Басып шығару

Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты ММ-сі әкімінің 2018 жылғы атқарған жұмыстарының есебі және алда тұрған міндеттері туралы есепті баяндамасы

вкл. .

Жамбыл ауылдық  округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі  өз жұмысын ҚР Заңдарын, ҚР Президентінің Жарлықтарын, жыл сайынғы жолдауларын, Үкімет Қаулыларын, облыс және аудан әкімінің қаулы, шешім, өкімдерін басшылыққа алып жұмыс істеуде.                                                                                                                                Ауылдық округ әкімінің аппаратында  9  адам жұмыс істейді. Сонымен қатар ауылдық округ тұрғындарына 1 учаскелік полиция инспекторы, 1 ветеринариялық пункт,  әлеуметтік қызметкер қызмет етсе,  округ аумағында алтын өндіру «Марум Жар- Голд» ЖШС - гі, екі аңшылар үйі, үш туристік мақсаттағы қонақ үйлер халыққа қызмет көрсетеді. Ауылдық округке қарасты екі елді мекенде 3680 халық  тұрады.

 2018 жылы ауылдық округ әкімінің жылдық бюджеті 17 млн 166 мың тг болып белгіленген. Бөлінген қаражат толығымен игерілді.

«Жеке кәсіпкерлік» туралы Қазақстан Республикасының заңынан туындайтын кәсіпкерлікті қолдау мен дамуының Жамбыл ауылдық округінде орындалу барысы жайлы, Жамбыл ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің әкімі Р.Қойлыбаевтың есепті баяндамасы.

 Округ тұрғындарына 1 дәрігерлік емхана, 1 амбулаториялық пункт, 1 ӨК, 260 шаруа қожалығы, 11  дүкен, 1 тойхана қызмет етеді. Өткен жылы жеке құрам бойынша 41 өкім, негізгі қызмет бойынша 23 өкім,  5 шешім шығарылып, 230 кіріс хаттар келіп түссе, 379  шығыс хаттар, 1376 әртүрлі анықтамалар беріліп,

5 өтініш түсіп, толығымен қанағаттандырылды.

Салық түсімдері бойынша:

2018 жылы округ бойынша салық  түрлерінен  яғни, көлік салығы бойынша 4 000000 теңге болжам болса  4000000 теңгеге орындалды, табыс салығы 425000 мың теңге болжам болса, 933423 теңгеге  орындалды, мүлік салығы бойынша 159000 мың болжам орындалғаны 165000 мың, жер салығы бойынша 306000 мың болжам орындалғаны 306000 мың. Барлық салық түсімдері бойынша орындалғаны 5404423 теңгеге орындалды. Алдағы уақытта салық көздерін көбейту және салық органдарына  тіркелмеген жер, көлік т/б анықтап тіркеу  өзекті мәселелердің бірі.

Ауылшаруашылық саласы бойынша:

              Өткен жылы округ бойынша  себілген  595 га картоп , 15 га көкөніс, 2136 га көп жылдық шөп, 250 га күздік, 300 га жаздық арпа, барлығы 550 дәнді-дақыл толығымен жиналды, 10573 тн шөп қоры дайындалды.    Өткен жылы округ бойынша өз мәнінде игерілмеген 521 га суармалы егістік жер қайтаруға жіберіліп, иесіз мүлік ретінде әділет басқармасына тіркелді.

            2018 жылы мал басы бойынша 700 бас жылқы, 1500 бас ірі-қара, 5500 бас қой-ешкі тіркелген. 2018 жылы округ тұрғындарының 389 бас жылқы, 495 бас ірі-қара, 1252 қой малдары тірі салмақта, 15200 тн еттей, оның ішінде қой еті 63000  тн, сиыр еті 102000 тн, 93500 тн жылқы еті, 120500 тн картоп өз қажеттіліктері үшін Алматы қаласына т.б. сыртқа шығарылса, осы ауылшаруашылық өнімдерін орташа есеппен ақшаға айналдырсақ 210 млн 551 мың теңгенің өнімдері өндірілген. 2018 жылғы егулер мен профилактикалық іс шаралар толығымен орындалып, өткен жылы  иесіз қаңғыбас  40 бас иттер өлтірілді.  

            Осы аталған сала бойынша шешімін таппай келе жатқан мәселелер   көп-ақ.  Атап айтсақ жер    мәселесі оның ішінде суармалы, жайылымдық жерлер, мал жайылымдарын өз мәнінде пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.  Жаз жайлауға, күз күздеуге, қыс қыстауға деген сияқты, бойдақ малдарды жайлауға шығару, кезек ұйымдастырып бағуды ұйымдастырып жалғастыруымыз қажет.

           Ауылдағы тұрмыс-тіршілік, мал, егін шаруашылығы болғандықтан, «түстік өмірің болса кештік мал жи» демекші мал басын асылдандыруда, жерді пайдалануда көптеген кемшіліктерге жол берілуде.  Асыл тұқымды мал өсіруге, мал бордақылауға, жаңа жұмыс орындарын ашуға  несиелер берілуде.

          Сыбаға, Алтын асық, Құлан, Ырыс  бағдарламалары бойынша кемшіліктер жоқ емес. Биылғы жылы осы жұмыстарды дұрыс жолға қойып, орындалуын бақылауда ұстауымыз қажеттігін атап айтуымыз керек.  «Жұлдыз» ш/қ-ғы, «Дархан» ш/қ-ғы ірі қара малдарын асылдандыру жұмыстарымен,  «Дархан» ш/қ-ғы биязы жүнді арқар меринос қойын өсірумен айналысуда. Алдағы уақытта да округтегі шаруа қожалықтары лизингке техникалар алуды және іріленіп кооператив құруды басты назарда ұстауымыз қажет. Алайда «алтын асық, құлан, сыбаға» бағдаламаларына сәйкес жұмыс өз мәнінде емес. Үстіміздегі жылы шаруа қожалықтарын аталған бағдарламаларына кіргізу және жерді өз мәнінде игеру, лизингке техника алу, үкімет тарапынан берілетін жеңілдіктерді пайдалану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі.

           Өткен жылы жайлау бағдарламасына сәйкес округтегі бойдақ ірі-қара, жылқы малдары Ақкөл, Асутөр, Жарбұлақ жайлауларына топтастырылып шығарылды.  Дегенмен де аталған сала бойынша кемшіліктер жетерлік. Жайлаулардың барлығы бос жатыр, ел-жұрт болып өз мерзімінде жайлауларға шығарсақ, ұйымдастырылған жұмыстарды ары жалғастырып, ауылдың маңына сауын сиыр, мініс атын ғана ұстасақ және жекеменшік мал отарларын жайлауға жіберуді жалғастыруымыз қажет. 2018 жылы жекеменшіктің малдары жайылатын жерлері анықталып, белгіленді. Алдағы уақытта белгіленген жерлерді заң талаптарына сәйкес  жоспар жасау арқылы аудандық мәслихаттың сессиясына ұсынып бекітіп алуымыз керек.      

Білім саласы бойынша:

          Білімсіз қоғам жоқ, білімсіз болашақты елестету мүмкін емес. Жас ұрпаққа сапалы білім берудің қайнар көзі мектеп, ондағы мұғалімдердің білім деңгейі. Мектептерде 258/196/454 оқушыға 40/37/77 мұғалім дәріс береді. Интернетке қосылған.

2018 жылы округ бойынша 19/14/33 бала ҰБТ тапсырып 90,5/91 / 90 пайызды құрады. Екі оқушы ерекше аттестат иегері атанды.

 Екі мектепте шағын орталық жұмыс істейді, онда 2  топта 60 бала тәрбиеленуде.  Мектеп асханаларында жетім және көп балалы отбасыларының 72 балалары бір мезгіл ыстық тамақпен қамтамасыз етілген. Оған 4 млн 280 мың теңге қаржы бөлінген. Округтегі 140 балаға арналған «Таугүл» балалар бақшасында мектепке дейінгі балалар тәрбиеленеді. Болашақта мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиемен қамту мақсатында жұмыстарды жандандыруымыз қажет.  

         2018 жылдың жаз айларында  26 бала әртүрлі лагерлерде (көктал, огонек, ақкөл) демалып қайтты.

Денсаулық сақтау саласы бойынша:

       Ана мен баланың денсаулығын сақтауда 1 дәрігерлік емхана, 1 фельдшерлік пунктте 1  жоғары білімді дәрігер, 9 арнаулы орта буынды дәрігерлер тиісті жұмыстарын жүргізуде. 2018 жылы 37/31 бала өмірге келіп, туу көрсеткіші 2017 жылмен салыстырғанда 6 балаға кеміген,  жалпы өлім 12 адам оның ішінде 2 бала өлімі, жалпы 2548 адам ем қабылдап, көмектер көрсетілді. Осы сала бойынша да күрделі мәселелер жоқ емес,  отырған ғимараттары ескі, авариялық жағдайда.

 

Әлеуметтік сала бойынша:

         Елбасының жыл сайынғы халыққа арнаған жолдауында әлеуметтік салаға көп көңіл бөлініп келеді.  Өткен  жылы уәкілетті органға 25 адам тіркелсе,  УО арқылы қоғамдық жұмысқа тартылғаны 20 адам, 4 адам кәсіптік оқуға жіберіліп, 60 адам жұмысқа орналастырылды. 20 жаңа жұмыс орындары  ашылып, 2 адам жеке бизнестерін дамыту үшін 4 млн 100 мың теңге шағын несиелерін алып жұмыстарын жүргізуде.

2018 жылы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті 7 отбасына 30 жан санына  395578 теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 4 отбасына  214332 теңге жәрдемақылар төленіп, ауылдық жерде тұратын білім беру, медицина, мәдениет, әлеуметтік салаларында жұмыс істейтін қызметкерлерге отын үшін төленетін қаржы жанұя саны 111 жан санына 1 259 295 теңге,   мүгедек балаларды үйде тәрбиелеп, оқытатын отбасыларына  төленетін әлеуметтік көмек 2 жан санына 105111 теңге, Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен соғыс жесірлеріне төленетін әлеуметтік көмек 1 жанұя санына 231684 теңге, грантпен оқитын студенттерге 2 жанұя санына 782000 теңге, өрлеу жобасы бойынша 4 жанұя саны, 28 жан санына 1 148 168 теңге,  барлығы 178 жан санына 4 136 168 теңге жәрдемақылар төленді.        

         Өткен жылы  Бөкенова Бағдагүл «наубайхана» ашу үшін  

3 млн. теңге көлемінде қаражат алып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, грант жеңіп алғанын атап айтқым келеді. Алдағы жылы наубайхана ашуға ниеттеніп отыр және Қахаров Жақыпақын «шаштараз» ашу үшін 1 млн. теңге көлемінде қаражат алып, грант жеңіп алып, шаштараз ашуға дайын.

               Жыл сайынғы дәстүрге айналған «Төс байлау» рәсімімен, «8 наурыз», «9 мамыр» күндеріне – қаза тапқан әскер отбасыларының жесірлеріне, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне, Батыр Аналарға, аз қамтылған отбасыларына 60/80 адамдық мерекелік дастархан ұйымдастырылып келеді.  Оған округтегі ауыл тұрғындары, мекемелер толығымен атсалысты.

       Елбасының Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру мақаласы аясында Жамбыл ауылынан талапқа сай құны 5 000 000 теңге болатын мешіт жанынан қатымхана  жасалынды.

Ауылдан түлеп ұшқан азаматтар мен кездесу өткізіліп, белгілі қоғам қайраткері Н.Өмірзақовтың музейін ашуға ниеттерін білдірді және тағы басқа жұмыстар ұйымдастыруға уағдаласты.     

      Жалпы округ бойынша 298 нүкте  болса, оның 285 нүктесі жеке тұрғындарда, 13 нүктесі заңды тұлғаларда орналасқан. Алдағы уақытта қосымша нүктелерді көбейту, интернет желісімен қамтамасыз ету жоспарда бар.

 

Қылмыс

 

         2018 жылы  10 қылмыс тіркелді.  Ұрлық 2, заңсыз ағаш кесу 3,  бөтеннің мүлкін ұрлау 5, бес адамға 6012 50 тиын/1225 теңгенің айыппұлы салынды. Малдарды түнде қораға қамау, иесіз өріске қалдырмау, иесіз қалдырудың салдарынан мал жоғалу фактілері жиі орын алуда.  

2018 жылы даталы мерекелерде мекемелер арасында округ, аймақ бойынша және аудан көлемінде  әртүрлі  спорттық жарыстар ұйымдастырылып, орын алған командалар ақшалай, заттай сыйлықтармен марапатталды. Округтегі қандай жұмыстар болмасын ауыл азаматтары, қариялар, ауыл жастары «бір жағадан бас, бір жеңнен қол» шығарып атсалысып, азаматтық танытып жүрсіздер.

                  Биылғы жылы Жамбыл ауылының тұсындағы «Байынқол» өзеніндегі көпірді судың тасу салдарынан су шайып кеткендіктен қисайып ары-бері өтуге қауіп тудырып, жарамсыз болып тұр.

         - Қаратоған ауылының  ауыз су жүйесінің жаңғыртылуына қаражат бөлінгенімен ауыз су жүйесінің толық аяқталмауы халықтың шаруа істеуіне көп кедергісін тигізуде.        

                   Округ бойынша әліде болса шешімін таппай тұрған өзекті мәселелер жетерлік.

-                    Ауылдық округ әкімі аппаратының жеке балансында  ғимараттың болмауы;

-                    Ауылдық округте мәдениет үйінің болмауынан мәдени шараларды өткізуде қиындық туындайды.

-         Ауыз су мәселелері.

-          Қаратоған елді мекеніндегі орналасқан фельдшерлік пупктінде, балабақшада интернет желісінің жоқтығы.

Аталған проблемалардан басқа да істейтін жұмыстар жетерлік. Сіздер, біздер  болып атқарамыз деп Сіздерді сендіремін.

Тыңдағандарыңызға рахмет!

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg