1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Салық есептіліктерін тапсыру мерзімін ұмытпаңыз!

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

         Құрметті салық төлеушілер! Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті салық есептіліктерін тапсыру мерзімдері мен тәртібін  еске салады.

        910 нысанды жеңілдетілген декларация бойынша салық есептілігі, Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 437 бабына сәйкес, салық төлеушінің тұратын жеріндегі мемлекеттік кірістер органына есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 15-нен кешіктірілмей, яғни 2018 жылдың 15 ақпанына дейін,  тапсырылады.

 

        Жеңілдетілген декларация бойынша есептелінген салық сомасын бюджетке төлеу, жеке (корпоративті)  табыс салығы және әлеуметтік салық түрінде,  есепті салық кезеңінен кейінгі екінші айдың 25-нен кешіктірілмей жүзеге асырылу керек.

  Патент құнының есебі, 431 бапқа сәйкес,  қағаз нұсқада немесе «электронды үкімет» веб-порталы көмегімен электронды нұсқада ұсынылады. Патент негізінде арнайы салық режимін қолданушы дара кәсіпкерлерге кезекті патентті алу үшін 911 нысанды патент құнының есебін, алдыңғы патент мерзімі біткенге дейін немесе салық есептілігін тапсыру тоқтатылған мерзімге дейін, тапсыру қажет.

  Салық есептіліктерін мерзімінде тапсыруды және есептелінген салықты бюджетке уақытылы төлеуді қамтамасыз етуді сұраймыз!