1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Салық мәдениеттілігі -саналықтың белгісі

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар


Елбасының «100 нақта қадам» Ұлт жоспарының аясындағы заңнамалық бастамалардың 9 бағыты салықтық және кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіруге арналған. Кедендік және салықтық әкімшілендіру амалдарын оңтайландыру, кедендік амалдар кезінде «бір терезе» жүйесін енгізу, салықтық және кедендік жүйелерді біріктіру сияқты бағыттар заңнамалық өзерістерді талап етіп отырғаны анық.


Елбасымыздың Үкімет құрылымына бірқатар өзгерістер мен қайта құрулар тапсырмасына сәйкес, Үкімет қаулысымен салық және кеден салаларын біріктіріп Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылғаны – еліміздің шекарасынан кіргеннен бастап әрбір тауардың соңғы тұтынушысына сатылуына дейінгі аралықтағы барлық қозғалысын яғни сол тауарға салынатын салықтық түгелділігін бақылау мүмкіндігі туды. Сондай – ақ,. Жедел жұмыстарды жүргізуге берілген құзыреттілік арқасында экономикалық қылмыстардың алдын – алу шаралары жақсарды, яғни қолмақол ақшамен жұмыс жасаудағы заңсыздықтарды дер кезінде анықтау, бюджетке түсетін түсім көлемін көбейту, ең бастысы, бизнес өкілдерінің құқығын қорғау басты мақсатқа айналды.
Жаңа құрылым жұмыстарының бірқалыпты ырғағы қалыптасып, тиімділігі жоғары екендігі, Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 2016 жылдың 12 айының қорытындысымен барлық деңгейдегі бюджеттер бойынша бекітілген болжамының орындалуының оң көрсеткіштері айқындап отыр.
Атап айтқанда, салықтық түсімдердің жалпы болжамы 1 701 041,0 мың теңге орындалғаны 1 772 410,4 мың теңге, болжам 104,2 % орындалған. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 124,9 % өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Республикалық бюджет бойынша болжам 617 085,0 мың теңге, орындалғаны 649 053,6 мың теңге, болжам 105,2 % орындалды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 135,5 % өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Облыстық бюджет бойынша болжам 849 129,0 мың теңге, орындалғаны 872 157,3 мың теңге, болжам 102,7 % орындалды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 123,6 % өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Аудандық бюджет бойынша болжам 234 827,0 мың теңге, орындалғаны 251 199,5 мың теңге, болжам 107,0 % орындалды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен 107,3 % өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Жергілікті бюджет бойынша болжам 1 083 956,0 мың теңге, орындалғаны 1 123 356,8 мың теңге, болжам 103,6 % орындалды. Былтырғы жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 119,5 % өсу қарқыны қамтамасыз етілді.
Кәсіпкерге қолайлы жағдай жасау мақсатында бірнеше ауылдық округтері интернет жүйесі қосылған. Бұл жағдай салық төлеушілермен тікелей кездесуді төмендетіп, жемқорлықты жоюдың, бірден-бір шарты болып табылады.
Ауданымыздың салық төлеушілеріне, мәдениеті жоғары елдің мәртебесі биік болатынын ескеріп, мемлекет қоржынына тиеселі салық төлемдерін толық және уақытылы төлеуін қамтамасыз етуді көрсетіп, елдің экономикасы мен қорғанысына, халықты әлеуметтік жағдайының жақсаруына үлес қосуға шақырамын.