Басып шығару

Ұлт жоспары қазақстандық арманға бастайтын жол

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Әр ұрпақтың өз арманы бар, оларда тек жеке және отбасылық игіліктерге ғана ұмытылыс көрініс таппайды. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» - Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кірісу рәсімінде сөйлеген сөзінде алдағы уақытта «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынатынын айтқан болатын. Елбасының бұл жоспары халықтың назарына Ұлт Жоспары–«100 нақты қадам» деген тақырыппен ұсынылды. «100 нақты қадам» елімізде «2050 - Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мемлекеттілігін нығайтуға бағытталған.

 

      Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру, жанама салық салу тетіктерін жетілдіру және кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқылы қолданыстағы салық режимін оңтайландыру көзделген. Атап айтқанда, орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұрағатына ие болады. Тәуекелдерді басқару жүйесін енгізу. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады. Қосымша құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу - 43,44,45-қадамдарында аталған. Жоспардың қоғамда мемлекетіміздің тарапынан қабылданған заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.

 

                                  Райымбек  ауданы бойынша

                                              мемлекеттік кірістер басқармасының

                                          Есептеу, талдау және ақпараттық

                                              технологиялар бөлімінің бас маманы

                    Қ.Әлімбекқызы   

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg