Басып шығару

салымшылар жеке деректемелерінің өзгергендігі жайында БЖЗҚ-ға хабарлауға міндетті

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Қазақстандықтардың көпшілігі зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартты сонау екі мыңыншы жылдардың басында жасасқаны белгілі. Ол кезде енді-енді жеке зейнетақы қорлары пайда бола бастаған шақ.

Әрине, барлығымыз да шартқа өзіміздің пошталық мекенжайымызды көрсеттік. Ол кезде электрондық пошталары бар адамдар саусақпен санарлық болатын. Жеке зейнетақы қорларындағы зейнетақы активтері бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына шоғырландырылған кезеңнен бері салымшылардың көпшілігі өздерінің жеке деректемелерін өзгертуге асықпады. Қорға келіп, дерекқордан өздерінің мекенжайын, телефон нөмірін тексеріп те жатпады.    

 

«Жұмыс беруші аударып жатыр ғой. Демек, барлығы да дұрыс» - дегендер де болды. Жасыратыны жоқ, көпшілігіміз әлі күнге дейін бұрынғы дағдылы әдіспен, жинақтарымыздың жай-күйі туралы деректерді пошта байланысы арқылы аламыз. Ал уақыт бір орнында тұрмайды. Бүгінде адамдар өмір ағысына қарай, бұрынғыға қарағанда жиі көшіп-қонатын болған.

Сол үшін де көпшілігіміздің мұндай конвертті көрмегенімізге бірнеше

жылдың жүзі болып қалғанын жоққа шығаруға болмайды.  

БЖЗҚ жыл сайын салымшылардың бұрынғы мекенжайларына пошта байланысы бойынша ішіне үзінді-көшірме салынған конверттерді жыл сайын жібереді. Бірақ, өкінішке қарай талай конверт «Хат алушы көрсетілген мекенжай бойынша тұрмайды» деген белгімен кері оралады. 

Ал енді ойланып көріңізші, осы конверттерді дайындап, салымшыға жеткізуде қаншама жұмыстар атқарылды, қаншама ақша шығындалды десеңізші! Міне осыдан барып, «Кім кінәлі?», «Не істеу керек?» деген жауыр болған сұрақтар тағы да мазалай бастайды.  

Егер бірінші сұрақтың жауабы айтпаса да түсінікті болса, екінші сұраққа  толығырақ тоқталайық. 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы № 105-V Заңының (бұдан әрі - Заң) 39-бабы 4-ші тармағының 1) тармақшасына сәйкес

міндетті зейнетақы жарналарының салымшылары, өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген жеке тұлғалар және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар

бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының міндеттемелерін орындауға әсер ететін өзгерістер болған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына барлық өзгерістер туралы хабарлауға міндетті.

Нақты айтар болсақ:

1. Егер Сіз зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты «пошта байланысы» арқылы алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта көрсетілген пошталық мекенжайдың өзгергені туралы,   

БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде немесе пошта байланысы арқылы хабарлауыңызға болады. Бұл ретте фамилияңыз, атыңыз, әкеңіздің аты, туған күніңіз, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетіліп, жеке куәліктің қосымшасы қоса беріледі. 

2. Егер Сіз зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты «электрондық пошта (e-mail)» бойынша алуды таңдаған болсаңыз, зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта немесе ақпарат беру тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісімде көрсетілген электрондық поштаны өзгерту туралы тек БЖЗҚ кеңсесіне жеке өзіңіз келгенде барып хабарлай аласыз. 

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры Заңға сәйкес атына жеке зейнетақы шоты ашылған жеке тұлғаға жеке зейнетақы шоты ашылған күннен бастап кез келген сұрау салынатын күнге оның сұрау салуы бойынша зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты ақы алмай беруге, сондай-ақ осы Заңның 57-бабында көзделген ережелерді ескере отырып, оның зейнетақы жинақтары туралы ақпаратқа қолжетімділігінің электрондық және өзге де тәсілдерін қамтамасыз етеді.

Егер Сіз бұған дейін зейнетақымен қамсыздандыру туралы шартта ақпарат беру тәсілін белгілемеген болсаңыз, БЖЗҚ кеңсесіне өзіңіз келіп, БЖЗҚ-мен хабарлау тәсілін өзгерту/айқындау туралы келісім жасау арқылы ақпарат беру тәсілін таңдай аласыз немесе өзгерте аласыз.   

Хабарлау тәсілін өзгерту/белгілеу туралы келісім жасау үшін және (немесе) Жеке деректемелеріңізге өзгерістер енгізу үшін, қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжат болуы керек. Онда жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетілген болсын. БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты беруді салымшы (алушы) таңдаған тәсіл бойынша жүзеге асырады. 

Ал бұл:

1) БЖЗҚ кеңсесіне келіп өтініш жасау;

2) электрондық тәсіл –бұл ретте, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат салымшының ЖЗШ ашу туралы өтінішінде немесе хабарлау тәсілін өзгерту туралы келісімге қол қою кезінде көрсеткен электрондық поштасына жолданады;

3) пайдаланушының логині ретінде тіркелген жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпия сөзі (пароль) немесе электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып интернет арқылы алу; 

4) пошта байланысы арқылы алу.

Жоғары технология заманында әрине, жеке зейнетақы шоты туралы ақпарат алудың ең қарапайым, ыңғайлы және үнемді тәсілі ол – ақпаратты интернет арқылы алу. Хабарлаудың осы тәсілін таңдау арқылы, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты enpf.kz сайтындағы Жеке кабинет қана емес, Android, iOS (iPhone, iPad) және Windows Phone операциялық жүйелерінде жұмыс істейтін смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF ұялы қосымшасы арқылы да алуға болады.   

Бұл қосымша Google Play (Android), АppStore (iOS) и Windows Phone Marketplace (Windows Phone) ресми қосымшылар дүкендерінде орналастырылған. Оны тегін жүктеп алуға болады.

Қосымша қазақ және орыс тіліндегі нұсқаларда жұмыс істей береді.

Сондай-ақ жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпаратты

ҚР электрондық үкіметі порталында (www.egov.kz) тіркеліп, электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) алған жағдайда осы сайттың «Әлеуметтік қамтамасыз ету» – «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру» бөлімдеріне кіріп алуға болады. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалы – Мемлекеттік қызмет көрсету дирекциясынан алуға болады.

БЖЗҚ-ның салымшылары (алушылары) онлайн тәртібінде өздерінің жеке зейнетақы шотының жай-күйін үзінді-көшірме арқылы көре алады.  

Айтпақшы, Сіз үзінді-көшірме алу үшін кез келген кезеңді (бір күннен бастап бірнеше жылға дейінгі аралық)таңдай аласыз.

Үзінді-көшірмелерді онлайн сервистер (БЖЗҚ-ның www.enpf.kz сайты, электрондық үкіметтің www.e-gov.kz сайты немесе ұялы қосымша) арқылы алу барысында салымшыға жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы маңызды деректерді онлайн тәртібінде – тәулігіне 24 сағат, аптасына 7 күн бойы алу мүмкіндігі беріледі.  

Осылайша, БЖЗҚ өзінің салымшыларына зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат алудың бірнеше тәсілін ұсынады. Әрбір салымшы өзіне ыңғайлы тәсілді таңдап, жинақтарының жай-күйін біле алады.

Бұл үшін жеке басыңызды куәландыратын құжатпен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының жергілікті бөлімшесіне (қазіргі таңда олардың саны республика бойынша - 231) бір рет барып өтініш білдірсеңіз болғаны. Сол жерде жеке деректемелеріңіздің өзгергені жайында немесе зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы хабарлаудың өзіңізге ыңғайлы бір немесе бірнеше тәсілін таңдағаныңызды жеткізесіз. Барлық операция 10 минуттан аспайды, есесіне алдағы уақытта қаншама уақытыңыз үнемделеді! Бұл БЖЗҚ және пошта байланысы қызметкерлері үшін де қуанышты жағдай.

 

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg