Басып шығару

Жалған кәсіпкерлік үшін қылмыстық жауапкершілік алынып тасталды.

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Назарбаев «Республиканың құқық қорғау жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойылды. Құжатта қылмыстық тергеу органдарының құзыретін нақты талдау, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметін ары қарай да жетілдіру қарастырылған. Қылмыстық, қылмыстық-процессуалдық кодекстер, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен өзге де заңдарға толықтырулар мен өзгертулер енгізіледі. Экономикалық салада бірқатар қылмыстық құқықбұзушылықты гуманизациялау мақсатында осы салада жалған кәсіпкерліктегі құқық бұзушылық үшін санкцияны азайтуға және қоғамға қауіптілігі жоғары емес экономикалық құқық бұзушылықтарды декриминализациялау бағытында түзетулер енгізілді. Еске салсақ, «Атамекен» ҚР ҰКП-ның қылмыстық кодекстің 2015-бабын алып тастау туралы ұсынысы ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында мақұлданған еді. ҚР Қылмыстық кодексінің 2015-бабын тәжірибеде қолдану бизнеске айтарлықтай қысым жасап келген. Жалған кәсіпкерлер тек айыппұл төлеп құтылса, олардың көптеген контрагенті қосымша салық, айыппұл мен өсімпұл төлеуге мәжбүр болған еді. Енді, адал кәсіпкерлер өздерінің іскерлік мәмілелерінің растығын заңнамада қарастырылған құқық қорғаудың құралдарын пайдалана отырып дәлелдеуге мүмкіндік алады. Заңда экономикалық құқық бұзушылық үшін жазаны гуманизациялауға бағытталған көптеген өзгертулер бар. Әсіресе, кәсіпкерлік салада алғашқы рет қылмыс жасаған тұлға келтірілген шығынды өз еркімен өтеген жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Мұнымен қоса, заң бойынша Қылмыстық кодекстің жекелеген баптарында қарастырылған құқық бұзушылықтарды бірінші рет жасаған адам өз еркімен келтірілген шығынның орнын толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылады


1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg