1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау жөнінде мәселелер туралы

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

     Камералдық бақылау - мемлекеттік кірістер органдарында бар салық төлеушінің салықтық есептілігі  бойынша мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Салықтық есепте қателер, мәліметтер бойынша қарама-қайшылықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге осы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.

   Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

 

   Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіскен жағдайда салық төлеуші (салық агенті) салық органдарына анықталған бұзушылықтарға қатысты кезең үшін салық есептілігін ұсынады.  

    Хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеген жағдайда салық төлеуші (салық агенті) камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны жіберген мемлекеттік кірістер органына – анықталған бұзушылықтар жөнінде қағаз немесе электрондық жеткізгіште түсініктеме ұсынады. Егер түсініктемені тапсырған тұлғаның хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен келіспеуіне негіз ретінде растайтын құжаттар көрсетілген жағдайда, онда салық есептілігінен басқа, мұндай құжаттардың көшірмелері түсініктемеге қоса беріледі.

   Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны белгіленген мерзімде орындамаған кезде, мемлекеттік кірістер органы келесіні жасауға құқылы:

    - бес жұмыс күннен кейін салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұруға;

    -  Салық кодексінің 627-бабы 9-тармағының 2) тармақшысына сәйкес кезектен тыс тақырыптық салықтық тексеру өткізуге;

    - Әкімшілік бұзушылықтар туралы Кодеске сәйкес мемлекеттік кірістер органының және оның лауазымдық тұлғаларының заңды талаптарын орындау үшін сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салуға.

 Сонымен қатар,  мемлекеттік кірістер органының заңды талаптарын орындамауды және жалтаруды жасайтын салық төлеушерге қатысты экономикалық тергеу қызметімен өзара іс-қимыл көзделген.

Әрбір салық төлеуші салықтық декларацияда көрсетілген дұрыстығы және толықтығы үшін жауапты.

  Құрметті салық төлеуші, осыған орай, камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны уақытында салық есептілігін және түсініктеме беруінізді сұраймыз.