Басып шығару

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларды есепке алу және салықтық есептен шығару тәртібі

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 420 бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлеріне: бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіру, көтерме және (немесе) бөлшек сатуды, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіру,2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) көтерме және (немесе) бөлшек сатуды, темекі өнімдерін өндіруді және (немесе) көтерме сатуды, лотереялар ұйымдастыруды, өткізуді және лотерея билеттерін сатуды, ойын бизнесін,2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 8) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ұтыссыз ойын автоматтарын, ойын өткізу үшін пайдаланылатын жеке компьютерлерді, ойын жолдарын, карталарды, бильярд үстелдерін пайдалана отырып көрсетілетін қызметтерді жүзеге асыратын салық төлеушілер жатады.

 

Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қою үшін салық төлеуші салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебіне қою туралы салықтық өтініш тапсырады. Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыру басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірілмей, мынадай құжаттардың көшірмелері қоса беріле отырып табыс етіледі:

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)       1) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сатуды қызметтерін жүзеге асырған кезде - меншік құқығын растайтын құжат немесе үй-жайларды жалдау шарты;2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

       2) қызметті жүзеге асыру құқығына арналған лицензиялар.

Салық органы салықтық өтініш берілген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тіркеу карточкасын бере отырып, салық төлеушіні орналасқан жер бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қояды. Салық заңнамасының талаптарына сәйкес жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілері 2009 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап бақылау кассалық машиналарын пайдалануға міндетті.

Жекелеген жағдайда осы кәсіпкерлік түрмен айналысатын тұлғалар салық заңдылығына сәйкес биллярд үстеліне салықтарды төлеу, оларды уақытша есептен шығару немесе тоқтату тәртібін сақтай бермейді. 

Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» салық кодексінің 422 бабына сәйкес биллярд үстеліне салықтық ставка әр бір ойын үстеліне ай сайын төленуі қажет. Бұл ретте көрсетілген баптың 2 тармағында салық төлеушілер үшін жергілікті өкілді органдар бекітілген базалық ставкалар шегінде бірыңғай тіркелген салық ставкаларын белгілейтіндігі қаралған.

 

 

 

Салықтық есепке алынған жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушілерді келесі жағдайларда салықтық есептен шығарылады.

  1) лицензиялауға жататын жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензиясының қолданысы тоқтатылған;

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 ж. 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)       2) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды, алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сату қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушінің жалға алу келісімінің қолданысы тоқтатылған;

  2-1) алкоголь өнімін көтерме және (немесе) бөлшек сату қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші лицензияда көрсетілген мекен-жай бойынша болмаған;

2011.21.07. № 467-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша өзгертілді (2011 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)        3) бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын өндіруді, бензинді (авиациялықтан басқа), дизель отынын көтерме және (немесе) бөлшек сатуды, этил спиртін және (немесе) алкоголь өнімін өндіруді жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші акциз бойынша декларацияны және (немесе) есеп айырысуды, осы Кодексте оларды табыс етудің белгіленген мерзімінен кейін алты ай мерзім ішінде табыс етпеген жағдайларда.

Егер қандай да бір жағдайда биллярд столдарын уақытша тіркеу есебінен салық органдары есебінен шығарған немесе тоқтатқан жағдайда ойын столдары орналасқан аумақта салық органдарында тіркелмеген салық салу объектілерін немесе салық салуға байланысты объектілерді пайдалануға және орналастыруға тыйым салынады (салық кодексінің 574 бабының 8 тармағы).

       Бұл ретте салық төлеуші салық салу объектілері орналасқан жері бойынша салық органына келу тәртібімен қызметтің жекелеген түрлерін тіркеу есебінен шығару туралы салықтық өтінішпен тіркеу карточкасын қоса бере отырып тапсырады.

2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)       Жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеушіні тіркеу есебінен шығару туралы шешімді салық салу объектілері немесе салық салуға байланысты объектілерді тіркеу орны бойынша салық органы жоғарыда көрсетілген кемшіліктерді анықтаған күннен бастап  бес жұмыс күнінен кешіктірмей шығарады және тіркеу есебінен шығарылған салық төлеушілер туралы ақпарат тіркеу есебінен шығарылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде уәкілетті органның сайтына орналастырылады.                                                                                

 Салық төлеушілермен жұмыс және камералдық бақылау бөлімінің бас маманы   А.. Усеналиев

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg