Басып шығару

Заңсыз жолаушы тасымалына жол жоқ !

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

           Елбасымыздың еліміздегі кәсіпкерлікті барынша қолдау саясатын жүргізудің арқасында кәсіпкерліктің кез келген саладағы өрісі кеңіп, тынысы ашылғаны қуантады. Кәсіпкерлер санының жыл сайын өсуімен қатар салықтық мәдениет деңгейіне де салыстырма жасайтын болсақ бүгінгі күннің ағымына қарай салық саласында енгізіліп жатқан түрлі мемлекеттік қызмет көрсетудің озық тәсілдерін меңгерген кәсіпкерлердің саны осыдан екі-үш жыл бұрынғы көрсеткішпен теңестіргенде оқ бойы озық екендігі анық.

 

        Еліміздің қай қаласына барсақ та такси қызметін пайдаланбайтын адам жоқ. Райымбек ауданы салық басқармасы бойынша да жеке тұлғалар тарапынан жеңіл көлікпен жолаушыларды тасымалдау (такси) қызметімен айналысып жүрген тұлғалардың қатары күн сайын көбеюде. Олардың басым бөлігі салық басқармасында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтіп өз кәсіпкерлігін заңға сәйкес атқаруда. Себебі, Қазақстан Республикасының Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі  №767  «Автомобиль көлігі мен жолаушыларды тасымалдау қағидасын бекіту туралы» қаулысы талаптарына сәйкес жолаушыларды тасымалдау қызметі мен айналысушы тұлғалар міндетті түрде салық органдарында дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден өтуі тиісті. Дара кәсiпкер немесе заңды тұлға жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру кезінде жолаушыларды және багажды тасымалдау үшiн автомобиль көлiгiмен жолаушыларды және багажды тасымалдау қағидаларына сәйкес бірыңғай түсті гаммасы және айырым белгiлерi бар таксилердi пайдалануға, әрбiр автокөлiк құралы үшiн таксометрдің немесе бақылау-кассалық аппараттың болуына, автокөлiк құралдарының рейс алдында техникалық байқаудан және такси жүргiзушiлерінің рейс алдында (ауысым алдында) медициналық тексеруден өтуін қамтамасыз етуіне, диспетчерлік қызметтің немесе диспетчерлiк қызмет көрсету шартының болуын және таксидің ақауы болған жағдайда, оны уақтылы ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті. Тасымалдаушының жолаушыларды және багажды таксимен тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарт бойынша таксилердiң тұруы, жолаушыларды отырғызу мен түсiру үшiн таксилердiң арнайы жабдықталған тұрақтарын пайдалануға, жол жүрісі қағидаларының талаптарын сақтай отырып, жол желiсiнiң кез келген учаскелерiнде жолаушыларды отырғызуға және түсiруге құқығы бар.

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңына сәйкес Диспетчерлік қызмет белгіленген тәртіппен берілген таксимен тасымалдау бойынша қызметтің басталғандығы туралы ескертпе талоны бар, сондай-ақ жеңіл автомобильдері талаптарға сәйкес жабдықталған таксимен тасымалдаушымен шарт жасасады.
        

Диспетчерлік қызметтің негізгі функциялары болып жеке және заңды тұлғалардың такси қызметіне тапсырыстарын қолжетімді байланыс құралдары арқылы қабылдау және тапсырыстарды такси жүргізушілерінің арасында бөлу, таксиге тапсырыс берген жолаушыға жіберілген таксидің нөмірін, тапсырыстың бағасын және келетін уақытын хабарлау, тапсырыс бойынша таксидің кетуін және уақтылы келуін қадағалау, жол жүру құжаттамасын ресімдеу және диспетчерлік журнал жүргізу болып табылады.

         Дегенмен, ауданда бұл заң талаптарын орындамай, яғни заңсыз такси қызметімен айналысып жүрген тұлғалардың бар екендігі арнайы жүргізілген шаралар кезінде анықталып отыр. Заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып жүрген тұлғаларға түсініктеме беру мақсатында салық басқармасы тарапынан бірнеше рет семинар-кеңес өткізіліп, «дөңгелек стол» ұйымдастырылды,.

 Қазақстан Республикасы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 26 бабына сәйкес салық төлеуші-салық органына тіркелу есебіне тұруға, салық салу объектілерін айқындауға, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салық есептіліктерін салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді дер кезінде және толық көлемінде төлеуге міндетті екендіктерін және салық органы жеке тұлғаны дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қоюды Қазақстан Республикасының жеке кәсіпкерлік туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімде дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бере отырып жүргізіледі, тиісті тіркеусіз немесе лицензиясыз, арнайы рұқсатсыз, біліктілік аттестатынсыз (куәлігінсіз) кәсіпкерлік немесе өзге қызметпен айналысу,сондай-ақ іс-әрекеттерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 357-1 бабының 1 тармағына сәйкес әкімшілік айыппұл салынатындығын және сот шешіміне сәйкес құқық бұзушылық жасау құралдары тәркіленеді.

    

Райымбек  ауданы бойынша салық басқармасының бөлімі басшысы  Қ. Ускеленов

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg