Басып шығару

Қазақстан Республикасы Президентінің «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Нарынқол ауылдық округінің әкімі Ж. Әділбековтің 2018 жылы атқарған жұмыстары жайлы есепті баяндамасы

вкл. .

Құрметті ауыл тұрғындары !

 

         Нарынқол ауылдық округінде Елбасы Жолдауында көрсеткен бағыт-бағдарды ұстанып ауыл тұрғындарымен бірлесе отырып ауылдық округтің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту,  жаңа жұмыс орнын ашу арқылы жұмыссыздықты азайтып, қылмыстың алдын алу, ауылдың мәдениетін көтеру, орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың талап-тілектерін ескере отырып біраз жұмыстар атқарылды.

 

         Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлының «Жергілікті атқарушы органдар басшыларының тұрғындар алдында есептік кездесу өткізу туралы» Жарлығын орындау мақсатында ауылдық округте  2018 жылы әр сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталуға рұқсат етіңіздер.

         Нарынқол  ауылдық округіне қарасты 2 елді мекенде халық саны – 8132 адам. Ауылдық округте халықтың әлеуметтік жағдайын арттыру ең басты мақсаттардың бірі болып табылады. Ауылдық округ бойынша  10 жалғыз басты зейнеткер,  3 мүмкіндігі шектеулі  азаматтар есепте тұрады. Ай сайын әлеуметтік бұрыштар  арқылы көмектер беріледі және үнемі бақылауда тұрады. 2018 жылы халықтың әлеуметтік тұрғыдан әлсіз топтары: табысы аз және көп балалы отбасыларға, мүгедектерге, балаларға  жалпы саны 132 адамға демеушілер тарапынан азық-түлік, киім-кешек, көмір, отын, мектеп құралдары берілді. Қоғамдық-бұқаралық және мәдени іс-шараларды өткізуде жеке кәсіпкерлердің көмегімен 100 адамға 390000  теңгенің сый-сияпаты жасалды.

Бюджет саласы бойынша :

Барлығы 147 млн 114 мың теңге қаралды.Оның ішінде ауылдық округ әкімінің аппаратын ұстауға 21 млн 673 мың теңге, мектепке дейінгі тәрбиелеу, оқыту  ұйымдарына  45 млн 2015 мың теңге, елді мекендердегі көшелерді жарықтандыруға  – 4 млн 282 мың теңге, елді- мекендердің санитариясын қамтамасыз етуге – 41 млн 315 мың теңге, елді мекендерді абаттандыру және коғалдандыруға 26 млн 181 мың теңге, автомобиль  жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз етуге 6 млн 584 мың теңге бөлінген.

Салық:

      Нарынқол ауылдық округінде тіршіліктің негізгі кіріс көзі салықтың 2018 жылы орындалуы төмендегідей болып отыр.

-         Табыс салығы болжаммен 5 млн 494 мың теңге, орындалғаны 3 млн             945 мың теңге

-         Көлік салығы болжаммен 16 млн 715 мың теңге, орындалғаны 13 млн

909 мың теңге

-         Мүлік салығы болжаммен 570 мың теңге, орындалғаны 669 мың теңге,             99 мың теңге артығымен орындалды.

-         Жер салығы болжаммен 505 мың теңге, орындалғаны 685 мың теңге,                  180 мың теңге артығымен орындалды.

     Ал жеке тұлғалардың көлік салығынан берешек қарызы бар борышкерлерге хабарламалар таратылып, өндіру жұмыстары жүргізілді. Салық төлемдерін  мерзімінде төленуін қадағалау жұмыстары атқарылып жатыр.

     2019 жылға кіріс көздерін көбейту бойынша, кәсіпкерлікпен айналысып  бірақ заңды түрде тіркелмей жүрген азаматтарды анықтау және елді мекен шегінде өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу мақсатында пайдаланып жатқан жерлердің құжаттарын заңдастырылуына ықпал жасау бағытында жұмыстар жүргізіледі.

Ауылшаруашылығы саласы бойынша :

Ауылдық округ бойынша жалпы жер көлемі 29592,00 га. Оның ішінде ауылдық округтің жері 3168,00, егістік 3420 га жер, суармалысы 2286 га жер, жайылымдығы 22900,00 га, шабындық – 104 га.

         Жер негізгі кіріс көзінің бірі болғандықтан ауыл тұрғындарымен өткен жиындарда күн тәртібінен түспейтін мәселелердің бірі –жерді мақсатты пайдалану, құжаттарын заңдастырып тіркеу. Биылғы жылы 70 % шаруа қожалықтары құжаттарын заңдастырып, Әділет басқармасына тіркетті.

 2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан барлық дәнді дақыл 650 га, орташа түсім 27 центнерден, жалпы түсім 17400 центнер. Оның ішінде: күздік бидай 50 га, орташа түсім 27 центнерден, жалпы түсім 1350 центнер, Жаздық бидай 150 га, орташа түсім 26 центнерден, жалпы түсім 3900 центнер, Жаздық арпа 450 га, орташа түсім 27 центнер, жалпы түсім 12150 центнер,картоп  560 га, орташа түсім 220  центнер, жалпы түсім 123160 центнер, көкөніс 30 га, орташа түсім 274 центнер, жалпы түсім 8240 центнер, көп жылдық шөп 1910 га, орташа түсім 49 центнер, жалпы түсім 93590 центнерден өнім алынды.

Мал шаруашылығы бойынша округте ірі-қара  4800 бас, аналығы-2700 бас, жылқы 4443 бас, аналығы 2632 бас, қой-ешкі 18000 бас, аналығы-12060 бас, құс -5125 бас, аналығы 2518 бас  болды.

Малды  жайлауға  өз уақытында көшіру, жайлаудан түсіру, дихандардың еккен егінін малға таптатпау басты жұмысымыздың бірі. 2018 жылы осы бағытта біраз жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да бір біріміздің еңбегімізді бағалап, жекеменшік малдарыңыздың жайлауға уақтысында шығуына, жайлаудан ерте түсірмей бағу жұмыстарын ұйымдастыруға күш салуымыз керек

Тұқымдық түрлендіруге  Абдраманов Қыдырәлінің «Жандос» шаруа қожалығының  1398 бас ұсақ мүйізді мал басы қатысты. Төленген субсидия көлемі 3 млн. 495 мың теңге.

   

Тұрғындардың өтініштерін қарау

 Ауылдық округ әкімінің қабылдау кестесі жасалған.  2018 жылы ауылдық округ  әкімінің аппаратында  құжат айналымы бойынша  133 кіріс құжаттары, 341 шығыс құжаттары тіркелді. Жеке  тұлғалардан  16 өтініш түсіп, түскен барлық өтініштер қаралды және өтініш берушілерге заңда белгіленген мерзімде жауап берілді.

Денсаулық саласы бойынша:

         Сәби өлімі- 2017 жылы - жоқ, 2018 жылы- 1, ана өлімі-жоқ, дүниеге келген балалар саны – 2017 жылы 136 болса, 2018 жылы -110 бала,                       қайтыс болған адамдар саны – 2017 жылы 44 болса, 2018 жылы 55 адам, туберкулез – 2017 жылы – жоқ, 2018 жылы -4, бруцеллез  2017 жылы жоқ,              2018 жылы – 1, сары ауру – 2017 жылы -2 адам, 2018 жылы – 1 адам.

1 науқас балаға  аурухана, мешіт және әкімшілік тарапынан  120000 теңге ақшалай көмек көрсетілді.

Білім саласы бойынша:

Ауылдық округте 3 орта мектеп, 1 бастауыш мектеп бар, 1 мектепаралық оқу өндірістік комбинаты бар.  

О. Жандосов атындағы орта мектебінде ҰБТ-ның орташа балы 2017 жылы   99 % болса, 2018 жылы  87 %, мұғалімдер саны – 37. Жартылай жетім – 21 бала, толық жетім – 1 бала, мүгедек – 1 бала бар. «Жалпыға бірдей білім беру қоры» есебінен әлеуметтік категориядағы 42 оқушы 1 уақыт ыстық тамақпен қамтылған. Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында «Жартас Қазақстан» қайырымдылық қорының төрайымы Қайгатырова Роза Ерланқызы мектеп жанындағы шағын орталыққа жылы төсеніштер және 25 оқушыға мектеп сумкалары мен күздік аяқ киім, 10 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Көрсетілген көмектің жалпы сомасы – 645 292 теңге.

Т. Жанұзақов атындағы орта мектебінде ҰБТ-ның көрсеткіші 2017 жылы 84,3 % болса, 2018 жылы  - 94,4%, мұғалімдер саны – 56. Үйден оқитын бала саны – 4, инклюзивті оқыту бойынша оқитын бала саны – 3.

Б. Соқпақбаев атындағы орта мектебінде ҰБТ-ның көрсеткіші –2017 жылы 67 % болса, 2018 жылы 78 % болды. Мұғалімдер саны – 44. «Мектепке жол» акциясы аясында «Жартас Қазақстан» қайырымдылық қорының төрайымы Қайгатырова Роза Ерланқызы 25 балаға 250 000 теңгеге аяқ киімдер алып берді.

Құрылыс саласы бойынша:

2018 жылы Нарынқол ауылында құрылыс саласы бойынша көптеген жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, Талдықорған қаласының демеушілігімен шағын футбол және дене шынықтыру алаңы жасалды. Алакөл, Қапшағай, Панфилов  аудандарының демеушілігімен балалар ойын алаңдары, Қарасай ауданының  демеушілігімен 8 пәтерлі үйдің шатыры және сыртқы жөндеу жұмыстары жасалды. Көксу, Ұйғыр, Ескелді, Іле, Кербұлақ аудандарының демеушілігімен көп пәтерлі үйлердің шатырлары ауыстырылып, құм сылақ жұмыстары жүргізілді. Балқаш ауданының демеушілігімен А.Бекмұханбетов көшесіне, Жамбыл ауданының демеушілігімен Жамбыл көшесіне, Қаратал ауданының демеушілігімен Дембаев көшесіне көше жарығы орнатылды.

 

Жұмыспен қамту саласы бойынша:

Жұмыссыз ретінде тіркелгендер саны – 261 адам, оның ішінде қоғамдық жұмысқа тартылғаны 46 адам, кәсіптік оқуға- 18  адам оқытылып, әлеуметтік жұмыс орнына  1 адам орналасты. Жаңа ашылған жұмыс орны – 85, жастар тәжірибесінен – 20 адам өтті, жұмысқа орналасқандар саны – 60 адам, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алғандар саны – 53 адам. Нарынқол ауылы бойынша азаматтардың мәртебесін  анықтау мақсатында  2018 жылы 1132 адамның мәртебесін анықтау жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытқа дейін 527 адам өзектендірілді. Қалған 605 адамның статусын анықтау барысында жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Нарынқол ауылдық округі бойынша пробация қызметінің есебінде                       13 азамат тіркеуде тұрады. Оның ішінде 10 адам жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретінде тіркелген, жұмысқа орналасқаны -9, бала күтімінде -1.

Мәдениет саласы бойынша:

Ауылдық округте әрбір мерекелік шаралар: 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні», «Наурыз» мерекесі, «Қазақстан Халықтарының бірлігі күні», Жеңіс күні, «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні», Ата Заң, Білім күні, қарттар күні, «Тәуелсіздік күні», Жаңа Жыл мерекелері мен  мәдени және спорт шаралары ауыл халқының көңілдерінен шығатындай жоғары деңгейде ұйымдастырылып келеді. 8 наурыз «Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай жеке кәсіпкер Тілек Юсупов аналарға 150000 теңгенің сый-сияпатын жасаса, ауылдық округтегі 20 жеке кәсіпкерлер дастархан мәзірін ұйымдастырды.

Спорт саласы бойынша :

25 тамыз 2018 жылы Нарынқол ауылынан шыққан спортқа жанашыр азаматтардың ұйымдастыруымен кіші футболдан аудандық жарыс өткізілді. Шара ұйымдастырушылары елімізге еңбегі сіңген ардагер спортшыларға сыйлықтар тарту етіп, шапан жауып, арнайы Алғыс хаттармен марапаттады. Ауылдық округтегі Ноғай Мүсірбаев атындағы  спорт алаңына ауылдан шыққан спорт жанашырларының ұйымдастыруымен қоршаулары қалыпқа келтіріліп, 6 қақпа орнатылды және Ноғай Мүсірбаевтың есімі жазылған арнайы тақтайша ілінді. Осы спорт алаңына келетін жолға тас төселіп, көше ретке келтірілді.

         «Ауылым алтын бесігім» атты спартакиадада Нарынқол ауылдық округінде кіші футболдан жарыс өтті. Сонымен қатар спорттың 14  түрінен жалпы рейтинг бойынша Нарынқол ауылдық округі бірінші орынды иеленді.

         Талдықорған қаласында өткен Астана қаласының 20 жылдығына орай, бұқаралық спортты дамыту, әріптестік қарым-қатынасты нығайту мақсатында ұйымдастырылған мәдениет қызметкерлері арасындағы VІ спартакиадада  футболдан ІV-орын, қол күресінен II-ші орын, волейболдан II-ші орын алып, нәтижесінде жалпы командалық есепте Нарынқол ауылдық округі V-ші орынға тұрақтады.

         Тәуелсіздік күні мерекесіне орай волейболдан Нарынқол ауылының ашық біріншілігі өтті. Оған Нарынқол ауылынан 14 команда қатысты.

 

Қылмыс:

 Ауылдық округ аумағында қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында 1 учаскелік полиция инспекторы қызмет атқарады. Қызметтік автокөлікпен және тұрғын үймен қамтасыз етілген. 2018 жылы  жалпы тіркелген қылмыс саны – 28 қылмыс. Оның ішінде 21 қылмыс ашылған, 7 қылмыс ашылған жоқ.  67 адамға әкімшілік шара көрілді.  Сот арқылы                          8 адамға шара көрілді. Оның ішінде 2 адам әкімшілік қамауға алынды. 37 адамға айыппұл салынып, 22 адамға ескерту берілді. Профилактикалық есепте 21 адам есепте тұрады.

Сонымен қатар ауылдық округте   сыбайлас жемқорлық, құқық бұзушылыққа қарсы күрес  шеңберінде жұмыстар үздіксіз жүргізіліп келеді. Елбасының тапсырмасымен  «2015-2025 жылдарға арналған  сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл бағдарламасы» бойынша іс шаралар жоспары әзірленіп, кестеге сәйкес «Жемқорлық –қоғам дерті», «Адал-ұрпақ», «Жемқорлыққа- жол жоқ!» тақырыбында кездесулер, дөңгелек үстелдер, ауыл жастарының қатысуымен  пікірталастар өткізілді.   

        

                          Құрметті ауыл тұрғындары!

 

        Қорытындылай келе, Елбасының берген нақты бағыттарын басшылыққа ала отырып, алға қойған мақсаттарға жету үшін бірлесіп еңбек етуге тырысуға тиіспіз деп айтқым келеді. Осы жоғарыда атқарылған жұмыстардың барлығы дерлік сіздердің тынымсыз еңбектеріңіз бен өздеріңіздің қосқан үлестеріңіз арқылы атқарылып келеді. Алдағы уақытта әлеуметтік жағдайымыздың жақсаруына, экономикамыздың қарқынды дамуына, ауылымыздың көркейіп гүлденуіне әрқашан бірлікте, татулықта болып өз үлесімізді қосайық.     

 

Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg