестірілгендерге және жеке оңалту бағдарламалары бар мүгедектерге санаторлық-курорттық емделуге 50 жолдама берілді.

Сондай-ақ, 2- жалғыз басты қарт пен 1- мүгедек азамат қарттар үйіне,     1- мүгедек азамат психоневрологиялық интернат үйіне орналастырылды.

     2017 жылы 18 жасқа дейіңгі балардың мемлекеттік жәрдем ақысына 82,5 млн теңге, үйден  тәрбиеленіп оқытылатын мүгедек балаларды материалдық қамтамасыз етуге 3,8 млн теңге, мұқтаж азаматтарға үйде әлеуметтік көмек көрсетуге 52,8 млн теңге,       «Өрлеу» жобасы бойынша келісілген қаржылай көмекті енгізуге 24,7 млн теңге қаржы бөлінеді.

        «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша   22  маманға 3,3 млн  теңге көтерме ақы төленді оның ішінде: денсаулық саласы бойынша – 9 маманға, білім саласы бойынша – 7 маманға, ветеринария саласы бойынша – 5 маманға, мәдениет саласына -1 маманға. Үй сатып алуға бюджеттік несие 14 маманға 44,5 млн теңге берілді оның ішінде: денсаулық саласы бойынша -9 маманға, білім саласына -3 маманға, ветеринария саласы бойынша – 2 маманға.

     2017 жылға  «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша  28 маманға 4,4 млн теңге көтерме жәрдем ақы алуға, 14 маманға 47,6 млн теңге бюджеттік несие беру жоспарланды.                             

І. «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша Нарынқол ауылындағы Б. Соқпақбаев атындағы орта мектепті күрделі жөндеуден өткізуге 50 адам, Көкбел ауылындағы дәрігерлік амбулоторияны күрделі жөндеуден өткізуге 7 адам. Көкбел, Тұзкөл, Ақбейіт, Жаңа Текес ауылдарының су жүйесін ағымдағы жөндеуден өткізуге, Кеген, Шыбышы, Сарыбастау, Кұрметі, Сүмбе,Тегістік, Ұзынбұлақ ауылдарының көшелерін орташа жөндеуден өткізуге, Кеген, Жалаулы, Тұйық ауылдарының абаттандыру және көше жарықтандыру жұмыстарына 38 адам, барлығы 95 адам уақытша жұмысқа тартылды.  

 II Бағдарламаның екінші бағыты бойынша 65 адамға жеке ісін ашуға немесе кеңейтуге 187,0 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

  2017 жылға 75 адамға 309,0 млн. теңге шағын несие беру жоспарланды.

 ІІІ. Бағдарламаның үшінші бағыты бойынша 2016 жылы әлеуметтік жұмыс орындарына 35 адамды ақпан айынан жіберу жоспарланып, 39 адам жіберілді. Келісімшарт мерзімі аяқталғаннан кейін, барлығы тұрақты жұмысқа орналастырылды.

       2017 жылы әлеуметтік жұмыс орнына 40 адам жіберу жоспарланды.

          Жастар тәжірибесіне 60 адам жіберу жоспарланып, 106 адам мамандықтарына сәйкес аудандағы  әр саладағы мекеме, кәсіпорындарға жіберілді. Олардан  65 - адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

         2017 жылы 65 адамды жастар тәжірибесіне жіберу жоспарланды.

370 адамды  қоғамдық жұмыстарға жіберу жоспарланып, жыл аяғына дейін  390 адам қоғамдық жұмысқа тартылды.

          2017 жылы 370 адамды қоғамдық жұмысқа тарту жоспарланды.

           Ауданда  677 жаңа жұмыс орындарын ашу  жоспарланып, 684 жаңа жұмыс орыны ашылып, 101,0 пайызға орындалды.

          2017 жылы 689 жаңа жұмыс орындарын ашу жоспарланды.

         Кешенді даму жоспары бойынша 1466 адамды жұмыспен қамту шараларына тарту жоспарланып, 1732 адам жұмыспен қамту шараларына тартылды.

           Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығына 916 адам жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, олардың  519  -ы уақытша және тұрақты жұмысқа орналастырылды.

      Ауданда 21500 адам өзін- өзі жұмыспен қамтығандар. Өзін –өзі жұмыспен қамтушыларды азайту мақсатында жұмыспен қамтудың белсенді шараларына  895 адам тартылып, оның 65 адамына  187 млн теңге шағын несие берілді. Кәсіптік даярлауға 50 адам, мемлекеттік бағдарламалар бойынша  іске асырылған жобаларға 168 адам жұмысқа тартылса, 606 адам мекеме –кәсіпорындарға тұрақты  жұмысқа орналастырылды.

     2017 жылы аудандағы өзін – өзі жұмыспен қамтығандарды азайту мақсатында, 75 адамға 300,0 млн теңге шағын несие беруге, 100 адамды кәсіптік даярлауға жіберуге, 800 адамды жұмысқа тартуға жоспарланды.

 

                                Шағын және орта бизнес

 

      Ауданда 5083  шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп олардың 4594–і нақты жұмыс істеуде. Оның ішінде 130 заңды тұлға,  801  жеке кәсіпкер,  3663 шаруа қожалықтары. Оларда 17664 адам жұмыспен қамтылған.       

2016 жылы шағын және орта кәспкерлік субъектілерінен 2 млрд. 270 млн. теңгенің қызметі көрсетіліп, 213,6  млн. теңгенің салығы  бюджетке төленді.Ол жергілікті бюджеттің 21,2 пайызын құрады.

      2017 жылға шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 2 млрд 235 млн теңгеге қызмет көрсетіп, 260 млн теңгенің салығын төлеу жоспарлануда. Ол жергілікті бюджеттің 22,0 пайызын құрайтын болады.

172 жеке кәсіпкер тіркеліп, 220 адам тұрақты жұмыспен  қамтылды.         

2016 жылы  шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша 68 жаңа жұмыс орны ашылып 114 адам жұмыспен қамтылды.

 Биылғы жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жаңа кәсіп ашу үшін қайтарымсыз негізде берілетін мемлекеттік грантқа ауданнан 14 жоба қатысып 5 жоба 7,5 млн теңге ұтып алды. Олар; Кеген ауылдық округінен 3 жоба, Жалаңаш ауылдық округінен -1 жоба, Жамбыл ауылдық округінен -1 жоба. (2015 жылы 4 жоба 6,0 млн теңге грантқа ие болды. Олар: Нарынқол ауылынан 2 жоба, Кеген ауылынан 2 жоба.)

   Бөлшек тауар айналымы 6 млрд 257 млн теңгеге орындалып нақты көлем индексі 103,1 пайыз болды. (2015 жылы 5 млрд 146 млн теңге).     

   

Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы және  тұрғын үй  инспекциясы 

      2016 жылы «Ақбұлақ», «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламалары бойынша барлығы 690,7 млн теңгеге ауыз су жүйелеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды. Оның ішінде;

   «Ақбулақ» бағдарламасы бойынша 656,1 млн теңгеге  Нарынқол (383,0 млн теңге), Тоғызбұлақ (155,9 млн теңге), Көкпияз (92,4 млн теңге), Ереуіл (24,8 млн теңге) ауылдарының ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және құрылыстарын салу жұмыстары толығымен аяқталды.

          «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 34,6 млн теңгеге  Көкбел (4,4 млн теңге), Тузкөл (10,4 млн теңге), Ақбейіт (8,8 млн теңге), Жаңа – Текес (11,0 млн теңге)  ауылдарының ауыз су жүйлерінің жөндеу жұмыстары аяқталды.

   7,6 млн теңгеге  Жалаулы (3,8 млн теңге), Тұйық (3,8 млн теңге), ауылдарының көше жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізіліп,  6,9 млн теңгеге  Кеген ауылындағы қоқыс тастайтын орынды жою жұмыстары толығымен орындалды.  

      2017 жылы елді мекендерді ауыз сумен жабдықтау бойынша Қаратоған (8,1 млн теңге), Сарыжаз (269,6 млн теңге), Тасашы (75,0 млн теңге), Көмірші (141,1 млн теңге), Қостөбе (71,8 млн  теңге) ауылдарына барлығы 565,6 млн теңгеге  ауыз су жүйелерін қайта жаңғырту және құрылыстарын салу жұмыстары жүргізіледі.

     Нарынқол ауылының  көшелеріне жарық шамдарын орнатуға 20,0 млн теңге қаржы қаралды.

      « Өңірлерді» дамыту бағдарламасы бойынша  40,0 млн теңгеге Жалаңаш  ауылының ауыз су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.

                                                

     Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары    

     Аудан аумағында 274 шақырым республикалық маңызы бар,  537 шақырым облыстық маңызы бар, 507 шақырым ауыл ішіндегі жолдар, барлығы 1318 шақырым жол бар.

          Аудандағы облыстық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдары бойынша орташа және ағымдағы жөндеуден өткізуге  891,7 млн теңге бөлініп толығымен игерілді.

   Оның ішінде; Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарына  35,0 млн. теңгеге  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

     248,6 млн теңгеге  Қарқара-Ереуіл  жолы  (10 шақырым)  күрделі жөндеуден өткізілді. 

         «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 75,7 млн теңгеге Қайнар, Ереуіл ауылдарының ішкі көшелеріне  ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

      393,4 млн теңгеге Нарынқол ауылының ішкі көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, аяқталды.

        «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 139,0 млн теңгеге 8 елді мекендердің көшелерін орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.  

2017 жылы  Сумбе (71,0 млн теңге), Кеген ( 110,0 млн теңге), Ұзынбұлақ ( 46,0 млн теңге)  ауылдарының көше жолдарын ағымдағы жөндеу жұмыстарына 227,0 млн теңге қаралды. Елді мекендердегі жолдардың қысқы күтіміне 15,0 млн теңге, елді мекендердің көше жолдарының паспорттарын жасауға 15,4 млн теңге бөлінді.   

 Облыстық маңызы бар Нарынқол – Сумбе 0 -37 шақырым, жолын  орташа жөндеуге 325,2 млн теңге қаржы қаралды.  

Облыстық маңызы бар жолдарға ағымдағы жөндеуге  85,0 млн теңге қаралды. Оның ішінде ; Жолдарды қысқы және жазғы күтіп ұстауға 39,0 млн теңге.  Жылысай – Кеңсу жолдарын 0-30 шақырымын ағымдағы жөндеуге  41,0 млн теңге, жол белгілерін орнатуға 5,0 млн теңге бөлінетін болады.

Сонымен қатар Республикалық маңызы бар жолдарға оның ішінде Жалаңаш жолының  0-21 шақырымына (591,0 млн теңге),  Жалаңаш – Көлсай жолының  43-78 шақырымына (1,0 млрд теңге),  Кеген - Нарынқол 0-49 шақырымына (365,0 млн теңге), барлығы 1956,0 млн теңгеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.              

Құрылыс

      2016 жылы  2703,5 млн теңгеге құрылыс жұмыстары атқарылып, нақты көлем индексі 137,5 пайызға орындалды. (2015 жылы  1885,0 млн теңге).

     Ауданда жеке тұргындардың есебінен 6400 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп нақты көлем индексі 100,1 пайызға орындалды. ( 2015 жылы 6400 шаршы метр).     

      2016 жылы Сарыжаз ауылындағы 600 орындық мектептің құрылысына 922,3 млн теңге қаржы бөлініп, ол толығымен игерілді.

      Кеген ауылынан салынатын  36 жеке тұрғын үйдің инфрақұрылымының  құрылысын  жүргізіуге 71,0 млн.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілді.

       Кеген ауылындағы спорттық  сауықтыру кешенінің құрылыс жұмысына 10,0 млн. теңге бөлініп, ол толығымен игерілді.

     2017 жылы ауданда құрылыс монтаж жұмыстарын жүргізуге 1157,5 млн теңге қаржы бөлінді. Оның ішінде;  Сарыжаздағы 600 орындық мектепке 519,2 млн теңге, Кеген аулындағы  спорт кешенінің құрылысына 550,0 млн теңге, Кеген ауылындағы 36 жеке тұрғын үйдің инфрақұрылымының  құрылысын  жүргізіуге 3,6 млн теңге,   Саты ауылынан салынатын полиция пунктмен біріктірілген тұрғын үйдің құрылысына 20,1 млн. теңге, Кеген ауылына (22,1 млн теңге), Саты ауылына, (22,6 млн теңге), Сүмбе ауылына (19,8 млн теңгеге) салынатын ветпунктімен біріктірілген тұрғын үйдің құрылысына 64,6 млн. теңге, Нарынқолдағы балалар мен жасөспірімдердің спорт алаңын жасауға 19,7 млн теңге қаралды. Сонымен қатар Жамбыл, Қақпақ ауылдарынан 25 адамды қабылдауға арналған дәрігерлік амбулаторияның құрылысына жсқ-н жасатуды аяқтауға 454 мың теңге бөлінеді.

 2016 жылыЖалаңаш, Шәлкөде, Шырғанақ, Ұзынбұлақ, Сарыбастау, Сарыжаз, Сүмбе,  Талас, Текес, Тегістік, Тоғызбұлақ, Қайнар барлығы 12 ауылға бас жоспар нақты жайғастыру жобасымен бірге жасату үшін 156,5 млн. теңгеге қаражат бөлініп жұмыс толығымен орындалды.

 

                                           Мәдениет                           

             Аудандық «Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты 23 мәдениет ошағы, 12 кітапхана, 2 мұражай жұмыс істейді. 23 мәдениет ошағының 18-і мәдениет үйлері, 5-уі ауылдық клубтар.      

     2016 жылы Кеген ауылындағы  мәдениет үйіне 61,9 млн . теңгеге  күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Мәдениет үйлерінің материалдық техникалық базасын нығайтуға 30,6 млн.теңге,әртүрлі мәдени шараларға 7,2 млн. теңге бөлініп, жұмыстар толық атқарылды. 2 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсетілді. 2017 жылы 2,2 млн. теңгеге ақылы қызметтер көрсету жоспарланды. Соттың шешімімен жабылған Ұзынбұлақ, Шәлкөде, Тасашы, Тегістік ауылдарындағы мәдениет үйлерінің күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ – н дайындауға, Алғабас ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізуге, Қақпақ ауылының мәдениет үйінің күрделі жөндеу жұмыстарына жасалған ЖСҚ –ң мерзімі өткендіктен, кайта ЖСҚ –н жасатуға, Аудандық кітапхананың жаңа құрылысына ЖСҚ –н дайындауға облыстан қаржы сұралуда.

 

  Ішкі саясат

          Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының, 25 жылда жеткен табыстары мен жетістіктері жөнінде облыстық Жетісу телеарнасының арнайы дайындаған 22 минуттық фильм әзірленіп, ү.ж. 12 желтоқсанында 25 жылдыққа арналған салтанатты жиында аудан тұрғындарына көрсетілді.

          Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған «Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күні» шеңберінде  аудандық шаралар кең көлемде аталып өтті. Атап айтсақ:Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Отбасы - Отанның ошағы» атты аудандық әйелдер форумы, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!» атты аудандық жастар фестивалі, ауылшаруашылығы қызметкерлерінің мерекесіне арналған аудандық жәрмеңке, «Тәуелсіздік – елімнің ерлік жолы» атты жас ақындардың аудандық жыр-мүшәйрасы, «Қазақ күресінен» аудан біріншілігі, Мақатаев атындағы әдеби – мемориалды музейінің 25 жылдығы т.б. түрлі деңгейдегі шаралар аталып өтті

       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, аудандық «Хантәңірі» газетінде – 40 жуық, «Райымбек» газетінде түрлі тақырыптарда 50-ге жуық мақала жарияланды. 

       «Нұр Отан» партиясының аудандық  филиалының өкілдері ауданда өткізілген барлық мәдени шаралар мен кәсіптік мерекелерге ауданның «Ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесімен бірлесіп, белсене атсалысып келеді. Партия  филалының төрағасы аудан әкімі. Партияның 25 бастауыш ұйымдарында 5000 мүшесі бар.           

«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабына сәйкес (18 қазан 2011 жыл) үстіміздегі жылы аудандық ақпараттық насихаттық түсіндіру тобының іс-шаралар жоспарына сәйкес, барлығы – 27 шара, іс-шаралар жоспарынан тыс, ҰҚК Райымбек аудандық бөлімінің хатына байланысты аудан бойынша әр түрлі форматта 21 кездесу өтті.

Ауданда жыл бойы – 48 шара өткізілді. Оған барлығы – 3500- ден астам адам қамтылып, аудандық БАҚ-та әр-түрлі тақырыптарда 19 мақала жарияланды.

 

 Спорт және туризм

       Қазақстан дамыуының Стратегиялық жоспарында Елбасы Н. Ә. Назарбаев 2020  жылға қарай республикамызда дене  шынықтырумен шұғылданатын халықтың пайыздық көрсеткішін деңгейі 30 пайызға жету туралы нақты тапсырды.

     2016 жылы  аудандағы спортпен шұғылданатын адамдар саны 21453 – ке жетті яғни аудандағы жалпы халық санының 27 пайызын құрады. ( 2015 жылы 20574 адам 26 пайыз).

     17 -19 ақпан аралығында Сарыжаз ауылдық округінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына арналған шаңғымен жүгіруден Алматы облысының чемпионаты өткізілді.

    Чемпионаттың қорытындысы бойынша ауданның құрама командасы шаңғымен жүгіруден жалпы  командалық 2 – орында, эстафета бойынша -1 орынды иеленді.

   13-17 науырыз күндері аралығында Нарынқол ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде бокстан 2002 – 2003 жылдары туылған жасөспірімдер арасында тұңғыш рет « Шығыс республикалық аймақтық ашық біріншілік өткізілді.

       Ауданда  24 туристік нысандар демалушыларға қызмет көрсетеді ( 3 қонақ үй, 3 аңшылар үйі, 17 қонақтарды қарсыалатын үйлер, 1 спорттық сауықтыру лагері).  

    2016 жылы ақылы туристік қызметтен 13 млн 240 мың теңге түсірілді ( 2015 жылы - 12 млн 96 мың теңге түсірілген).      Қарқара ауылдық округінің Мыңжылқы жайлауында «Джади-вилла» туристік орны салынуда. 2017 жылы құрылыс жұмыстары толық аяқталып, туристерге қызмет көрсететін болады.

    «Көлсай Көлдері» МҰТП- де орналасқан 10 конақтарды күтетін үйлерді қайта жасауға «J.S.TRAVEL» ЖШС-гі арқылы жобалық-сметалық құжаттары  дайындалды, осы үйлер 2017 жылы қайта жасалынатын болады.

                                        Қылмыс.

     2016 жылы  аудан бойынша 376 қылмыстық істер тіркеліп 10,3 пайызға өскен. (2015 жылы 341). Ауыр және өте ауыр қылмыстар 20/20, онша ауыр  емес  және орта дәрежедегі қылмыстар 284/285, (33,2 пайызға өскен). Адам өлтіру 1/2, әйел зорлау 6/3.  Бөтеннің мүлкін ұрлау 143/219 (53,1 пайызға өскен), оның ішінде пәтер ұрлығы 22/22, мал ұрлығы 72/120, ұялы телефон ұрлау 13/19, көлік құралын ұрлау 0/1, жол қауіпсіздік ережесін бұзғандар  2/10, (5 есеге өскен), оның ішінде өлім жағдайы 1/5 ( 5 есеге өскен).     Аудандық ішкі істер бөлімі өз жұмыстарын сараптап, жіберілген кемшіліктерді  түзетудің барлық шараларын қарастырылулары керек.

                               Мемлекеттік қызмет көрсету

 2016 жылы жалпы 299008 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2015 жылы 135642 қызмет), оның ішінде:

      -  жергілікті атқарушы органдар арқылы – 292363 (2015 жылы 129452 қызмет);

-  мемлекеттік корпорация арқылы – 5341(2015 жылы 5558қызмет);

-  электронды түрде – 1305(2015 жылы 632 қызмет)

 

                                    Кадрлармен жұмыс

 

Ауданда бос немесе уақытша бос тұрған мемлекеттік әкімшілік лауазым орындарына аталған мемлекеттік органның қызметкерлері арасында 14 орынға, барлық мемлекеттік қызметкерлер арасында 7 орынға ішкі конкурс  және  37 бос орынға жалпы конкурс өткізіліп, барлығы 56 үміткер жұмысқа қабылданды. Олардың 5-і тең лауазымға, 17-і жоғары тұрған лауазымға, 34-і төменгі лауазымға орналасты. Жыл басынан бері 27 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды.

2015 жылдың қорытындысы бойынша өткен есеп беру жиындарында аудан тұрғындарының тарапынан 10 ұсыныс пікірлер түсіп, бүгінгі күнге оның 10 -да іске асырылды.

 

Жалпы құжат айналымы

Жыл ішінде аудан әкімі аппаратының жалпы құжат айналымы 3310 болды. Жеке тұлғалардан 246, заңды тұлғалардан-51, барлығы–297 арыз-шағым тіркелді, есепті мерзім ішінде 54  азамат жеке өтініштері бойынша қабылдауда болды. Жыл бойы 12 әкімдік мәжілістері өткізілді. 353 қаулы, 96 шешім, 334 өкім, барлығы 783 нормативтік актілер қабылданды. 1315 құжат шығыстан шығарылып, 915 құжат тіркеуге алынды.

 

Қадірменді көпшілік!

       Мен өзімнің есепті баяндамамда 2016 жылы ауданда атқарылған жұмыстарға және 2017 жылы алда тұрған міндеттерге тоқталып өттім. Ауыл шаруашылығында сапалы өнім өндіруге бағыт ұстауға,  мал басын көбейтуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға жұмыс жасауымыз керек.    

    Елбасымыз Нұрсултан Әбішұлы Назарбаевтың  «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындауға бәріңізді бір кісідей атсалысуға шақырамын.

  

Тыңдағандарыңызға рахмет!