1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

«Салық органы жекелеген салық төлеушілерді мәжбүрлеп таратуға бастама жасауға құқылы»

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі қолданысқа енгізілгені баршамызға мәлім. Кодекстің 93-бабында салық органдарының салық төлеушілердің жеке санаттарын мәжбүрлеп тарату туралы талап арызымен сотқа жүгіну құқығы көзделген.

 

Аталған бапқа сәйкес мәжбүрлі тәртіппен қызметін тоқтатуға бір мезгілде мынадай шарттарға сәйкес келетін:

1) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарына дейін, бірақ осы Кодекстің 48-бабында белгіленген талап қоюдың ескіру мерзімінен кем болмайтын мерзімде:

салықтық есептілікті ұсынбаған;

экспорттық-импорттық операцияларды жасамаған;

егер күнтізбелік жыл ішіндегі төлемнің және (немесе) ақша аударымының сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын жалақының 12 еселенген ең төмен мөлшерінен аспайтын жағдайларды қоспағанда, банктік шоттар бойынша төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын, сондай-ақ зейнетақы төлемдерін және (немесе) әлеуметтік төлемдерді алуды жүзеге асырмаған;

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

2) күнтізбелік жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша:

қосылған құн салығын төлеуші ретінде тіркеу есебінде тұрмаған;

осы Кодекстің 213 және 214-баптарында айқындалған тәртіппен салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрмаған;

жеке тұлғалардан мүлік, көлік құралдары салықтары, жер салығы, бірыңғай жер салығы салынатын объектілерді қоспағанда, меншік құқығында көрсетілетін салықтар салынатын объектілер жоқ;

әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;

салықтар және бюджетке төленетін төлемдер, кедендік төлемдер және республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 6 еселенген айлық есептік көрсеткіштен асатын мөлшердегі салықтар бойынша салықтық берешегі жоқ резидент-заңды тұлғалар, олардың құрылымдық бөлімшелері, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері, қызметін құрылымдық бөлімше ашпай, тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын бейрезидент-заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер жатады.

Осы тармақтың ережелері салықтық мониторингке жататын, қызметін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа сәйкес жүзеге асыратын салық төлеушілерге қатысты қолданылмайды.

Салық органдары мәжбүрлі түрде таратуға жататын субъектілердің түпкілікті Тізбесін күнтізбелік жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қалыптастырады, және күнтізбелік жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей заңды тұлғаларды мәжбүрлі түрде тарату, құрылымдық бөлімшелерді есептік тіркеуден шығару, жеке кәсіпкердердің қызметін тоқтату туралы талап қою арыздарын сотқа жібереді.

2018 жылдың Тізбесіне сәйкес облыс бойынша 2 989 салық төлеуші мәжбүрлеп таратылуға жатады. 

Салық төлеушілердің басым бөлігі кәсіпкерлік қызметіне байланысты емес, неси алу (қайтару), салым ашу (алу), зейнетақы, ақша аударымдарын алу сияқты, банк шоттар бойынша қаражат қозғалысы себебінен бастапқыда қалыптастырылған Тізбеден алынып тасталғанын атап өткен жөн.

Бұндай санатқа қатысты, іс жүзінде өз қызметін тоқтатқан, бірақ мемлекеттік органдарда кәсіпкерлік субъектілері ретінде тіркеуде саналатын салық төлеушілер, ерікті түрде тарату рәсімінен өтуге құқылы екенін түсіндіре кетеміз. Кәсіпкерлік субъектілері осындай шешімді кез келген уақытта қабылдай алады.

Қорытындылай келе, салық органына сотқа жүгіну құқығын беретін нормасын қабылдау мақсаты кәсіпкерлік субъектілердің дерекқорын ағымдағы жағдайға келтіру, дерекқордан іс жүзінде кәсіпкерлік қызметін тоқтатқан тұлғаларды шығару болып табылады, нәтижесінде бұл республика аумағында қызметін жүзеге асыратын тұлғалар туралы толық және анық статистикалық деректерге әкелетінің атам өткіміз келеді.