Басып шығару

Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

   Салық кодексінің  27 бапбойыншамүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

  427 бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылатыны:

 

  1) тауарларды өткізуден, жұмыстардыорындаудан, қызметтерді көрсетуден түсетін табыс,оның ішінде роялти, мүлікті мүліктікжалдаудан (жалға беруден) түсетінтабыс;

  2) міндеттемелерді есептен шығарудан түсетінтабыс;

  3) талап ету құқығын басқаға беруден түсетін табыс;

  4) бірлескен қызметті жүзеге асырудан түсетін табыс;

  5) таңылған немесе борышкер таныған айыппұлдар, өсімпұлдар және басқа да санкция түрлері (егер салық төлеуші бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүзеге асырған кезеңде, бұрын бұл сома шегерімге жатқызылмаса, негізсіз ұсталып, бюджеттен қайтарылған айыппұлдардан басқа);

  6) мемлекеттік бюджет қаражатынан шығындарды жабуға алынған сомалар;

  7) материалдық құндылықтардың түгендеу кезінде анықталған артық шығуы;

  8) кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға арналған, өтеусіз алынған мүлік түріндегі табыс (қайырымдылық көмекті қоспағанда);

  9) жалға беруші дара кәсіпкердің жалға берілген мүлкін күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстарын жалға алушының өтеуі;

  10) жалға алушының жалға алу шарты бойынша төлемақы есебіне есептелетін, дара кәсіпкерден жалға алған мүлікті күтіп ұстауға және жөндеуге арналған шығыстары.

  Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режімін қолданатын салық төлеушінің табысы ретінде салық салу мақсатында:

  1) өтеусіз берілген мүлікті беруші салық төлеуші үшін - осындай берілген мүліктің құны;

  2) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес мемлекет мұқтажы үшін сатып алынатын активтерді өткізу;

 егер тауар бірлігінің құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңдабелгіленген және осындай беру күнінде қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, жарнамалық мақсатта (оның ішінде сыйға тарту түрінде) өзіне берілген, дара кәсіпкер өтеусіз алған тауардың құны;

   4) дара кәсіпкер болып табылмайтын жалға алушы жеке тұлғаның тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) мүліктік жалдау (жалға алу) кезінде, егер көрсетілген шығыстар жалға алу төлеміне кірмейтін болса, мынадай:

  Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға;

«Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген коммуналдық көрсетілетін қызметтер ақысын төлеуге;

тұрғынжайды, тұрғын үй-жайды (пәтерді) жөндеуге жұмсалған шығыстары;

  5) Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес есептен шығарылған өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомасы қарастырылмайды.

  Бұрын танылған табыс сомасы шегінде есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін ұлғайту немесе есепті салық кезеңінің табыс мөлшерін азайту түзету деп танылады.

Көзделген табысты азайтып түзету

  1) салық төлеуші - дебитор таратылған кезде оны тарату теңгерімін бекіту күніне салық төлеуші - кредитор талап қоймаған;

  2) заңды күшіне енген сот шешімі бойынша салық төлеуші талапты есептен шығарған жағдайларда азайту жағына қарай жүзеге асырылады.

  Көзделген түзету талаптың туындауын растайтын бастапқы құжаттар болған кезде есептен шығарылған талаптың және бұрын осындай талап бойынша танылған табыстың сомасы шегінде жүргізіледі.

  Көрсетілген жағдайлар басталған кезеңде азайту жағына қарай түзетуді жүзеге асыру үшін табыс болмаған немесе оның мөлшері жеткіліксіз болған жағдайда түзету бұрын табыс түзетуге жатады деп танылған салық кезеңінде жүргізіледі.

  Егер бір ғана табыс табыстардың бірнеше баптарында көрсетілуі мүмкін жағдайда көрсетілген табыстар табысқа бір рет қосылады.

  Егер сенімгерлікпен басқарушы болып табылатын салық төлеушіге мүлікті сенімгерлікпен басқаруды құру туралы актімен мүлікті сенімгерлікпен басқару құрылтайшысы үшін немесе пайда алушы үшін салық міндеттемесін орындау жүктелген жағдайда, мұндай салық төлеушінің табысына мүлікті сенімгерлікпен басқару шарты бойынша сенімгерлікпен басқару құрылтайшысының не сенімгерлікпен басқару туындайтын өзге жағдайларда пайда алушының табыстары енгізіледі.

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg