1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Райымбек ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарған жұмыстарына талдамалық анықтама

вкл. .

 Райымбек ауданы жергілікті атқарушы органдарының 2016 жылы мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша атқарған жұмыстарына талдамалық анықтама

Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар ҚР Үкіметінің               18 қыркүйек 2013 жылғы № 983 қаулысымен бекітілген көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Реестріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетеді. Аудандық деңгейде 88 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

Олардың ішінде 11 мемлекеттік қызмет тек мемлекеттік корпорация және электронды үкіметтің веб-порталы арқылы, 22 мемлекеттік қызмет тікелей мемлекеттік органдар арқылы, қалған 55 мемлекеттік қызмет альтернативті негізде көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер «Е-акимат», «ИИС ЦОН»,  «Адресный регистр», «Е-собес», «Е-лицензирование» электрондық жүйелері, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы және тікелей жергілікті атқарушы органдар арқылы көрсетіледі.

2016 жылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде белгіленген қызмет көрсету уақытының бұзылуы орын алған жоқ. Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтер уақытында орындалды.                                                       

2016 жылы жалпы 299008 мемлекеттік қызмет көрсетілді (2015 жылы 135642 қызмет), оның ішінде:

      -  жергілікті атқарушы органдар арқылы – 292363 (2015 жылы 129452 қызмет);

-  мемлекеттік корпорация арқылы – 5341(2015 жылы 5558қызмет);

-  электронды түрде – 1305(2015 жылы 632 қызмет).

        Наибольшее количество оказанных услуг отмечено по следующим видам:

Бұл кезеңде ең көп көрсетілген мемлекеттік қызмет түрлері:

      - «Ауыл шаруашылығы жануарларына бірдейлендіру жұмыстарын жүргізу және ветеринарлық паспорт беру» – 279106 қызмет (немесе барлық көрсетілген қызметтің 93,3%-ы);

      - «Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін әлеуметтік сала мамандарына отын сатып алу бойынша әлеуметтік көмек тағайындау» – 3332 қызмет (немесе барлық көрсетілген қызметтің 1,1%-ы)

        - «Он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау» – 2879 қызмет (немесе барлық көрсетілген қызметтің 1%-ы);

          Сараптамалық мерзімде мемлекеттік қызметтердің көрсетілу сапасына шағым түскен жоқ.

Райымбек ауданының аумағында мемлекеттік корпорацияның                2 бөлімшесі жұмыс істейді Мемлекеттік орган ғимараттары халықтың мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы алуы үшін толықтай жабдықталған.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту мақсатында  ауданымызда мемлекеттік қызметтерді көрсету жолдарын түсіндіру жұмыстары, ведомствалық бағынышты мекемелерге ішкі бақылау жұмыстары және электронды қызметтерді пайдалануды халық арасында насихаттау жұмыстары жүргізіліп отырады.

2016 жылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді кеңінен насихаттау және халықты көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттарымен таныстыру мақсатында аудандық «Хантәңірі» газетіне 24 мақала, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру мақсатында мемлекеттік қызмет көрсететін мекемелердің қызметкерлері арасында 30 семинар-кеңестер мен 14 дөңгелек үстелдер өткізілді.

        

Аудан әкімі аппаратының басшысы                              О.Тақабаев

 

 

 

 

 

Орын.:Нургазы К

8/72777/21654