Басып шығару

Аудан әкімі Ж. Тажиевтің Райымбек ауданының мәдениет күніне орай, сөйлейтін сөзі.

вкл. . Опубликовано в Ішкі саясат бөлімі

Құрметті Амандық Ғаббасұлы!

Қадірменді қонақтар!

Ардақты ағайын!

«Егеменді елдігім – Тәуелсіздік теңдігім» атты Райымбек ауданының мәдениет күндеріне қош келдіңіздір!

Биылғы облысымыздағы аудандардың мәдениет күндері Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қатар келуде.

Бәріміздің алдымызда үлкен мақсаттар  тұр. Елбасының «Нұрлы Жол-болашаққа бастар жол» Жаңа Экономикалық Саясатына сәйкес әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына қосылу.Осы бағытта қолға алынған  бағдарламаны жүзеге асыруда ізденіспен жұмыстар жүргізу әрбір өңірдің, әрбір ауданның басты міндеті. Осы орайда, бүгінгі қасиетті Райымбек бабамыз атындағы ауданда өткізіліп отырған мәдениет күндерінің берері көп.

Басып шығару

Мүлікті жария ету бойынша

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 29 тамыз 2014 жылғы №959 қаулысына сәйкес, аудандық мүлікті жария ету жөніндегі комиссия өз жұмысын жалғастыруда.

Басып шығару

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Мүлікті жария етуге байланысты құжаттар қабылдау

2016 жылдың 30 қарашасында тоқтатылады.

Қажетті құжаттар:

1. Жеке куәлік көшірмесі (көшірме);

2. Мүліктің техникалық паспорты (көшірме);

3. Техникалық сараптама қорытындысы.

Мекен-жайымыз: Кеген ауылы, Б.Момышұлы көшесі №19, 5-кабинет

Байланыс телефондары: 8-72-777-2-11-75,  87776829498

Басып шығару

Аудан әкімі Ж. Ж. Тәжиевтің 1 қыркүйек «Білім күні» салтанатты мерекесінде сөйлейтін сөзі

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Қадірменді ата-аналар!

Сіздерді бүгінгі жарқын да қуанышты, айтулы мереке- Білім күнімен құттықтаймын!

Әлемдік өркениетке бет алған бүгінгі қазақ елінің болашағы білім мен тәрбие алауын жаққан мектеппен тікелей байланысты.

«Ұстаз-ұлылықтың жол бастаушысы, мектеп-оның алтын қақпасы»- деген дана халқымыз.

    ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты тұлғасын қалыптастыруда білім беру мәселесі мемлекетіміздің басты назарында. Білім беру жүйесі - заман талабына сай үнемі жаңартуды қажет етеді. Мемлекетіміздің білім беру үрдісіне енген  білім беру мазмұнын жаңарту  бағдарламасы-келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыратын тың бағдарлама.

Басып шығару

Аудан әкімі Ж. Тажиевтің Қазақстан Республикасы Конституциясының күні мерекесіне арналған құттықтау сөзі

вкл. . Опубликовано в Жаңалықтар

Құрметті аудан тұрғындары!

Қадырменді әріптестер!

Баршаңызды,  Қазақстан Республикасының Конституциясы мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Конституция күні – біздің еліміз үшін маңызды мерекелердің бірі болып саналады. Осыдан 21 жыл бұрын, 1995 жылы 30 тамызда еліміздің негізгі Ата Заңы қабылданды. Бұл Қазақстан азаматтары үшін республика дамуының жаңа беттерінің басталуын білдіретін,  ерекше оқиға болды.

Басып шығару

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»

вкл. . Опубликовано в Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі

ІІІ – бағыт

Бағдарламаға қатысушы   Айболқызы Мөлдір 29.11.1992 ж

     2012 жылы Алматы басқару жане нарық колледжін  Құқықтану мамандығы бойынша  бітірген.   Жас маман ретінде Мөлдір  Жұмыспен қамту орталығына келіп «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша кеңес алды.  Жұмыссыз ретінде тіркеуге алынып, бағдарламаның үшінші бағытымен 6 ай мерзімге Райымбек ауданының Әділет басқармасынан жастар тәжірибесінен өтуге жолдама алды. Келісім шарт мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасуға мүмкіндік алып отыр.

1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg1.png2.png3.jpg5.png6.png7.png8.png9.png91.jpg