Басып шығару

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 

БАҚ тарату үшін және әлеуметтік желілерде, ҚР ДІАҚМ сайтында  орналастыру үшін

 

Үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқорын қалыптастыру туралы жалпы ақпарат

 

Қазақстанда ҮЕҰ қызметі саласындағы заңнамаға қабылданған өзгерістер аясында 2015 жылдың соңында үкіметтік емес ұйымдардың Дерекқоры жасалды.

 

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі  «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Заңына (бұдан кейін – Заң)өзгерістер Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне үкіметтік емес ұйымдардың қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен енгізілді http://10.61.43.123/rus/docs/Z050000036_

 

2016 жылдан бастап, қазақстандық ҮЕҰ, сондай-ақ,  халықаралық және шет елдік ҮЕҰ  филиалдары мен өкiлдiктері ҚР «Коомерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес жыл сайын 31 наурызға дейін уәкілетті  органға (Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі) өзінің қызметі туралы мәлімет жібереді. Үкіметтік емес ұйымдардың өз қызметтері туралы мәліметті жіберуі және олар туралы Дерекқорды қалыптасытрудың қағидасы (бұдан кейін – Қағида) Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілді (http://10.61.43.123/rus/docs/V1600013355).

 

Анықтама ретінде: Қазақстан Республикасының «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41 б. 5 тармағына сәйкес, Қазақсатан Республикасының аумағында қызмет ететін мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, қор түріндегі үкіметтік емес ұйымдар,  ассоциация (одақ) түріндегі заңды тұлғалар бірлестіктері, сондай-ақ бұл Заңның 17 бабымен қарастырылмаған өзге ұйымдастырушылық-құқықтық форма түрінде құрылған шет елдік және халықаралық коммерциялық емес ұйымдардың филиалдары мен өкілдіктері (жекеленген бөлшектер) жыл сайын 31 наурызға дейін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы уәкілетті  органға өзінің қызметі, соның ішінде өзінің құрылтайшылары (қатысушылары), меншік құрамы, үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл саласындағы құзыретті орган бекіткен тәртіпте қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәлемет беруі тиіс.

 

Үкіметтік емес ұйымдар туралы мәліметтер үкіметтік емес ұйымдармен №51 бұйрықпен бекітілген осы Қағидалардың қосымшасындағы нысанына сәйкес қазақ және орыс тілдерінде жыл сайын есептік мерзімнен кейін әр жылдың 31 наурызына дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда) ұсцынылады:

- 2017 жылғы 31 наурызға дейін поштамен немесе қағаз және электронды нұсқада (Word форматында CD-дисктерде немесе USB-флэш-жинақтаушыларда)

- 2017 жылғы 1 наурыздан бастап ҮЕҰ мәліметтерді ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталы арқылы ұсына алады. Интернет-порталға ХҚКО алынған ЭЦҚ көмегімен кіруге болады.  

ҮЕҰ Дерекқорының http://infonpo.kz интернет-порталына кіргенде ҮЕҰ порталмен жұмыс істеудің қадамдық алгоритмі берілген Қолданушының нұсқаулығымен таныса алады. 

ҮЕҰ деректерінің тізілімі http://www.register-ngo.kz сайты күші жойылған.

Осылайша, есепті ақпарат толтырылған кестенің екі нұсқада – қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.

Жалпы нысан 3 тараудан тұрады:  Жалпы мәліметтер, Қызмет туралы мәліметтер және Мүлік құрамы, үкіметтік емес ұйымның қаражатты қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтер.

 

Анықтама ретінде: Қағидаларға ҮЕҚ Дерекқорына есеп беру нысанын толтыру бойынша Әдістемелік ұсыныстар  әзірленді, сондай-ақ ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтер ұсыну бойынша жиі қойылатын сұрақтарға  жауаптар әзірленді. Бұл құжаттарды Дін істері және азаматтық қоғам істері министрлігінің http://www.din.gov.kz/rus/baza_npo сайтында табуға болады.

Нысанды толтыру барысында үкіметтік емес ұйымның басшысына белгілі бір құжаттар тізімі: ұйымның жарғысы, құрылтай құжаттары, ұйым басшысының паспорттық және байланыс деректері, ұйымның филиалдары мен өкілдіктерін (бар болған жағдайда) тіркеу туралы мәлімет, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама, бекітілген жобалық өтінімдер, мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жүзеге асыру туралы келісімшарттар, гранттық келісімдер және т.б. есептік мерзімі бойынша – 2016 жыл ішіндегі бухгалтерлік теңгерімінің көшірмесі, сондай-ақ жылжымалы және жылжымайтын мүлікке (бар болған жағдайда) құқық белгілеуші құжат қажет болады

Есептік мерзімі ретінде Дерекқорға мәліметтерді енгізу жылдың алдындағы күнтізбелік жыл болып саналатынын атап өткен жөн. Осылайша, 2017 жылдың наурыз айының жағдайы бойынша 2016 күнтізбелік жыл есептік мерзім болып есептеледі. Тиісті тарауға сай ҮЕҰ 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқталған жобалар туралы ақпаратты белгілейді.

 

Маңызды:үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ Дерекқорында болуыҚазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстарды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 648  бұйрығына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша байқау өткізу аясында ықтимал жеткізуші ұсынған техникалық сипаттаманы бағалау кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар беру және олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» № 413 бұйрығына сәйкес ҮЕҰ грант бөлу кезінде міндетті.

 

Бүгінгі таңда  «ҮЕҰ Дерекқоры» интернет-порталы әзірленді. Қазір портал сынақтық режимде жұмыс істейді. Интернет – порталды жалпыға ортақ қолдануға енгізгеннен кейін ҮЕҰ жыл сайын өз қызметі туралы ақпаратты қолданушылардың жеке  кабинетіндегі Үлгіге сәйкес жаңартып отырады деп күтілуде.

Қажет ақпаратты алу үшін «жедел желі» телефондарына жүгінуге болады : 8 (7172) 74-04-28, 74-04-47, 74-05-43.

Сонымен қатар, ҮЕҰ өз сұрақтарын Азаматтық қоғам істері комитетінің электрондық мекен-жайына жібере алады: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it..

Азаматтық қоғам істері комитетінің құрамындағы ҚР ДІАҚМ Азаматтық қоғам істері комитетінің Ведомствоаралық үйлестіру басқармасы ҮЕҰ Дерекқорын қалыптастыру үшін жауапты.

Әкімшілік жауапкершілік:

Үкіметтік емес ұйымдар уәкілетті органға Дерекқорға мәліметтерді ұсынбаған, кешіктіріп ұсынған және дәйексіз немесе көріне жалған ақпаратты ұсынған жағдайда уәкілетті орган «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде қарастырылған қабылдайды (489-1 бап: 1 тармақ – ескерту; 2 тармақ – қайталама бұзу – жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл немесе 3 ай мерзімге уақытша жұмысын тоқтату).

Басып шығару

Салық төлеушілер назарына!!

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

                                                    Салық төлеушілер назарына!!

  Мұнай өнімдерін өндірушілердің өндірістік объектілерінің, мұнай өнімдері базаларының резервуарларын және автожанармай құю станцияларын (жылжымалы үлгідегі автожанармай құю станцияларынан басқа) есепке алатын бақылау аспаптарымен жарақтандыру қағидалары мен талаптарын бекіту туралы

Басып шығару

2017 жылғы Салық жүйесіндегі өзгерістер

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

2017 жылғы  Корпоративтік табыс салығының  өзгерісі

Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын іске асыру мақсатында Салық кодексінің 90-бабы 2-тармағы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi бекіткен бағдарламаның шеңберінде қайта қаржыландыруға жататын ипотекалық тұрғын үй заимдары бойынша борышкерге қойылған талаптар мөлшерін азайту кезінде провизияларды (резервтердi) құру жөніндегі шығыстар сомасын шегеруге құқығы бар салық төлеушi құрған провизиялардың (резервтердiң) мөлшерлерiн азайтудан түсетiн табыстарды танымауды көздейтін 10) жаңа тармақшамен толықтырылды;

Басып шығару

100 кадам макала

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

                 Салық мәдениеттілігі -саналықтың   белгісі

 Елбасының «100 нақта қадам» Ұлт жоспарының аясындағы заңнамалық бастамалардың 9 бағыты салықтық және кедендік әкімшіліктендіруді жетілдіруге арналған. Кедендік және салықтық әкімшілендіру амалдарын оңтайландыру, кедендік амалдар кезінде «бір терезе» жүйесін енгізу, салықтық және кедендік жүйелерді біріктіру сияқты бағыттар заңнамалық твң өзерістерді талап етіп отырғаны анық.

Басып шығару

Ашық есік

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

 Ашық  есік

                                   Сұрақ  сізден, жауап бізден

Қазіргі таңда  ауданымыздың  салық  төлеушілерін  мазалап  жүрген  сұрақтар қөп. Салық  заңдылықтары жөнінде кеңес алып қана қоймай өз мүдделерін  қорғайтын  пікірлерін  алға  тарту мүмкіндіктері бар. Заңдылықтардың  сақталмауынан  салық  төлеушілердің құқықтарының сақталмауы байқалуы мүмкін. Осыған орай  Райымбек  ауданы  бойынша  мемлекеттік кірістер  басқармасы   наурыз айының 2,9,16,30, сәуір айының 6,13,20,27 күнлері   аралығы сағат 10-нан 17-ке дейін Райымбек  ауданы Кеген селосы Б. Момышұлы  19  мекен жайы бойынша, ашық  есік  күндері  шараларын  өткізеді Ашық  есік күндерінде  қажетті түсініктемелермен қамтамасыз етеміз

Құрметті салық төлеушілер

Сенім  телефоны 8-727-77-2-25-11

Райымбек  ауданы бойынша мемлекеттік  кірістер басқармасы

-Салық  саласында  әлдеқандай  құқық бұзушылықты байқасаңыз

Біз сіздердің  барлық  сұрақтарыңызға жауап береміз, әрі көмек көрсетеміз

                                          Аудан  салық төлеушілер есіне!

 

2017 жылы  Жалаңаш, Қарабұлақ Алғабас, Саты ауылдық  әкімшіліктерінде 2017 жылғы  Салық  өзгерістеріне  байланысты  семинар  кеңес  өтетіндігін  хабарлаймыз

Жалаңащ  селолық  округінде  ақпан айының 28-і күні  сағат-10-00-да  мәдениет  үйінде

Қарабұлақ  селолық округінде  ақпан 28-і күні сағат 10-00да  мәдениет үйінде

Саты  селолық  округінде ақпан айының 28-і күні сағат 14-00де мәдениет үйінде

Қарабұлақ селолық  округінде ақпан айының 28-і күні сағат 16-да мәдениет  үйінле

                         Райымбек ауданы  бойынша  Мемлекеттік кірістер  басқармасы

 

Басып шығару

Құрметті аудан тұрғындары! Қадірменді қонақтар!

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Еліміз қалай болғанда да сан ғасырлық қиын-қыстау жолдан, тар жол тайғақ кешуден өтті. Тәуелсіз елдер қауымдастығына қосылды.

Әр қазақтың, әрбір азаматтың санасының өрінде, көкірек көңілінің төрінде қалғымайтын сезімі, ең асыл құндылығы – мемлекеттік тәуелсіздік болуы тиіс. Сонда біз қуатты, болашағы зор Мәңгілік Ел боламыз.

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg