Басып шығару

Көлеңкелі экономикаға Халық пен Салық қызметі қарсы

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

         Қазақстан Республикасының азаматтары тарапынан да заңсыз еңбек күштерін пайдалануды қалыпты жағдайға айналдырып, арзан еңбек күшін пайдалану үшін заң бұзушылықтарға жол беруі толастамауда. Осы ретте шетелдік еңбек күштерін пайдалануды заңдастыру мақсатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылдың 10 желтоқсанындағы №153 Қазақстан Республикасы Заңымен «Халықтың көші-қон туралы» Қазақстан Республикасы Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген.

 

         Еңгізілген өзгерістерге сәйкес, Еңбекші көшіп келушілер Заңда көрсетілген талаптарға сай болған жағдайда, ешбір кедергісіз, еркін Республика аумағында еңбек етуге құқылы. Ағымдағы жылдың 12 сәуірінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылдың 10 желтоқсанындағы №153-V Заңына сәйкес, «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық, фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» ҚР ІІМ-нің 2014 жылғы 8 ақпанындағы №76 бұйрығы «Егеменді Қазақстан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде жарияланды.

         Заңның негізгі мақсаты жеке тұлғаларға шетел жұмыс күшін пайдалануға жасалған жеңілдік және еңбек иммигрантарының Қазақстанда еңбек ету тәртібін заңдастыру.

         Бұл Заң  Қазақстан Республикасына визасыз тәртіппен кіру туралы келісімдер жасасқан ТМД мемлекеттерінің азаматтарына қолданылады. Рұқсат алу үшін еңбек иммигрантары Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тіркелген жері бойынша көші-қон полициясы  бөліністеріне  қандай  құжаттарды тапсыру қажеттілі жөнінде тоқталып өтті.

         Еңбек иммигрантарына рұқсаттар бастапқыда 1 айдан 3 айға дейін беріліп, одан кейін қажетті мерзімге ұзартылады. Алайда шетелдік жұмысшы 12 ай жұмыс жасағаннан кейін өз еліне шығып кетіп, 30 күннен кейін келіп, жұмысын жалғастыруға құқылы. Мысалы шетелдік Республиканың бір қаласына келіп, еңбек етуге рұқсат алып, басқа ауданға барып жұмыс жасаса, бұл көші-қон заңнамасын бұзушылық  деп саналып, оған қатысты әкімшілік шаралар қолданылады.

         Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 8 ақпандағы «Еңбекші көшіп келушіге (шетелдікке) рұқсаттар беру, ұзарту және қайтарып алу, сондай-ақ еңбекші көшіп келушілерді тіркеу, олардың дактилоскопиялық фотоесептерін қалыптастыру және жүргізу қағидасын бекіту туралы» № 76 бұйрығына сәйкес шет елдік азаматтардың республикамыздың аумағында жүріп тұру тәртібін жетілдіру мақсатында ағымдағы жылдан бастап Қазақстан Республикасының көші-кон заңдылықтарына және басқа да заң актілеріне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілген, осыған орай  жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем әр жұмысшы иммигрантқа «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) 2 еселенген мөлшерінде (1852Х2=3704 теңге) әрбір ай үшін есептелінеді. Жұмысшы иммигрантқа есептелінген жеке табыс салығын иммигранттардың өздері бюджетке төлеуге тиісті. Бұл мақсатта Қазақстанға ТМД елдерінен келген шетелдіктер жеке сәйкестендіру нөмерін алып, уақытша мекен-жайлары бойынша салық органдарында тіркелуі қажет. Алдын ала төлем еңбек иммигранттарының орналасқан жері бойынша көші-қон полициясы органдарының рұқсатын алғанға дейін (ұзартылғанша) бюджетке төленеді.

         Жыл соңында көшіп-қонушы жеке табыс салығы сомаларын есептейді. Бұл декларация есептік жылдан кейінгі жылдың 31-ші наурызына дейін ұсынылуы тиіс. Бюджеттен түпкілікті есеп айырысу сол жылдың 10-шы сәуіріне дейін алдын ала төленген төлемдерді есептей отырып жүргізіледі. Еңбек иммигранттары осы санаттары мерзімінен бүрын елден кеткен жағдайда орналасқан жері бойынша салық органдарына мерзіміне дейін декларация тапсырып, салық төлейді.

         Өздеріңізге белгілі, республика  бюджеті жылдан-жылға өсуде. Төлем көздерінен салық салынбайтын табыстар бойынша шетел азаматтарының жеке табыс салығы»  101205 бюджеттік жіктеме коды бойынша төленеді

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg