1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Құрметті тұтынушылар!

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 Райымбек ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Қазақстан Республикасының Салық кодексінің 645 бабына сәйкес,  еліміздің аумағында жүргізілетін барлық ақшалай есеп айырысулар бақылау-касса машиналарын қолдану жолымен жүзеге асырылатынын Сіздердің есіңізге салады.

 

        Бақылау-касса машиналарын қолданбау және қолыңызға чек бермеу нақты табысты төмендетіп көрсетудің белгісі. Бұл, өз кезегінде, бюджет түсімдерін азайтады.

         Сондықтан, тауар немесе қызмет түрін алғанда – чек талап етіңіз. Чек – сатушы мен сатып алушының арасындағы ақшалай есепті растайтын құжат.

         Чек талап ету арқылы Сіз өз мүддеңізді қорғайсыз. Егер тауар белгілі бір себептермен Сіздің көңіліңізден шықпаса – осы чек көмегімен оны қайтаруға немесе ауыстыруға мүмкіндігіңіз  бар.

         Бақылау-касса машиналарын қолдану тәртібін бұзған жағдайда, ҚР  «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» кодексіне сәйкес, тәртіптік жауапкершілік қарастырылған.

         Барлық азаматтарды өз құқығын білуге, сонымен қатар мемлекет бюджетін толықтыруға  үлес қосуға шақырамыз!