1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру туралы» және «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобаларына


         Азаматтардың көбісі экономиканың құлдырауы, жұмысынан немесе еңбекке қабілеттілігінен айырылуы, өзінің кредиттік және тұтыну қабілетінің азаюы, салдарынан  қаржылық жағдайының нашарлауымен қағысады.
         Нәтижесінде, азаматтар, қарызды қайтару шарт бойынша төлемдерді ғана емес, өзінің күнделікті қажеттіліктерін (мысалы, коммуналдық қызмет үшін төлемдер) және міндеттерін (мысалы, алимент немесе салық) орындауға шамасы қалмайды. Жағдайды қалпына келтіру үшін жеке тұлғалардың төлемге қабілеттілігін қалпына  келтірудің тиімді және бүгінгі күн талабына сай жүйесін енгізу қажет.
         Ел басының 2015 жылғы 30 қарашадағы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсу, реформалар, даму»-атты Қазақстан халқына деген Жолдауындағы тапсырмасына сәйкес Қаржы министрлігі тарапынан, борышкер-азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шарттары мен тәртібі белгіленген заң жобалары әзірленді.
         Соттарға тым асырылған ауыртпашылық туындатуды болдыртпау мақсатында соттан тыс және сот рәсімдерінің комбинациясы карастырылып, жиынтығында азаматтардың төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің бірыңғай процессін құрайды.
         Төлемге қабілеттілігін қалпына келтірудің соттан тыс рәсімі, борышкердің тұрғылықты мекен жайы бойынша уәкілетті органға жолдаған арызы негізінде қолданылады.
         Уәкілетті орган ретінде, қазіргі таңда заңды тулғалар мен жеке кәсіпкерлердің оңалту және банкроттығы саласында уәкілетті орган функцияларын атқаратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті және оның аймақтық бөлімшелері болып табылады.
         Борышкерде тұрақты кіріс болған жағдайда, азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру шарттары мен кредиторлармен есеп айырысу тәртібі көрсетілген жоспар әзірленеді.
         Жоспармен кез келген, заңнамаға қайшы келмейтін, адамның қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған шаралар қарастырылуы мүмкін: ақшалай міндеттемелердің орындау мерзімін өзгерту (қарызды кейінге қалтыру немесе бөліп төлеу), өсім, өтемақыны жабу, негізгі қарыздың бөлігін кешіру, бірінші кезекте негізгі қарыз бойынша, содан кейін зейнеттендіру мен өсім бойынша міндеттемелерді орындау, бағасы төмен тұратын баспанаға көшу, экономикалық пайдасы бар болған жағдайда жалдамалы пәреде тұрып өзінің қымбат тұратын баспанасын жалға беру және т.с.с.
         Төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру жоспары орындалмаған (орындауға мүмкіндік жоқ болған) сотқа, белгіленген кезектілікке сәйкес кредиторлар талаптарын қанағаттандыру үшін борышкердің мүлкін мәжбүрлеп тарату туралы арыз жолданады.
Мүлікті тарату аяқталғаннан кейін сот, азаматты қарыздан босатылғаны туралы шешім қабылдайды.
         Сотты рәсімнің аяқталуы әр кезде азаматтың, жүргізілген төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процессі нәтижесі бойынша өтелмеген қарыздардан босатылғаны деп саналмайтынын түсіну қажет.
Бұған қоса, борышкер тарапынан өз қаржылық жағдайы туралы жалған ақпарат ұсыну, өзінің мүлкі (активтері) туралы ақпаратты жасыру фактісі орын алған жағдайда оны қылмыстық жауапкершілікке тартуға негіз болады.
Сондай-ақ, еш бір жағдайларда борышкер орындаудан босатылмайтын міндеттемелдер тізбесі белгіленеді. Мысалы, кәмелетке толмаған балалар, жұмысқа қабілетсіз жұбайы немесе ата-анасын асырау, өмірге немесе денсаулыққа келтірілген зиянның орнын толтыру және ұзартылмалы міндеттемелер бойынша ағымдағы төлемдер.
         Төлемге қабілеттілікті қалпына келтіру процессіне қатысушы тұлға қорғаншы және (немесе) қамқоршы статусын ала алмайды.
         Қолданыстағы заңнама мен азаматтың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру тетіктерін сәйкестендіру, Қазақстан Республикасының бір қатар заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.
Жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру институтын енгізетін заң жобаларының жүзеге асырылуы, Қазақстандағы заңнаманы жаңартуға, әлеуметтік шиеленісуін жеңілдетуге және еліміздің экономикасын дамытудың жаңа мүмкіндіктерін құруға ықпал етеді.
 
Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру процессінің бар болуы, банктер және өзге де қаржылық ұйымдарға баланстарын тазартуға, нақты шығындарын мойындау  сәтін жақындатуға және сот дауларына жұмсалатын керексіз шығындарын үнемдеуге көмегін тигізеді.