Басып шығару

Текес ауылдық оуругі әкімінің бір жылда атқарға жұмысының баяндамасы

вкл. .

Құрметті Жолан Ыбырайақынұлы!

 

Құрметті бүгінгі есеп беру жиынына қатысушылар!

Міне, тағы бір жылды артта қалдырып өздеріңізбен кездесіп, өткен жылы атқарылған жұмыстарға есеп беріп, жаңа жылдың жоспарымен бөлісу жақсы дәстүрге айналды!

Өздеріңізге белгілі 10 қаңтар күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік ревалюция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария етті.

 

Елбасының кезекті жолдауы қазақ елін биік белестерге көтере отырып халықтың әлеуметтік ахуалын анағұрлым жақсартуға бағытталған аса маңызды құжат.

Әр жолдауда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді, жастарды жаңа техналогиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштерін айқындады.

         Текес ауылдық округі бойынша 2017 жылғы атқарылған жұмыстар және 2018 жылда атқаратын жұмыстар туралы есеп назарларыңызға ұсынылады!

         Ауылдық округте екі елді мекен бар. Текес және Жаңа Текес ауылдары. Округ бойынша 706 аула, 5064 тұрғын тіркелген.

Соның ішінде:

ü Еңбекке жарамды тұрғындар-3017

ü Зейнеткер-443

ü Көп балалы аналар-159

ü Мүгедектер 94 оның ішінде:

мүмкіндігі шектеулі балалар-12

Ауылдық округ әкімінің аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Жергілікті басқару және өзін – өзі басқару» заңының аясында және басқада заңдарды басшылыққа алып жұмыс жүргізді. Ауылдық округ әкімінің аппаратына жыл басынан түскен құжаттар саны -382

ü Шыққан құжат саны- 617

ü Шешім  саны-6

ü өкім саны – 121  

Ауылдық округ әкімінің аппаратында: ауыл әкімінің орынбасары, 2 бас маман, 1 - жетекші маман, 1 – жастар ісі жөніндегі нұсқаушы, 1-спорт нұсқаушысы, 1 – бағдарламашы штаттық бірліктері  қызмет атқарады.         

         Қоғамдық тәртіпті сақатуда жергілікті полиция инспекторы бар.

Округ әкімі жанында ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі құрылған. Екі елді – мекеннен бес адамнан. Ауылдағы белсенді топ мүшелері сайланып, ауыл игілігі үшін жұмыстар атқарып жатыр. Сондай – ақ, қауымдастық мүшелеріде әртүрлі жұмыстар атқарып, ретке келтірілуде. 

         Бюджет саласы. Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы болжам 4 млн.940 мың теңге, орындалғпнв 6 млн. 887 мың теңге. Заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы болжам 33,0 мың теңге, орындалғаны 42,7 мың теңге жиналды. Жеке тұлғалар төлейтін жер салығынан да басқа жерлерге төленетін салық бойынша болжам 215 мың теңге,  орындалғаны 475,7 мың теңге. Жеке кәсіпкерлерден алынатын табыс салығы 807 мың теңге, орындалғаны 1 млн 95 мың теңге жиналды.

         Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына сәйкес әр адамның бірінші әрі негізгі міндеті салықтарды  уақытысында төлеу екенін ұмытпасаңыздар екен.

         «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2017 жылы 22 млн. 083 мың теңге қаржы бөлініп, әкім аппаратын ұстауға 17 млн теңге, әлеуметтік салыққа және сақтандыруға 913 мың теңге, басқа да жабдықтар сатып алу шығыстарына 700 мың теңге, байланыс және интернет желісіне 1 млн 279 мың теңге, Заң бағдарламасына 108 мың теңге, «Парус Каз» бағдарламасына 446 мың теңге, көше шамдарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 232 мың теңге, көше жарығын күтіп, баптауға 159 мың теңге, мәдениет үйінің пайдаланған электр энергиясы үшін 556 мың теңге, мекемеге билборд жасату үшін 224 мың теңге, елді – мекендерді санитариямен қамтамасыз ету үшін 179 мың теңге жұмсалды.  осы қаржы толық игерілді.

         Ауылшаруашылығы саласы. Текес ауылдық округінің жалпы жер көлемі 10713 га. Оның ішінде егістік жер 3459 га. суармалы жер 2900 га, ауылдық окруктің жері 1567 га, шабындық 44 га, жайылым 5643 гектарды құрайды.

         Ауылдық округте 177 шаруа қожалығы, бір кооператив құрылған. 2017 жылы 300 га арпа, 100 га күздік бидай, 705 га картоп, 30 га көкеніс, 1900 га көп жылдық шөп себілді. Арпадан 780 тонна, картоптан 14 мың тонна (көп жылдық шөптен 9310 тонна) өнім алынды.

         2017 жылы тұқым өсірумен айналысатын шаруа қожалықтары (Өркен, Ерік) өкімет тарапынан 17 млн теңге субсидия алды және минералды тыңайтқыштар алуға 8 млн 318 мың теңге субсидия алынды. Қазіргі күнге жерлерін игермей өз мақсатында пайдаланбай жатқан 68 шаруа қожалық төрағаларына облыстық жер инспекциясының ескерту қағаздары берілді. Ауылдан көшіп кеткен 14 шаруа қожалықтарының 109,8 га суармалы егістік  65,0 га жайылымдық жерлері иесіз мүлік ретінде аудандық жер бөліміне беріліді.

         Мал шаруашылығы саласы бойынша мал басы жыл санап өсіп келеді. Ірі қара 2016 жылы 3680 бас, 2017 жылы 3699 бас, 19 басқа өсті,  жылқы 2016 жылы 2085 бас, 2017 жылға 2190 бас, 105 басқа өсті, қой – ешкі 2016 жылы 12810 бас, 2017 жылы 13010 бас, 200 басқа өсті. Бұның ішінде ірі қара малынан 1159 бас аналығы, жылқыдан 839 бас аналығы, қой – ешкіден 6500 аналық бас бар. 2017 жылы «Алтын асық» бағдарламасы бойынша «Өркен» шаруақожалығы 400 бас қой алды. Мал тоғыту пункті жұмыс істеп тұр, өлексе тастайтын орын Жана Текес ауылың сыртында орналасқан. Текес ауылынан 2017 жылы, өңірді дамыту бағдарламасы бойынша 4 млн. теңге қаражат бөлініп, құрылыс жұмыстары толығымен аяқталды. Мал емдеу жұмыстарына бюджеттен арнайы вакцина бөлініп тегін емдеу жұмыстары жүргізілді. Қан алу бойынша ірі қарадан 8500 бастан, жылқыдан – 2000 бастан, қой – ешкіден 41 000 бастан қан алынды. Бір бас ірі қара бруцеллез ауруына оң реакция беріліп, мал иесіне үкіметтен 50 мың 551 теңге өтемақысы төленді. Ауылдағы қаңғыбас иттерді жоюға үш рет жұмысшы тобы шығып, 43 ит иелерінің өтініші бойынша өлтірілді. Жыл ішінде ауылдық әкімшілігінің анықтамасы бойынша 530 анықтама мал басына берілді:

ü Ірі қара тірідей 680 бас (ақшаға шаққанда 88 млн. 400 мың теңге);

ü 217 бас жылқы тірідей (ақшаға шаққанда 43 млн. 400 мың теңге);

ü 2301 бас қой тірідей (ақшаға шаққанда 46 млн, 020 мың теңгеге) сатылды. Барлығы 177 млн. 820 мың теңгені құрайды.

         Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлік саласы.

         2017 жылы уәкілетті орган арқылы қоғамдық жұмысқа  15 адамды тарту керек болса есепті мерзімде 15 адам тартылды. 13 жаңа жұмыс орны ашылды. 4 сауда орны, 6 шаруақожалығы, 3 жауапкершілігі шектеулі серіктестік.

         Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының 2 – ші бағыты кәсіпкерлікті дамыту,  ауыл азаматы Байыров Бейбітжан мал бордақылау үшін 2 млн. 100 мың теңге несие алып жұмысын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Жұмағұлова Нұргүл балалар үйін ашу мақсатында мемлекеттен 2 млн. теңге қайтарымсыз несие алды.  

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының 3 – ші бағыты кәсіби  оқу, 7 бала – электрик мамандығына, 1 бала аспазшы мамандығына оқытылды. Жастар практикасына 4 маман тартылды, мектепке біреу, 2 маман  – шаруақожалықтарына, 1 маман – ауылдық әкімдікте.

2017 жылы  18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 111 отбасыға 5 млн. 581 мың 71 теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 28 отбасына 984 мың 192 теңге төленсе, ауылдық жерде тұратын білім қызметкерлеріне 178 отбасына 1 млн. 718 мың 0,10 теңге ақшалай қаражат төленді. Үйден оқытылатын 2 мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына 99 мың 414 теңге, ауылдағы 2 мүмкіндігі шектеулі баланы үйде оқытуға әлеуметтік көмекке 64 мың 200 теңге төленді.

Өрлеу жобасы бойынша алты адам қатысып, 2 млн 35 мың теңге төленді.

Ауылдағы жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға, аз қамтылған отбасына, көп балалалы аналарға демеушілік жасайтын ауыл азаматтарына және кәсіпкерлерге алғысымыз шексіз.

«Айғайтас» ЖШС- нің басшысы Исбаев Хайролланың демеушілігімен 50 отбасына 50 қап ұн таратылды. Кәсіпкер Роза Кайгатырованың демеушілігімен Қ.Шорманов атындағы орта мектептің 30 баласына 500 мың теңгеге қыстық киімдер, Жаңа Текес негізгі мектебіне 7 баласына 103 мың теңгеге қыстық етік пен куртка, Текес балалар өнер мектебінің 15 баласына 45 мың теңгеге оқу құралдары берілді. Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен 17 мүмкіндігі шектеулі балалар және үш аз қамтылған отбасына «Жаңа жылдық» шыршасы ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар берілді. Ауыл жастарының бастамасымен барлық ауыл көшелері түзетіліп, 2 шақырым болатын  2 көшеге құм тас төселді.

Білім саласы. Округ аумағында 1 орта мектеп,  1 Жаңа Текес негізгі мектеп, 1 өнер мектебі, 1 «Қызғалдақ» балабақшасы жұмыс істейді. 2016 – 2017 оқу жылын Қ. Шорманов орта мектебі бойынша 24 сынып комплектісімен, 535 оқушымен, Жаңа Текес негізгі мектебі 9 сынып комплексімен 52 оқушы бастады. Балалар өнер мектебі бойынша 250 оқушы, 20 ұстаз жұмыс жасайды. «Қызғалдақ» бала балабақшасында 44,2 штаттық кестемен 19 педагог маман, 23 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Бала саны 6 топқа 140 баламен жасақталған. Әр баланың күндік ата – ана жарнасы үлкен 4 топ бойынша 300 теңге, 2 кіші топ бойынша 280 теңгені құрайды. Округ аумағындағы мектептер бойынша жалпы білім беретін мұғалімдер саны – 125. Бұның ішінде: жоғары білімді мұғалім – 86, аяқталмаған жоғары білімді мұғалім – 4, жоғары санаттысы – 6, бірінші санаттысы – 36, екінші санаттысы  -32, жай санаттысы – 28. Техникалық қызметкерлер саны – 78.  2 мектепте 56 дана компьютермен жабдықталған. Сонымен қатар, мектептер интерактивті тақтамен қамтылып, интернет желісіне қосылған. Интернет желісінің жылдамдығы өте төмен. Бірыңғай Ұлттық Тестіге  Қ. Шорманов орта мектебінен қатысқан 18 оқушының орташа көрсеткіші 89,5 балл болды. 9 оқушы білім грантын иеленді, 11 оқушы колледжге түсті, 7 оқушы ақылы оқуға түсті.

Қ. Шорманов орта мектебі бойынша ыстық тамақпен 30 оқушы тегін тамақтанады. Әр айға 173 мың теңге бөлінген. Бір оқушыға күндігіне 300 теңгеден айналады. Жаңа Текес негізгі мектебі бойынша 15 бала ыстық тамақпен қамтылып 358 мың теңге жұмсалды.

«Міндетті оқу қорынан» Қ. Шорманов орта мектебінде 41 оқушыға 338 мың 642 теңге ақша қаражатына киімдер алынып, комиссиямен таратылды.

Жаңа Текес орта мектебінде «Міндетті оқу қорынан»  6 оқушыға 160 мың теңге ақша қаражатына киімдер алынып, комиссиямен таратылды. Қ. Шорманов орта мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстарына 600 мың теңге, Жаңа Текес орта мектебіне ағымдағы жөндеу 264 мың 604 теңге бөлінді.          Денсаулық сақтау саласы. Ауылдық округ халқынатегін медициналық көмек көрсету және дәрігерлік заттармен қамтамасыз ету мақсатында бір ауылдық дәрігерлік амбулатория, бір медпункт қызмет көрсетеді. Ауруханада 2 дәрігер, 8 орта буын медицина қызметкерлері, 2 кіші буынды медицина қызметкерлері еңбек етеді. Халықтың дәрімен қамтамасыз етілу көрсеткіші – 3,9 пайызды құрайды.

Жаңа туылған сәбилерге арналған тамақ – 237 қорап 396 мың 330 теңгенің тегін берілсе, 1-5 жас аралығындағы балаларға – 61 мың 502,29 теңгенің, жүрек қан тамырлары ауруларына қант диабеті ауруларына ақысыз 1 248 546,24 теңгенің дәрісі тегін беріледі.

Емханаға 30 тонна көмір, 3 куб ағаш отын түсіріледі.

Ауыз су.

 Жаңа Текес ауылына Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасы бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша 11 млн. теңге бөлінді. Жұмасалған  қаражатқа бойынша әр үй ауыз сумен қамтамассыз етілді. Текс ауылында 15 км. су жүйесі жасалынып пайдалануға берілген. Екі ауылдыңда су жүйесі қалыпты. «Текес су жүйесі» өндірістік кооперативінің берген мәліметіне сүйенсек 2017 жылы халықтан 2 млн. 450 мың теңге қаржы жиналы. Оның 1 млн. 600 мың теңгесі еңбекақыға, 612 мың 015 теңгесі электр энергиясына, 82 мың 962 теңгесі салыққа төленген. Көмірге (водокачканы жылытуға) 18 мың теңге, түрлі шараларға 40 мың теңге, 60 мың теңгесі жөндеу жұмыстарына жұмсалған.

Шағын және орта бизнес.

 Ауылда шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 224 субъекті тіркелген. Олардың 177 – сі шаруа қожалықтары. 7 заңды тұлғалар, 33 жеке кәсіпкерлер, 11 азық – түлік дүкені, 2 қосалқы бөлшектер дүкені, 11 дүңгіршек, 1 тойхана, 1 киім тігу шеберханасы, 1 асхана, 3 АЗС, 1 ұстахана, 2 көлік жөндеу шеберханасы жұмыс істейді. 22 кәсіпкер патентпен, 11 кәсіпкер жеңілдетілген декларациямен жұмыс істейді.

Елбасымыздың Жолдауында орта және шағын бизнесті дамытуға ерекше мән берген, орта және шағын бизнестің дамуы ауылымыздың экономикасын көтеріп, бюджет қоржынына қаржы түседі, халықтың әл ауқаты көтеріліді.

Осыған орай Текекс ауылынан жаңа жұмыс орнын ашып  өз кәсібін тәтті нан пісірумен бастап жатқан Байынжырғалова Гаухар, 3 отбасын жұмыспен қамтып отыр. Қыдықов Ерғанат ауыл шетіндегі бұрынғы КазСельХоз техника мекемесі болған аумақты алып ұн тартатын дирмен, жем және шөп турайтын құралғыларды іске қосып жұмыс істеп, 2 отбасын жұмыспен қамтыды. (Алдағы уақытта мал базарыда ашылады)

Мәдениет.

 Ауылдық округ аумағында мәдениет үйі жұмыс жасайды. Мәдениет үйінде 4 бірліктегі шаттапен, барлығы 5 адам жұмыс істейді. Ауылдың жастар ісі жөніндегі мен спорт әдіскер нұсқакшысы мәдениет үйімен бірлесіп мекеме жастарымен квн, отбасылық кездесудер, валейболдан, шахматтан, спорттық жарыстар ұйымдастырылып өткізіледі. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Туған жерге туыңды тік» мақаласы аясында «Жаны жайсаң жомарт жүрек» атты кешке ауылдан шыққан жомарт жүрек азаматтар мен жеке кәсіпкерлер шақырылды.

Келген азаматтар:

ü Ауылдан қор ашуға;

ü Ауылға шағын спорт алаңын салуыға;

ü Ескі мешітті ас беретін орын жасауға;

ü Мәдениет үйінің спорт залын күрделі жөндеуден өткізуге көмектесетіндерін 2018 жылдың көктемінен бастайтындарын айтып, ауыл халқын қуантып отыр.

Қылмыс. Жергілікті полиция қызметкері Жүнісбеков Ұлықпан

Трек пункті жылумен, жарықпен, телефонмен, тұрғын үймен толық қаматамассыз етілген. 2017 жылы ауылда 11 қылмыс тіркелді. Оның ішінде:

ü 2 рет заңсыз ағаш кесілген;

ü 2 мал ұрлығы;

ü 2 дене жарақаты;

ü 2 бұзақылық;

ü 3 ұрлық тіркелді.

«Почта байланыс торабы» мен «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне тиесілі мүлкін ұрлау фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеліп, ұсталған күдікті азаматтар бойынша іс сотқа жолданды.

Ашылмаған қылмыстар:

ü 2 мал ұрлығы;

Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің әртүрлі баптарына сәйкес 65 хаттама толтырылып, 5 қылмыстық іс сотқа жіберілді. 60 адамға шара көрілді. 160 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.

Алдағы 2018 жылы атқарылатын жұмыстар:

ü Ауыл тұрғындарын тұрақты жұмысқа қою арқылы, жұмыссыздық деңгейін төмендету;

ü Ауыл халқына түсіндіру жұмыстарын жандандыру арқылы мемлекеттік бағдарламалар арқылы мемлекеттен несиеге мал алып, кәсіп ашуына қолдау жасау;

ü Кәсіппен айналысатын ауыл тұрғындарының салық басқармасына тіркелуіне, салық түсімінің ұлғаюын қамтамассыз ету;

ü Ауылға инвестор тарту;

ü Егіс пен мал өсіруге ауыл жастарын жұмылдырып, біріктіру.       

Елбасы белгілеп берген жаңа стратегиялық бағытпен осы шараларды іске асырумыз қажет.Алдағы атқарылатын жұмыстар қатарында халықтың әл ауқатын арттыру, ауыл ішінің санитарлық тазалығы, көркейту – көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары үнемі назарда болып жалғаса беретін болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

         Текес ауылдық округі бойынша 2018 жылы атқарылған жұмыстар:     

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы Жолдауы көптеген жаңалықпен, ерекше тапсырыстармен елең еткізіп келе жатқаны бәріне мәлім. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты кезекті жолдауы қазақ елін биік белестерге көтере отырып барлық салалардың жұмысын жандандыру мен серпілтуге қатысты болғанымен әр салаға бөлек-бөлек тоқталып, ондағы кезек күттірмейтін мәселелерді шешудің жолдарын көрсетіп берді. Осыған орай Елбасы «Кез келген реформаларды іске асыру барысында өзінің барлық іс-қимылын халықтың әл-ауқатын арттыруға арнайтын жинақы әрі тиімді мемлекеттік аппарат маңызды рөл атқаратын болады» деп мемлекеттік аппарат жасақтаудың тиімділігін ұғындырды. Әр жолдауда негізгі міндетке айналып келе жатқан әлеуметтік салаға да ерекше көңіл бөлінді, жастарды жаңа технологиялық жағдайға дайындаудың маңызды шарттары айтылып, білім берудің жаңа сапалық көрсеткіштерін айқындады.

Қалай десекте ел жағдайын жақсартып, экономиканы дамытуға серпін беретін, жан-жақты саланы қамтыған маңызды құжат болашаққа сенім ұялатып, тың бастамаларды жүзеге асыруға жетелейді деп ойлаймын. Сондықтан, ел игілігіне арналған маңызды құжаттың жалпы қарапайым халықтың ойынан шығып, жүрегінен орын алары сөзсіз.

Ендеше 2018 жылғы ауылдық округ бойынша атқарылған жұмыстардың есебін назарларыңызға ұсынамыз:

            Ауылдық округте екі елді мекен бар. Текес және Жаңа Текес ауылдары. Округ бойынша 715 аула, 5064 тұрғын тіркелген.

Соның ішінде:

ü  Еңбекке жарамды тұрғындар-3017

ü  Зейнеткер-443

ü  Көп балалы аналар-159

ü  Мүгедектер 94 оның ішінде:

мүмкіндігі шектеулі балалар-12

            Ауылдық округ әкімінің аппараты өз жұмысын Қазақстан Республикасының «Жергілікті басқару және өзін – өзі басқару» заңының аясында және басқада заңдарды басшылыққа алып жұмыс жүргізді. Ауылдық округ әкімінің аппаратына жыл басынан түскен құжаттар саны -327

ü  Шыққан құжат саны- 460

ü  Шешім  саны-7

ü  өкім саны – 94         

Ауылдық округ әкімінің аппаратында: ауыл әкімінің орынбасары, 2-бас маман, 1-жетекші маман, 1–жастар ісі жөніндегі нұсқаушы, 1-спорт нұсқаушысы, 1 – бағдарламашы штаттық бірліктері  қызмет атқарады.      

            Қоғамдық тәртіпті сақатуда жергілікті полиция инспекторы бар.

Округ әкімі жанында ақсақалдар алқасы, әйелдер кеңесі құрылған. Екі елді – мекеннен бес адамнан. Ауылдағы белсенді топ мүшелері сайланып, ауыл игілігі үшін жұмыстар атқарып жатыр. Сондай – ақ, қауымдастық мүшелеріде әртүрлі жұмыстар атқарып, ретке келтірілуде. 

            Бюджет саласы. Жеке тұлғалардан алынатын көлік салығы болжам 6 млн. теңге, орындалғаны 6 млн. 620 мың теңге. Заңды тұлғалардан алынатын көлік салығы болжам 90,0 мың теңге, орындалғаны 41,0 мың теңге жиналды. Жеке тұлғалар төлейтін жер салығынан да басқа жерлерге төленетін салық бойынша болжам 232 мың теңге,  орындалғаны 243 мың теңге. Жеке тұлғалар төлейтін мүлік салығы болжам 205 000 теңге, орындалғаны 210 000 теңге. Жеке кәсіпкерлерден алынатын табыс салығы 1 млн 500 мың теңге, орындалғаны 1 млн 514 мың теңге жиналды.

            «Текес ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне 2018 жылы 22 млн. 083 мың теңге қаржы бөлініп, әкім аппаратын ұстауға 18 млн теңге, әлеуметтік салыққа және сақтандыруға 453 мың теңге, байланыс және интернет желісіне 1 млн 200 мың теңге, Заң бағдарламасына 108 мың теңге, «Парус Каз» бағдарламасына 446 мың теңге, көше шамдарын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін 668 мың теңге, көше жарығын күтіп, баптауға 159 мың теңге, мекемеге билборд жасату үшін 224 мың теңге, елді – мекендерді санитариямен қамтамасыз ету үшін 192 мың теңге жұмсалды.

            Ауылшаруашылығы саласы. Текес ауылдық округінің жалпы жер көлемі 10713 га. Оның ішінде егістік жер 3459 га. суармалы жер 2900 га, ауылдық округтің жері 1567 га, шабындық 44 га, жайылым 5643 гектарды құрайды.

            Ауылдық округ бойынша «minagro.kz» электрондық web порталы бойынша белсенді жұмыстар жасалып тіркелуде. Электрондық картаға жайылымдық жерлер бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының жерлері – 1097 га, егістік жерлер бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының жерлері – 1669 га; шабындық жерлер бойынша тіркелген шаруа қожалықтарының жерлері – 44 га тіркелді;

            Ауылдық округте 182 шаруа қожалығы бар. 2018 жылы 300 га арпа, 100 га күздік бидай, 705 га картоп, 30 га көкөніс, 1900 га көп жылдық шөп себілді. Арпадан 780 тонна, картоптан 14 мың тонна (көп жылдық шөптен 9310 тонна) өнім алынды.

            Мал шаруашылығы саласы бойынша мал басы жыл санап өсіп келеді. Ірі қара 2018 жылы 3497 бас, жылқы 1869 бас, 105 басқа өсті, қой – ешкі 2018 жылы 13010 бас. Бұның ішінде ірі қара малынан 1700 бас аналығы, жылқыдан 760 бас аналығы, қой – ешкіден 6500 аналық бас бар.

            Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау және кәсіпкерлік саласы.

            2018 жылы уәкілетті орган арқылы қоғамдық жұмысқа  16 адамды тарту керек болса есепті мерзімде 16 адам тартылды.

            Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының 2 – ші бағыты кәсіпкерлікті дамыту бойынша Жұмағұлов Сейтжан, Рысжанова Ұлман 1,5 млн. теңгеден қайтарымсыз несие алды. 

Жұмыспен қамту – 2020 бағдарламасының 3 – ші бағыты кәсіби  оқыту бойынша, 4 азамат – электрик, 5-азамат аспазшы, 2-азамат газоэлектросварщик, 2 азамат эвм оператор, 1 азамат – ветсанитар, 1 азамат – шаштаразшы мамандықтарына оқытылды.  Жастар практикасына 2 маман тартылды, 1 маман - мектепке,1 маман – ауылдық әкімдікте.

2018 жылы  18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысы, 42 отбасыға 6 млн. 012 мың теңге, тұрғын үй жәрдемақысына 6 отбасына 335 мың 3 теңге төленсе, ауылдық жерде тұратын білім қызметкерлеріне 137 отбасына 1 млн. 647 мың 0,4 теңге ақшалай қаражат төленді. Үйден оқытылатын 2 мүмкіндігі шектеулі баланың отбасына 112 мың 900 теңге төленді. Туберкулез індетімен ауыратын азаматтарға төленетін әлеуметтік көмек – 4 (төрт) азаматқа 168 мың, 300 теңге төленді. Ауғанстан соғысына қатысқан 2 азаматқа  - 100 мың теңге көлемінде ақша төленді. Ауыл кәсіпкерлерінің демеушілігімен 13 мүмкіндігі шектеулі балалар, 4 жетім балаға және 7 аз қамтылған отбасына, атап айтқанда 25 отбасына «Жаңа жылдық» шырша ұйымдастырылып, арнайы сыйлықтар берілді.

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg