1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Л. Тұрлашев Райымбек ауданына арнайы іс-сапармен ат басын бұрды.

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Л. Тұрлашевтің аудан орталығы Нарынқолға келудегі басты мақсаты:

Жаңа ауданның жаңаша бастамаларынан хабардар болып, қандай жұмыстар атқарылғандығын және де алдағы уақыттағы жоспарларымен танысу.

 

Ең алдымен, Л. Тұрлашев – аудан әкімдігінің мәжіліс залында басқа да ауданнан келген аудан әкімдерінің орынбасарларымен қоса, құрылыс саласындағы мықты мамандармен бірлесе отырып, бірнеше мәселелерді талқыға салды. Жаңа тапсырмалар мен дұрыс бағыт-бағдар көрсетті.

 

 

 Келесі кезекте, Л. Тұрлашев аудан орталығындағы бірнеше нысандарды аралады. Бірінші кезекте жаңадан салынып жатқан  20 үйдің құрылысын жұмыстарына барып, ЖШС «Байқоңыр» компаниясының құрылысқа жауапты мердігерлермен тілдесіп, келісілген уақытта құрылыс жұмыстарын аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар басқа аудандардың, жаңа ауданға сыйлық, қол ұшын тигізу мақсатында жасаған және жасалып жатқан жұмыстарын көріп, өз бағасын берді. Әрбір атқарылған жұмыстың назарында болатындығын жеткізді.