1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg
Басып шығару

САЛЫҚ ЕСЕПТІЛІГІНЕ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ЕНГІЗУ

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 Салық төлеуші (салық агенті) салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді осы өзгерістер мен толықтырулар жататын салық кезеңі үшін қосымша салық есептілігін жасау жолымен жүргізеді.

Табыс етілу мерзімі міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдарды аудару, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық сәйкестендіру нөмірлерінің тізілімдері туралызаңнамасына сәйкес салық міндеттемелерін орындау кезінде қолданылатын сәйкестендіру нөмірлерін (ЖСН 2013 жылдан) енгізудің алдындағы күнге сәйкес келетін салық кезеңіндегі салық есептілігіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде салық төлеушінің тіркелу нөмірі (СТН) міндетті түрде көрсетіледі.

Басып шығару

Камералдық бақылау бойынша хабарламаларды орындау жөнінде мәселелер туралы

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

     Камералдық бақылау - мемлекеттік кірістер органдарында бар салық төлеушінің салықтық есептілігі  бойынша мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі. Салықтық есепте қателер, мәліметтер бойынша қарама-қайшылықтар анықталған жағдайда салық төлеушіге осы бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберіледі.

   Камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны орындауды салық төлеуші (салық агенті) ол табыс етілген (оны алған) күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Басып шығару

Пайдалы ақпарат

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

«Оңалту және банкроттық туралы»  заңын Сіз http://adilet.zan.kz сайтынан жүктей аласыз.

Cаll-центр 8-(7172) 58-09-09 (салық төлеушілерге, жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда салық заңнамаларына телефон арқылы түсінік беру қызметі) Казахстан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасының   Интернет-блог www.blogs.egov.kz Казахстан Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің  сенім телефоны  8-(7172) 70-99-20

Электрондық шағым кітабы  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Басып шығару

Салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

   Салық кодексінің  27 бапбойыншамүлік пен іс-әрекеттер салық салу объектісі және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайды.

  427 бабына сәйкес жүргізілетін түзетулер ескеріле отырып, Қазақстан Республикасында және одан тыс жерде алынған (алынуға жататын), көрсетілген кірістердің барлық түрлерінен тұратын, салық кезеңіндегі кіріс патент немесе оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеуші үшін салық салу объектісі болып табылатыны:

Басып шығару

Қызметін тоқтататын дара кәсіпкердің салық міндеттемесін орындау

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Дара кәсіпкер (әрі қарай ДК) қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған күннен бастап бір ай ішінде өзінің орналасқан жері бойынша салық органына бір мезгілде:

Таратудың салық есептілігі қызметін тоқтататын ДК төлеуші және (немесе) салық агенті болып табылатын салықтың, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түрлері, міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын және әлеуметтік аударымдар бойынша, құжаттық тексеру жүргізу туралы салықтық өтініш табыс етілген салық кезеңінің басынан бастап осындай өтініш табыс етілген күнге дейінгі кезең үшін олар бойынша жасалады.

Басып шығару

Алкоголь өнімдерін сатуға лицензиясы бар салық төлеушілер назарына

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

   Казакстан Республикасының Салық кодексінің 472-бабы 3-тармағына сәйкес алкоголь өнімін сақтауға, көтерме және бөлшек саудада сатуға лицензия  алған тұлғалар тиісті саладағы қызметті жүзеге асырудың бірінші жылын қоспағанда , алым сомасын жыл сайын ағымдағы жылдың 20 шілдесіне дейін төлеуге қажет.

  Алым жыл сайынғы болып саналады, сондықтан салықтық міндеттеме жылдың басынан  20 шілдесіне дейін төленеді.  Бұл ретте жыл сайынғы лицензиялық алым сомасы әрбір қызмет объектісі үшін төленеді.

Басып шығару

Бақылау-касса машинасының тiркеу деректерiне өзгерiстер енгiзу

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

    Бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасында көрсетiлген мәлiметтер өзгерген кезде, салық төлеушi бақылау-касса машинасын есепке қойған жерi бойынша салық органына өзгерiстер туындаған кезден бастап бес жұмыс күнi iшiнде:

өзгерген мәлiметтердi көрсете отырып, бақылау-касса машинасын салық органында есепке қою туралы салықтық өтiнiштi;

бақылау-касса машинасының тiркеу карточкасын табыс етуге міндетті.