1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

Участкелік полиция пунктері ашылды

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

              

Участкелік полиция пунктері ашылды
Қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында күн-түнімен санаспай аянбай еңбек етіп жүрген полиция қызметкерлерінде зор қуаныш болды. Нақтырақ айтсақ 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай аудан орталығы Нарынқол ауылында участкелік полиция пункті салтанатты түрде ашылды.

Аудан әкім Ж. Умаров және аудан прокуроры Ш. Советов, Аудандық ішкі істер бөлімінің басшысы М. Нұрдаулетов барша ауыл тұрғындарын қуанышты күндерімен құттықтап, мерейлеріңіз үстем болсын демекпіз-, деп жылы лебіздерін білдіріп құттықтады. Пункттің ашылу салтанатында сөз алған ақ жаулықты ана, ардагер ұстаз аудандық «Аналар кеңесінің» төрайымы Д. Молдағожаева ауыл халқына көңіл бөліп, участкелік полиция қызметкерлеріне бар жағдайдың жасалғандығын айтып, алдағы уақытта аянбай еңбек етеді деген сенімін жеткізіп, ақ батасын берді. Пункттің ашылу салтанатында лента қию сәтін аудан әкімі Ж. Умаров және аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Б. Бірбаев жүргізсе, полиция пунктінің тұрғын үйінің лентасы аудандық сот төрағасы Д. Дошкеев пен аудан прокуроры Ш. Советовқа бұйырды.
Ал өз кезегінде осындай қуанышты сәттің куәсі болған Нарынқол ауылдық округінің участкелік полиция инспекторы Е. Нұрмұханбетов мемлекетке қалтықсыз қызмет етуге серт беріп, участкелік пункттің кілтін салтанатты түрде қабылдап алды.