Басып шығару

«Шәлкөде ауылдық округі әкімінің аппараты» Мемлекеттік мекемесінің әкімі Т.О.Иманбаевтың 2018 жылғы атқарылған жұмыстары туралы есепті баяндамасы

вкл. .

Құрметті ауылдастар!

Қадірменді қауым!

       Қазақстан  халқы үшін жақсы жаңалықтар мен елеулі өзгерістерге толы тағы  да бір  жылды  артта  қалдырдық.  Елбасымыз  өзінің  әр  Жолдауында  еліміздің  жан-жақты дамыған жасампаз елге айналуы жолындағы ең негізгі     бағыттарды алға тартып  қана  қоймай,  оның  жүйелі  жүзеге  асуын  ұдайы назарда ұстап келеді.Жуырда  ғана  жарық  көрген «Қазақстандықтардың әл-ауқатының   өсуі,  табыспен  тұрмыс  сапасын  арттыру»  атты   Елбасының дәстүрлі  халыққа жолдауы әдеттігідей бұл жолыда көпшіліктің  қолдауына кеңінен ие  болды.

 Мемлекет  басшысы  халық  табысының  өсуін,  тұрмыс сапасының   артуын   сондай-ақ  өмір  сүруге  жайлы  орта  қалыптастыруға, азаматтар     сұранысына    бейімделген    Мемлекеттік    аппараттың    жаңа форматциясын    жасақтауға,    тиімді   саясатпен   әрбір    Қазақстандықтың еліміздегі  өзгерістер   үдерістеріне   ат салысу өз Жолдауында басшылыққа алды.   Құрметті   ауылдастар!   халқымыздың  бақуатты,  өмір   сүруі  және еліміздің  озық   дамыған  30  елдің қатарына  қосылуы – тәуелсіз  еліміздің мәңгілік мұраты. Сонымен қатар биылғы жылды «Жастар жылы»  деп алды. Отанымыздың мәдени-экономикалық дамуына өз үлесімізді  қосуға  тиіспіз.  Жолдаудан     туындайтын    мақсат      міндеттерді    орындалуда   Шәлкөде   ауылдық  округі  бойынша  атқарылған  жұмыстарға тоқталар болсақ:

 

                              Ауылшаруашылық саласы бойынша

 

      Жыл   басынан   бері  343 734 000   теңгенің   ауылшаруашылық   өнімдері  өндірілді. Өткен жылдың  осы  мерзімімен  салыстырғанда  өндірілген  өнім 5       пайызға    өсті.  Округ   бойынша   600   га   жерге  дәнді-дақыл  егіліп,  317 га жерге    отырғызылған  картоп  ысырапсыз   жиналып  алынды.  2226  га  шөп Кеген      бойы     шабыстарынан   19  992    тонна    шөп   даярланып,   малшы отарларымен жеке ауыл тұрғындары аулаларына жеткізілді.

       Шәлкөде   ауылдық округінде 4933 га егіс алқабы бар. Оның 1954 га жері суармалы егістік. Барлық игерілген  жер 3022 га.

Ауылдық    округ    бойынша  27  дана   ауылшаруашылық  техникалары  бар. Биылғы жылы «Талас Агро» кооперативі 1 МТЗ-82 және  1-ЮМЗ  тракторын және 1 ЕНИСЕЙ   астық  оратын   техникасын   алып  келді.  Ауылдық  округ бойынша шаруа қожалықтары 3 дана  пресс-подборщик, 3 дана шөп шабатын  шапқыштарын    өз    қаражаттарына     сатып   алды.   Дала    жұмыстарының  барлығы    дерлік   осы   техникалармен   атқарылуда.  Егіс  алқаптарын игеру мәселесі    әліде    кенжелеп  тұр.  Десекте  ауылдық округ бойынша ірі шаруа қожалықтарының   төңірегіне   ұсақ    шаруаларды    топтастырып,  ірілендіру арқылы   егістік  жерлерді  бірігіп  игеру мақсатында қолда бар техникаларды біріктіре   отырып   жасап,  көктемгі-күзгі  дала жұмыстарына біраз шаруалар атқардық. Көктемгі егіс үшін 50 га сүрдігер жыртылып дайындалынды.

      Бұған қосымша 80 га жерге көп жылдық шөп егу жоспарлануда. Жанар-жағар  май мәселесі де уақытымен шешімін табады деп ойлаймын.

 

                                   Мал шаруашылығы.

 

        Округте  барлығы  32350  бас  қой-ешкі,  6571  бас  ірі  қара,  4070  бас   жылқы   малы   бар.  Жалпы  мал өсірумен 78 шаруақожалығы айналысады. Мал  шаруашылығы  өнімдерін   өндіру   болжамы   толығымен орындалды. Шаруа  қожалықтары мен сатып алынған 10 бас асыл тұқымды бұқалар бар.  Жыл   басынан   бері  округімізде 2 ауылшаруашылық  кооперативі  жұмыс жұргізуде.  Бұлардың негізгі айналысатын   жұмыс бағыты мал бордақылау және   құрама  жем  шығару, сүт  қабылдау   пункттерін  ашу.  Бүгінгі  күні  «Талас  Агро»   кооперативі   құрамында 20 мүшесімен 100 басқа арналған  мал     бордақылау   алаңын   салып,    құрама   жем     шығаруға    арналған қондырғыларын орнатып жұмыстарын жүргізуде.                                                         

         Жыл басынан бері малдәрігерлері мен егу емдеу жұмыстары  тұрақты   жүргізілуде.  Бұл салада барлығы 11 адам жұмыс атқарады. 2 адам тұрақты    9   адам   маусымдық.   Елдімекен    аса   қауіпті  жұқпалы аурулардан  таза. Қолда  бар   малдың 30  пайызы  ауылдық  жерлерде   бағылуда.  Қалған 70 пайызы шаруа  қожалықтарында, нақтылап айтқанда 78  малшы   отарында   топтастырылған. Талас    аймағында  33.   Шәлкөде аймағында  45   малшы отарлары   бар.   Мал   өсіру    саласында   239  адам жұмыс атқарып жатыр. Округіміз бойынша жыл басынан бері 472бас жылқы,692 бас ірі-қара, 5792 бас қой малы сатылып 334 800 000 теңге кіріс кірді.

      Мал  қыстату   мәселесі    де    ойдағыдай  өтіп  жатыр. Округ бойынша даярланған  19 830  тонна мал азығының 13100 тоннасы мал қыстауларына  жиналған  және  ауа-райы да мал бағуға қолайлы болып  тұр. Мал  қыстату  маусымына  байланысты  жұмысшы топ құрылған. Және  жұмыс  жоспары жасалынып   тиісті   шаралар  атқарылуда.  Осы  топтың  ұйымдастырумен малшылар   мен   кездесулер   өткізіліп,  онда   малшы   ауылдарымен  жол қатынасы,   малшылардың   әлеуметтік  жағдайы, қоғамдық тәртіп, малшы   отбасының,  мал   қорасы   мен   малшы   үйінің   тазалығы, мал азығы мен  ауылшаруашылық   жануарларын   аса   қауіпті   жұқпалы   індет  ауруына жібермеу мәселелері талқыланды.

 

                                                  Салық мәселесі. 

        Еліміздің  әл  ауқатының  артуы,  экономиканың қарыштай өсуі оның   салық   саясатына    байланысты   екені   сөзсіз. Округіміз  бойынша  көлік   салығы   болжаммен 4 000 000 теңге, орындалғаны 3 930 000 теңге  болып      98.25 пайыз орындалды, табыс салығы  болжаммен  425  000   теңге  болса    425000  теңге  болып 100  пайызға орындалды, елдімекендердің жерлеріне     жеке   тұлғалардан   алынатын   жер   салығын   қоспағанда,   жер   салығы болжаммен   286  000 теңге болса  орындалғаны 330 131   теңге болып 115 пайызға  орындалды. Мүлік салығы бойынша болжам 217 000 теңге болса,   ол   254 505   теңге    болып   117  пайызға  орындалды. Барлық салық түрінен берілген болжам 4 928 000 теңге болса ол 4 939 636  теңге болып 100 пайызға    орындалды.   Мүлік,    жер,    салықтарынан     қарыздарымыз   жоқ.  Берешек қарыздар     бойынша    аудандық     кірістер   басқармасымен бірлесіп жұмыс      жасап жатырмыз.

                                          -Білім саласы.

      Жалпы  биылғы  2018-2019  оқу  жылын  округіміздегі   екі   орта   мектеп  466    оқушымен     бастады,    оның     ішінде    26    оқушы    мектеп  бітіруге даярлануда.   Мектептерде    барлығы- 91   мұғалім  оқушыларға дәріс береді.

Мектептер  жанынан  құрылған  шағын  орталықтарда  62  бала  тәрбиеленіп,   оларға  барлық  жағдай  жасалған.  Шағын  орталықтарда  ыстық су,  суық су     жүргізілген. Арнайы боллерлер орнатылған. Жуынатын орын, унитаз жұмыс істеп тұр. Асханалармен жабдықталған.

         Жалпы мектептерде аз қамтылған отбасы, көп балалы отбасы балалары мен қатар жартылай жетім балалар назардан  тыс  қалмайды.  Биылғы  жылы  мектептерде      ауыл    тұрғындары    мен    кәсіпкерлердің     демеушілігімен  «Мектепке    жол»    акциясы   ұйымдастырылып   185 0 0 0  теңге  көлемінде ақшалай  заттай көмек көрсетілді.

Жоғарыда аталған отбасы балалары үшін ыстық тамақ  2 574   000 мың теңге   қарастырылған. Мектеп жанындағы асханада 53 балаға арнайы міндетті білім қоры есебінен ыстық тамақ ішеді. Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз етуде  дұрыс   жолға     қойылған.  Биылғы   жылы   округіміздегі   Шәлкөде,   Талас елдімекендерінде   ауыл    демеушілігімен   14 000 000 теңге спорт кешендері салынып   пайдалануға    берілді.    Ш.Уәлиханов   атындағы    орта мектептің күрделі жөндеуден өткізуге құжаттары даярланып жатыр.

Мектептер от жағу маусымына сұйық отынмен қамтамасыз етілген. Жылу қазандықтары жақсы жұмыс істеп тұр.

                                                  

                                      -Әлеуметтік сала бойынша

       Округімізде   үйден  әлеуметтік көмек көрсетілетін адам саны -14, оның 3 ішінде  мүмкіндігі   шектеулі   балалар,  2  адам  I-топ  мүгедегі  болса,  II-топ мүгедегі  3  адам,  6  адам   жалғыз   басты  қарттар.  Бұл  адамдардың тыныс-тіршілігін   округіміздегі  2  әлеуметтік  қызметкер  назардан  тыс қалдырмай, үнемі   қадағалап   жәрдемдесіп  отырады.  Қысқы от жағу маусымына жалпы көлемі  20    тонна    көмір   әкелініп    берілді.  4  жалғыз  басты қартқа шаруа қожалықтары   арқылы   қыстық  отын  әкелініп  берілді. Мүмкіндігі шектеулі мүгедек  бала   Қойлыбай  Аружанға  Алматы қаласындағы «Балбұлақ» емдеу орталығына   емін    алуға    51 000    теңге    ауыл  азаматтары ақшалай көмек көрсетті.   Қарттар     күні    мерекесіне    орай  ауыл жастарының қолдауымен ауылдағы      жалғыз     басты     қарттардың    үйлерін әктеп, ауласын тазалап, қоқыстарын   арнайы   орындарға  төгіп көмек көрсетті. Жаңа жыл мерекесіне орай   ұйымдастырылған   аудан   әкімінің  шыршасына 4 бала қатысып аудан әкімінің сыйлықтарына ие болды.

 

                                 -Денсаулық саласы:

 

        Амбулаторияда  еңбек ететін 2 дәрігер, 13 орта буын қызметкерлері 5 кіші буын қызметкерлері жұмыс істейді. 

Жыл    басынан   бері емдеу амблаториясы жұмыс көрсеткіштері бойынша жалпы    емделген   адам   саны-532 адам. Күндізгі станционарда 76 науқас емделді. Диспансерлік есепте 380 адам тұрады.Үлкен адамдар  304, жастар  47, балалар    29.   Жалпы   адам   өлімі   24 адам. Туылған сәбилер-27 бала.

   Емханаға  алғашқы   көмекке  кіріс дәрі  3700 6533, 51 теңге, шығыс дәрі 2976087,40   теңге,   қалдық    дәрі   724566,02 теңге. Күндізгі емдеу бөлімі бойынша кіріс-551854,29 теңге, шығыс-401355,01теңге, қалдық  150499,28 теңге.

                             Тазалық көркейту, көгалдандыру 

     Ауылымызда   көркейту,  көгалдандыру жұмыстарына байланысты жыл басынан бері 154 тонна күл-қоқыс шығарылды.550 түп тал терек ағаштары отырғызылып     күтілді.     3,9    шақырым ауыл іші тоғандары тазартылды.            Қарасаз     ауылынан    Талас     аулына    дейінгі  тас жол аралығына 25  км шақырым   жолға   тас   құм төгіліп түзетілді. Ауыл іші жолдарына 4  көпір жасалынды. Округіміз   бойынша 8  үй жаңадан салынып, 39 аула шарбағы жаңартылды. Арнайы орындарға 9 билбордорнатылды.Талас ауылына кіре берсіндегі арка жаңартылды.   

   Елді мекендерімізде 2 Казпочта бөлімшелері халыққа қызмет етеді. Ауыл тұрғындары     зейнетақысын,    мұғалімдермен   мекеме   қызметкерлерінің жалақысын   және   де  басқа ақша беру, алу операциялары осы екі бөлімше арқылы   атқарылады,   баспасөз     басылымдарына   жазылуға көмектеседі.  Таратылған баспасөз    1055  дана.

  Елдімекендерде      Қазақтелеком     АҚ-ның  374 телефон нүктесі және 90 интернет  желісі  жұмыс жасайды. Көрсетілетін қызмет түрлерін қадағалау үшін 1 электромантер жұмыс атқарады.

                              Мәдениет саласы бойынша:        

   Округ     елді    мекендерінде  1 мәдениет үйі, 1 кітапхана халыққа қызмет көрсетеді. Бұл мекемелерде барлығы 6 адам жұмыс істейді. Ауылымыздағы барлық     мерекелік    шаралар,    салтанатты    жиындар    жоғары деңгейде ұйымдастырылуына    ат    салысады. Мәдениет үйі жанында эстрада әндері үйірмесі, домбыра үйірмесі және әжелер ансамблі жұмыс істейді.

    Ауылдық кітапхананың кітап қоры-5063 дана,  оқырман  саны-512 адам.   Биылғы жылы келіп түскен кітап саны-239 дана. Кітапханада әр мерекелік шараларға байланысты тақырыптық көрмелер жасалып, шаралар өткізіліп тұрады.

        Сөзімді қортындылай келе айтарым, атқарылған жұмыстардан әліде атқаратын жұмыстарымыз жеткілікті осы жұмыстарды алдағы  күндерде  сіздермен   бірлесе  отырып  орындаймыз  деген  ойдамын. Назар қойып   тыңдағандарыңызға көп рахмет.                        

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg