Басып шығару

Өз мүддеңді қорғай отырып

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 Аудандағы сауда орындарының иелері, бала-бақшалар мен ауылдық мәдениет үйлері ақылы қызмет көрсеткенде міндетті түрде фискалды жады бар бақылау-касса машиналарын қолданып, чек беру жөнінде, ал аудан тұрғындарына  күнделікті азық түлік, шаруашылық тауарларын, дәрі-дәрмек сатып алу  кезінде чек талап ету керек.

Бақылау касса машинасын қолдану - ең алдымен жеке кәсіпкердің немесе мекеменің өз қызметінің жариялылығының, тазалығының бірден-бір кепілі және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолы. ҚР Конституциясының 35-бабында «Салықтарды төлеу әрбір азаматтың борышы әрі міндеті» болса, кәсіпкерлік қызметтегі табыстарды жасырмай, оны толық көлемінде көрсету салық төлеушінің өз отанының патриоты екендігін, ел экономикасының өркендеуіне,  мемлекетіміздің өз аяғынан тік тұрып, басқа дамығанмемлекеттермен қатар тұруына өзінің қосатын азаматтық үлесі болар еді. Дамыған мемлекеттерді алсақ бірінші орында уақтылы салығын төлеу, табыстарды жасырмау сол елдің әрбір азаматы өзінің басты міндеті санайды. Ал кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыстарды көрсету Бақылау касса машинасын пайдалану негізінде жүзеге асатындығы белгілі.

 

Тұтынушыларға айтарымыз, қандай  тауар алған жағдайда да нақты ақшамен есеп айырысқанда міндетті түрде бақылау чегін талап еткендеріңіз дұрыс. Бұл бірінші кезекте тұтынушы ретінде өз мүддеңізді қорғағандығыңыз, екіншіден ауданымыздың бюджетіне салықтардың түсімдерінің көбеюіне  өз үлесіңізді қосқандығыңыз болып табылады.   

ҚР азаматының үй шаруасында еңбек етуші шетел жұмысшы иммигранттарының заң аясында жұмысын атқару үшін келісім-шарт жасалады. Келісім-шартта атқарылатын жұмыстың ақысы көрсетіліп, тиісті нысандағы өтініш толтырылып, салық органдарына шетел азаматтарының келу тәртібімен табыс етіліп, тиісінше ЖСН беріледі, яғни әрбір шетел азаматы салық төлеуші болып табылады. Сонымен қатар бір айға жеке табыс салығына әрбір жұмысшы иммигранты 2 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 3704 теңге алдын-ала төлем жасалады. Ел аумағына келу мерзімі 1 жылдан аспауы керек.

Сондай-ақ бір азамат өзінің үй шаруашылығына бестен көп емес еңбек иммигранттарын шақыруға құқы бар. Алайда бұл тәртіп дара кәсіпкерлерге қолданылмайды.

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg