Басып шығару

Қарасаз ауылдық округінің әкімі Д. Мухаметжановтың 2018 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндамасы

вкл. .

  Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындығы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты  Жолдауынан және «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» атты халыққа Үндеуінен   туындайтын міндеттерді басшылыққа ала отырып, біз өз тарапымыздан ауылымыздың маңызды салаларында қолға алынатын  жұмыстарды айқындап алып және оны жүзеге асыруға жұмыс жасадық.

 Жолдаудың Ел болашағының бағдарламасы екені және алдағы жылдарға арналған экономикалық дамудың жолын айқындап бергені сөзсіз.

Қарасаз ауылдық округі халқы да осы жылы әлеуметтік экономикалық жағдайын  барынша жақсарту жолында еңбек етті.

      Қарасаз ауылдық округінде 2 елді мекен бар. Қарасаз ауылы – 128 га, Тұзкөл ауылы – 31 га  жерге орналасқан.

Барлығы – 2917 адам есепте тұрады. Халыққа 2 орта мектеп, 1 өнер мектебі,1 емдеу амбулаториясы, 1 фельдшерлік пункт, 1 мәдениет үйі, 1 музей, 1 вет пункт,1 почта , 1 АТС   қызмет етеді. Байланыс торабында  барлығы – 247 телефон нүктесі бар,130 телефон нүктесі интернет желісіне қосылған.Тұзкөл ауылында 17 телефон,2 интернет бар және қалааралық байланыспен қамтылған. Бұл мекемелерде барлығы    287 адам қызмет жасап, еңбек ақы алады.

 

Құрметті ауыл тұрғындары ендігі кезекте  2018 жылы атқарылған жұмыстарға  тоқталсақ:

     

Мал шаруашылығы саласы  бойынша -

    Шәлкөде, Қисық, Дардамбы, Күнгей -  Қаратау жерлері мал өсіру үшін өте қолайлы жайлау мен қыстаулық жерлер болып табылады.    Округте барлығы :2960  бас ірі қара,оның аналығы  – 2960 бас,  Қой –ешкі -  20900 бас, аналығы – 11959 бас. Жылқы  барлығы – 2861 бас, биелер – 995 бас бар.

 

155 бас ірі қара малдарының аналық басы тұқымдық түрлендіруге қатыстырылды. Олар: «Жерұйық» ШҚ (жетекшісі Сатбаев Тоқтасын ) - 30 сиыр, «Бағжан» ШҚ (Абиров Енгебай) 75 сиыр, «Елдар» ШҚ ( жетекшісі Қуанышбаев Бердібек ) - 50 сиыр. Бұл шаруа қожалықтарына 1 550 000 теңге көлемінде субсидия төленді. Биыл да осы аталған шаруа қожалықтары мал басын асылдандыру жұмыстарын ары қарай жалғастырып, асыл тұқымды бұқаларын алуды жоспарлауда. 

Мал отарларында 66 мал қыстаулары бар, онда -1750 бас ірі – қара, 11495 бас қой-ешкі, 1670 бас жылқы малдары қыстатылуда. Ауыл тұрғындары мен шаруа қожалықтарында – 14660 тонна шөп дайындалды.

          Округтегі малдәрігерлік жұмыстары жоспар бойынша толығымен атқарылды. Аусыл,қарасан,топалаң,күл,т.б ауруларға жоспар бойынша екпелер егілді.

Жыл ішінде өндірілген ауыл шаруашылық өнімдерінен түскен түсім:  

 

Сатылған мал түрі

көлемі

 

           түсім

          /теңге/

1

Ірі қара

918 бас

156 млн 060 мың теңге

2

Жылқы

700 бас

175 млн 000 мың теңге

3

Қой - ешкі

5157 бас

128 млн 925 мың теңге

4

Картоп

 64 тонна

3 млн 200 мың теңге

 

Барлығы:

 

462 млн 1 жүз 185 мың теңге

 

                                Ауыл шаруашылығы   саласы бойынша -

 

Қарасаз ауылдық округі бойынша барлық жер – 26348 га, елді мекеннің жері- 3739 га, егістік жер – 3519 га, суғармалы жер – 1339 га, шабындық жер – 1570 га, жайылымдық жер – 17520 га. бар.

       2018 жылы  400  гектар жерге арпа, 182 гектар картоп, 21  гектар көкөніс, 1080  гектар көп жылдық шөп себілді.  400 га арпаның әр гектарынан  25  центнер өнім алынды, 10000 центнер астық бастырылды.  182 га картоп егіліп, барлығы    31 550 центнер өнім алынды. 21  га көкөніс егіліп, барлығы 5 502  центнер өнім жиналды.

       Қарасаз ауылдық округінде жеке тұлғалар мен заңды тұлғаларға жер қатынастарын реттеу туралы заңнамалармен таныстыру барысында гос.акті алып көшіп кеткен, қайтыс болған және жерлерін пайдаланбай жүрген жеке тұлғалардың бар екені анықталды. Барлығы:  20 адам, олардың иелігіндегі суғармалы жерлер  - 318 га, мейнамдық жер – 587 га, шабыңдық – 263 га, жайылымдық – 533 га, барлығы  1731 гектар жер  аудандық жер қорына қайтаруға ұсыныс жасалынды.

 Биылғы жылға 1 /бір/ МТЗ-82,1 тракторлары шөп тиегішімен, күрегіштерімен және  соқасымен және МТЗ-80 тракторы картоп қазғышымен, культебатор, тіркемесімен   өз қаржыларына сатылып алынды. Олар: Сатбаев Тоқтасын, Қасымбаев Әлқуат.

            

       

                                    Салық туралы –

      

Еліміздің әл-ауқатының артуы экономикасының қарышты өсуі оның салық саясатына байланысты екені сөзсіз.

      Қарасаз ауылдық округі бойынша әкімшілік салық түрлері толығымен орындалды.

     Көлік салығы бойынша берешек қарыз – 4 300 000  теңге, -орындалғаны  – 4 300 000 теңге .

Табыс салығы – 305 000 теңге

Мүлік  салығы110 000 теңгені құрайды.

Жер салығы –182 000 теңге

 

 

            Жұмыспен қамту және  әлеуметтік бағдарламалар –

          «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021  жылдарға арналған бағдарламасы аясында 2018 жылы атқарылған жұмыстар :

Бағдарламаға жұмыссыз ретінде 97 азамат тіркелген.

 Кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз етуге 4 адам оқуға жіберіліп 2 еуі оқуларын аяқтап 2 еуі тұрақты жұмысқа орналастырылды.

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында Қарасаз ауылы бойынша 3 азамат 11млн 880тг шағын несие алған.

Қоғамдық жұмыстарға 15 азамат жіберілді.

 

Жастар тәжірибесіне 4 адам жіберіліп, 2 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Қарасаз ауылы бойынша 22 жұмыс орны ашылды. 49 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек бойынша 18 отбасы өтініш беріп, оларға 3 млн 270 мың 884  тг әлеуметтік көмек көрсетілді.

Грантпен оқитын 1 жетім бала .Оған 438 000 теңге төленді.

   4 мүмкіндігі шектеулі балаға үйден оқытатын әлеуметтік  көмек көрсетіліп,  225 900теңге жәрдемақы төленді.

Чернобль апатына қатысқан 1 адамға 50 000 теңге төленді.

 

       Жалпы 2018 жылы  округ бойынша төленетін мемлекеттік жәрдемақылар көлемі   145 адамды қамтып, оларға барлығы  5 млн 656 мың 100 теңге жәрдемақы  төленді.

 

 9 жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі балаларға материалдық жағынан аз қамтылған от басыларына қолдау мақсатында ауылдық әкімшіліктің ұйымдастыруымен ауыл азаматтары және кәсіпкерлердің демеушілігімен  250 мың  теңге көлемінде ақшалай, заттай әлеуметтік көмек көрсетілді.

 

                        Шағын және орта бизнес –

 

Округ бойынша шағын кәсіпкерлікпен айналысуға 143 субъекті тіркелген. Олардың  113 -і шаруа қожалықтары болса 249 адам жұмыс істейді, 25-ы жеке кәсіпкерлер- 35 адам жұмыс істейді және заңды тұлғалар -5 - 12 адам жұмыс істейді.  Ауылда 2 ағаш өңдейтін цех,1 жүн түтетін шағын қондырғы,сұраныспен тұрғын үй керегесін жабдықтайтын орын,3 жем ұсататын қондырғы ,1 техникалардың дөңгелегін желімдейтін орын ,2 диірмен жұмыс істейді.Осы  жұмыс орындарында 7 адам жұмыс істейді.Округ бойынша барлығы : 308 адам өзін – өзі жұмыспен қамтыған..

                           Денсаулық сақтау саласы –

      

 Қарасаз ауылдық емханасы Қарасаз, Тұзкөл  елді мекендерінің халқына қызмет көрсетеді. Тұзкөл елді мекені Қарасаз ауылынан 18 шақырым қашықта орналасқан.     

 Жалпы округ бойынша  1  терапевт , 1- стомотолог,1 педиатр, 2 – фельдшер, 1-акушерка, 9 –мед.бике,  1- жүргізуші, 1-күзетші,1-аула сыпырушы, 4 тазалықшы барлығы 21 адам жұмыс істейді.

       Қарасаз, Тұзкөл мектептерінде 2 медбике жұмыс істейді.Жыл ішінде қайтыс болғандар – 19 адам. Туған балалар – 51  бала.

Дәрі  -дәрмектер туралы:

1. Алғашқы жәрдем көрсетуге арналған дәрілер

Келгені-                         1171078

Кейбір ауру түріне байланысты мемлекеттік тегін дәрі

Келгені-                         2 550 000

 

                                         Білім саласы - 

       

  Жалпы биылғы 2017 – 2018 оқу жылын округіміздегі 2 орта мектеп және 1 өнер мектебін  515  оқушы аяқтады. Осы мектептерде  барлығы  128  ұстаз дәріс береді.                                   

2017-2018 оқу жылында :

1.  Албан Асан Барманбекұлы атындағы мектеп гимназиясын 38 түлек бітірді. 73 мұғалім дәріс берді.   ҰБТ-дан өтуге  25 оқушы өтініш беріп, тестіге қатысты.

Ұлттық бірыңғай тестінің қорытындысы бойынша 103 балл көрсеткішпен аудан бойынша  алдыңғы орындардан көрінді. 38 бала оқуға түсіп,15 оқушы грантпен жоғарғы оқу орындарына түсті.

Мектеп гимназиясы жанынан құрылған интернатта 104 бала тәрбиеленді. Оның ішінде: Аз қамтылған жанұя - 7,  жартылай жетім бала саны- 7, көп балалы жанұя- 16,  орманшы- 3, малшы –5215 –толық емес жанұя балалары тәрбиеленуде. 

Мектеп жанындағы шағын орталықта 35 бүлдіршін тәрбиеленді.

         Сондай-ақ, мектеп мұғалімдерінен Астана қаласына 9 мұғалім барып «Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мұғалім» төсбелгісімен марапатталды .    

Мектеп оқушылары арасында Республикалық Мұқағали оқулары өтіп, Албан Асан Барманбекұлы атындағы орта мектептің 11 сынып оқушысы Құмарбек Нүркен Ескермесұлы Бас жүлдені иеленді.

 

      2. Тұзкөл ауылдағы Т.Мұсақұлов атындағы орта мектеп бойынша 2017 -2018 оқу жылы 90 оқушы оқыды. Барлығы 28 мұғалім оқушыларға дәріс беріп,17  техникалық қызметкерлер жұмыс істеді. Шағын орталықта  20  бала тәрбиеленді, қызметкерлері – 5 еу. 11- сынып бітіруші түлектер-10, ҰБТ-ға қатысқаны – 3, ортақ балы-65. Барлық 10 мектеп бітірушілер оқу орындарында оқиды.

       3. Қарасаз ауылындағы өнер мектебі мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынында  25 мұғалім, 11 тех. қызметкер жұмыс істеуде. Мектепте  - 250 оқушы оқиды, оның ішінде 62 оқушы  « музыка» және « көркемсурет»,  домбыра, сырнай, қобыз, шертер, би, жетіген,эстрадамен ән айту, дәстүрлі ән класында, 62 оқушы  сурет, мүсін, қолөнер, 82 оқушы-сәндік қолданбалы өнер кластарында оқып білім алды. Қарасаз өнер мектебінің бөлімшелері Талас, Шәлкөде, Қарқара, Кеген,Сарыжаз мектептерінде сурет,домбыра,сәндік қолданбалы кластары бар.

2018 жылы мектеп ұстаздары мен оқушылары аудандық байқаудан бастап, облыстық, республикалық, халықаралық деңгейдегі түрлі байқау, конкурс, көрмелерге қатысып бақ сынады.

                                

                             Мәдениет саласы –

 

     Округ елді мекендерінде  1 мәдениет үйі, 1 кітапхана, 1 музей халыққа қызмет көрсетеді. Бұл мекемелерде барлығы 15 адам жұмыс істейді.

Мәдениет үйіне Сыбанбекова Ләйла 40 жылдық түлегі өз жанұясы атынан  1 300 000 теңге көлемінде музыкалық аспаптар сыйлады.

Жыл аяғында заманауый LED экранмен (көлемі 6м-4м) жабдықталды.

  Мақатаев мұражайы қорында  1085 экспонат бар. Оның – 602-і негізгі қор, 483-і көмекші қорда. 

         Мәдениет үйі жанындағы кітапхана қоры 5873, жыл бойғы оқырмандар саны 4100 .

 

      

    Құрылыс, күрделі жөндеу, көгалдандыру, көркейту-

 

           «Жасыл ел» бағдарламасы бойынша  16 адам ауылды көркейту жұмыстарына ат салысты.

Ауыл ішінде полиция пунктімен қосарланған тұрғын үй нысаны бой көтерді.

Сонымен қатар ауыл бойынша өз қаражаттарымен 13 үй салынуда, оның 5 үйі пайдалануға берілді,  жалпы аумағы 360шаршы метр.  

                  

                         Қылмыс туралы

 

Ауылдық округ бойынша 2018 жылы 21 қылмыстіркелді,тіркелгенқылмыстардың - 11  ашылды, оның - 7  мал ұрлығы бойынша, 4  басқада қылмыс түрлері бойынша.

 

                        

          

 

Қарасаз ауылдық округі әкімі м.у.а                      Д.Мухаметжанов

 

 

 

   Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 15 тамыздағы  «Барлық деңгейдегі әкімдердің  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  № 615 Жарлығын іске асыру мақсатында Райымбек ауданы әкімінің және Қарасаз ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы Қарасаз ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің алдында есеп беру кездесуінің

 

 № 2  Х  А Т Т А М А С Ы

 

Қарасаз ауылы                                                                   19 қаңтар  2018 жыл

 

       Қарасаз ауылдық округі елді мекен уәкілдері мен ауыл тұрғындарының жиыны Қарасаз  ауылындағы Мәдениет үйінің акт залында сағат 10 - 00  - де басталды.

Жиналысқа 350 адам шақырылған. 

Жиналысқа барлығы 305 адам қатысты.

 

Жиналыстың төрағасы  Нұрақынов Марат Тұрдақынұлы - Қарасаз ауылдық округінің әкімі.

 Хатшысы  Т.Малтакбаев - Қарасаз  ауылдық  округінің құрылымдық бөлімше басшысы.

Ж и н а л ы с қ а      қ а т ы с у ш ы л а р:

 

  1. Облыстық статистика департаментінің басшысы Хамитов А.Н
  2. Аудандық прокуратураның прокуроры, аға әділет кеңесшісі Құтелов.Ш.С

      

                                К Ү Н      Т Ә Р Т І Б І Н Д Е :

                                                                            

1. Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 15 тамыздағы  «Барлық деңгейдегі әкімдердің  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  № 615 Жарлығынасәйкес «Қарасаз ауылдық  округі әкімі аппаратында 2017 жылдарға арналған әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламасының  орындалуы және 2018 жылы  атқарылатын жұмыстарының барысы туралы»  есебі

Баяндамашы:  Қарасаз ауылдық  округінің әкімі М.Т.Нуракынов

 

        2. Райымбек ауданының 2017 жылғы әлеуметтік –экономикалық даму жоспарының орындалуы және оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралыаудан әкімінің есебі.

Баяндамашы: Умаров Жолан Ыбрайахынұлы

 

 

                              Т Ы Ң Д А Л Д Ы :

 

1.Бірінші мәселе бойынша Қарасаз ауылдық  окруі әкімі  М.Нуракынов Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 15 тамыздағы  «Барлық деңгейдегі әкімдердің  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  № 615 Жарлығынасәйкес «Қарасаз ауылдық  округі әкімі аппаратында 2017 жылдарға арналған әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламасының  орындалуы және 2018 жылы  атқарылатын жұмыстарының барысы туралы»  есебін берді.

/Баяндама қоса тіркелді./

2.Екінші мәселе бойынша  Райымбек ауданының 2017 жылғы әлеуметтік–экономикалық даму жоспарының орындалуы және оны одан әрі дамытудың міндеттері мен негізгі бағыттары туралыаудан әкімі есепті баяндамасын жасады.

 

                      С Ө Й Л Е У Ш І Л Е Р:

 

1.Қазыбаев Кошербай Сатылганович: Қарасаз ауылдық округі ақсақалдар кеңесінің төрағасы

Құрметті Жолан Ыбрайахынұлы! 

      Қарасаз ауылының тұрғындарының атынан сізге үлкен алғыс білдіреміз.Бізді алаңдатынын 4 мәселе.Осыларды шешуге көмектессеңіз.

1.Ауыз су мәселесі.

2.Жол

2.Балабақша.

3.Ауылдағы дәрігерлік амбулаторияға күндізгі стационарлық  бөлім ашу.

Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға беремін.

 

2.Сергазинова Куралай:Әйелдер кеңесінің мүшесі.

Құрметті Жолан Ыбрайахынұлы!

Сізге ауыл тұрғындары атынан ең бір өзекті мәселені назарыңызға ұсынсам деймін.Ауылдық округтегі аяғы ауыр аналардың, әйелдер кеңесі және  медициналық сараптама жасатуы  үшін Кеген ауылындағы орталық ауруханаға таң ертеңнен кешке дейін уақыттары кетеді.Кейде жұмыстары бітпей ертесі қайта барады.Сол себепті сол аяғы ауыр әйелдердің медициналық тексеруден және сараптама жасатуына белгілі бір күндік кезекті реттеп беруге көмектесуіңізді сұраймыз.

 Аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға беремін.

 

3.Баттал Әділет Ерболатұлы:Ауыл жастары атынан.

Құрметті Жолан Ыбрайахынұлы!

Біздің ауылда спорттық және мәдени шаралар көптеп өтеді.Жастарымыз жігерліде өнерлі.М.Мақатаевтың ауылы болған соң солай болуыда тиіс.Сізге ауыл жастары атынан бір өтініш жасасақ дейміз.Ауылымызға спорттық ойындар өтетін спорт алаңын жасауға көмектессеңіз дейміз.

Бүгінгі өткен аудан әкімі мен ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстарына «қанағаттанарлық» деген баға беремін.

 

Қарасаз ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің бас қосу жиыны күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, ауылдық округі әкімі мен аудан әкімінің баяндамаларын тыңдап, сөйлеушілерден түскен ұсыныстарды  қорытындылай келе

 

Қ А У Л Ы  Е Т Е  Д  І:

 

1.Қарасаз ауылдық округі әкімі  Нуракынов Марат Тұрдақынұлының  есебі назарға алынып, 2017 жылы ауылдық округіміздің  әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру жөнінде атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.

2.Ауылдық округ әкімінің атына түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілсін. Олардың орындалу барысы туралы аудан әкіміне жазбаша түрде хабарлама берілсін.

3.Аудан әкімінің есебі «қанағаттанарлық» деп табылсын.

4.Аудан әкімінің атына түскен ескертпелер мен ұсыныстар 10 жұмыс күні ішінде қаралып,  оларды жүзеге асыру үшін ауылдық округ әкіміне тапсырылсын.   

                   

 

Жиналыс төрағасы:                                  М.Нуракынов

 

                        Хатшысы:                                             Т.Малтакбаев

 


 

Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 15 тамыздағы

«Барлық деңгейдегі әкімдердің  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  № 615 Жарлығын  іске асыру мақсатында Қарасаз ауылдық округ әкімінің 2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы Қарасаз ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің алдында есеп беру кездесуінің

 

 № 1  Х  А Т Т А М А С Ы

 

Тұзкөл ауылы                                                       17 қаңтар  2018 жыл

 

         Қарасаз ауылдық округі елді мекен уәкілдері мен ауыл тұрғындарының жиыны Тұзкөл ауылының Т.Мұсақұлов атындағы орта мектептің акт залында сағат 10-00  де басталды.

Жиналысқа 110 адам шақырылған.

Жиналысқа барлығы 101  адам қатысты.

Жиналыстың төрағасы  Нуракынов Марат Турдакынович - Қарасаз ауылдық округінің әкімі

 Хатшысы  Т.Малтакбаев -  Қарасаз  ауылдық  округінің құрылымдық бөлімше басшысы

К Ү Н      Т Ә Р Т І Б І Н Д Е :      

1. Қазақстан Республикасы Президентінің  2013 жылғы 15 тамыздағы  «Барлық деңгейдегі әкімдердің  халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»  № 615 Жарлығынасәйкес «Қарасаз ауылдық  округі әкімі аппаратында 2017 жылдарға арналған әлеуметтік және экономикалық даму бағдарламасының  орындалуы және 2018 жылы  атқарылатын жұмыстарының барысы туралы»  есебі

 

ТЫҢДАЛДЫ :

 

Қарасаз ауылдық  округі әкімі  М.Т.Нуракыновтың  2017 жылы атқарған жұмыстары  мен 2018 жылы алда тұрған міндеттері туралы есебі.

 Баяндамашы:  Қарасаз ауылдық  округінің әкімі – М.Т.Нуракынов

          /Баяндама қоса тіркелді./         

 Сөйлеушілер:

 

1.Аубакиров Ескермес-ауыл ақсақалы.

Қадірлі ағайын!

Ауылымызға  жүргізілген ауыз су жүйесінің құбырларын қатырмай,дер кезінде ақшасын төлеп жауапкершілікпен қарауымыз керек.Ауылдағы азаматтар жерге ие болайық.Көшелерімізге жарық шамдарын орнатуға көмектессеңіздер.

Ауылдық округ әкімінің есепті баяндамасын «қанағаттанарлық» деп есептеймін.

2.Байболов Марат – ауыл тұрғыны

Құрметті ауыл тұрғындары!

Ауылымыздағы болып жатқан ұрлықтар алыстан келмейді.Ауылдан малды шығарып беретін, өз ауылымыздың адамдары.Көбінесе,ауылдан қалаға  жолаушылап кеткендердің малдары жоғалады.Ұрлыққа тосқауыл жасау үшін, алдымен өзіміз өз малымызды далаға қалдырмай жауапкершілікпен қарауымыз керек.

Ауылдық округ әкімінің есепті баяндамасын «қанағаттанарлық» деп

есептеймін.

3.Байғонысов Нұрдаулет – ауыл тұрғыны

Ардақты ағайын!

 Ауыл әкіміне айтар сұранысымыз,Қарасаз- Тұзкөл арасындағы  жолды жөндеу мәселесін аудан әкіміне жеткізсеңіз.Жәнеде Нарынқолға апаратын Байпақ көтерме жолын көлік жүретіндей жөндетіп берсеңіздер.

Әкімінің есепті баяндамасын «қанағаттанарлық» деп есептеймін.

 

Қарасаз ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің бас қосу жиыны күн тәртібіндегі мәселелерді қарап, ауылдық округі әкімінің баяндамасын тыңдап, сөйлеушілерден түскен ұсыныстарды  қорытындылай келе  ҚАУЛЫ  ЕТЕДІ:

 

1.Қарасаз ауылдық округі әкімі  Нуракынов Марат Турдакыновичтің есебі назарға алынып, 2017 жылы ауылдық округіміздің  әлеуметтік-экономикалық даму жоспарын жүзеге асыру жөнінде атқарған жұмысы «қанағаттанарлық» деп бағалансын.

2.Ауылдық округ әкімінің атына түскен ұсыныс-пікірлерді іске асыру бойынша іс –шаралар жоспары жасалып, бекітілсін. Олардың орындалу барысы туралы аудан әкіміне жазбаша түрде хабарлама берілсін.

                   

Жиналыс төрағасы:                                  М.Т.Нуракынов

 

              Хатшысы:                                 Т.Малтакбаев

 

 

Форма 1

Сведения

об  отчетных встречах с населением акимов сельских округов,

районов и городов по Алматинской  области,Райымбекского района с Тузколь  на 17 января  2018 года

                                                                                 

1.

Количество запланированных отчетных встреч

 

1

2.

Количество проведенных отчетных встреч

 

1

3.

Количество жителей, принявших участие в отчетных встречах                                                               

 

101

4.

Количество жителей, выступивших на отчетных встречах

 

3

5.

Всего высказано критических замечаний

в том числе в адрес:

-

 

- акима  с/о, поселка

-

 

- акима района (города)

-

 

- акима области

-

6.

Всего внесено предложений:

3

 

в том числе по вопросам:

 

 

- экономического характера ( /из них повторные)

-/ -

 

- политического характера ( /из них повторные)

-/ -

 

- социального характера:  ( /из них повторные)

-/ -

 

- оказания госуслуг

 

 

а) по проблеме питьевой воды ( /из них повторные)

1

 

б) по жилищной проблеме (в.т.ч по долевому участию)

- / -

 

в) по земельным вопросам ( /из них повторные)

- / -

 

г) по ремонту и строительству дорог ( /из них повторные)

1

 

д) по ремонту и строительству объектов образования,  здравоохранения, культуры ( /из них повторные)

- / -

 

е) по электрификации, газификации и телефонизации населённых пунктов ( /из них повторные)

- / -

 

ж) по благоустройству, санитарному и экологическому состоянию ( /из них повторные)

-/ -

 

з) другие

1

7.

Освещение в СМИ всего в том числе:

 

 

- в центральных (республиканских) СМИ

-

 

- в местных (областных, районных) СМИ

-

8.

Присутствовали на отчетных встречах представители:

 

 

- Администрации Президента, Правительства

-

 

- Парламента

-

 

- местных исполнительных органов

-

 

Аким сельского округа                                   М.Нуракынов

 

 

Форма 1

Сведения

об  отчетных встречах с населением акимов сельских округов,

районов и городов по Алматинской  области,Райымбекского района с Карасаз на 19 января  2018 года

                                                                                 

1.

Количество запланированных отчетных встреч

 

1

2.

Количество проведенных отчетных встреч

 

1

3.

Количество жителей, принявших участие в отчетных встречах                                                               

 

305

4.

Количество жителей, выступивших на отчетных встречах

 

3

5.

Всего высказано критических замечаний

в том числе в адрес:

-

 

- акима  с/о, поселка

-

 

- акима района (города)

-

 

- акима области

-

6.

Всего внесено предложений:

4

 

в том числе по вопросам:

 

 

- экономического характера ( /из них повторные)

-/ -

 

- политического характера ( /из них повторные)

-/ -

 

- социального характера:  ( /из них повторные)

-/ -

 

- оказания госуслуг

 

 

а) по проблеме питьевой воды ( /из них повторные)

1

 

б) по жилищной проблеме (в.т.ч по долевому участию)

- / -

 

в) по земельным вопросам ( /из них повторные)

- / -

 

г) по ремонту и строительству дорог ( /из них повторные)

1

 

д) по ремонту и строительству объектов образования,  здравоохранения, культуры ( /из них повторные)

- / -

 

е) по электрификации, газификации и телефонизации населённых пунктов ( /из них повторные)

- / -

 

ж) по благоустройству, санитарному и экологическому состоянию ( /из них повторные)

-/ -

 

з) другие

2

7.

Освещение в СМИ всего в том числе:

 

 

- в центральных (республиканских) СМИ

-

 

- в местных (областных, районных) СМИ

1

8.

Присутствовали на отчетных встречах представители:

 

 

- Администрации Президента, Правительства

-

 

- Парламента

-

 

- местных исполнительных органов

1

 

Аким сельского округа                                   М.Нуракынов

  

Т.Мұсақұлов атындағы орта мектеп бойынша 23-29 қаңтар аралығында күннің қүрт суытуына байланысты мектептің жылу жүйесіне және сұйық отынның күнделікті жұмсалуына журнал арнап және төмендегі әкімшілік мүшелері кезекшілік атқаруға міндеттелсін  (Бұйрық№1):
1.Қ.Намазбаев
2.С.Әуелхан
3.Қ.Босқынбаев
4.Н.Емишева
5.А.Али
6.Т.Аманқұлов

Мектеп директоры:Қ.Намазбаев

Шаруашылық меңгерушісі:Т.Аманқұлов

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg