Басып шығару

Палата туралы

Райымбек аудандық Кәсіпкерлер палатасы - Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасы филиалдарының бірі болып табылады. Кәсіпкерлер палатасының міндеті - кәсіпкерлердің құқықтары мен мүдделерін қорғау, сондай-ақ бизнестің жүйелі жүргізілуі үшін кәсіпкерлерді заңнамалық және өзге де нормативтік ережелердің қалыптасу процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау.

Кәсіпкерлер палатасы қызметінің негізгі бағыттары:

 1. Кәсіпкерлердің құқығын қорғау;

 2. Әкімшілік кедергілер;

 3. Дуальді оқыту;

 4. Сервистік қызмет;

 5. Кәсіпкерлікті дамытудың өңірлік картасы.

Қосымша бағыттар:

1.    Қаржының қолжетімділігі;

2.    Мемлекеттік бағдарламаларға талдау;

3.    Тариф құнын анықтау;

4.    Жергілікті қамту және сатып алулар;

5.    Сыртқы экономикалық қызметтер.


 

Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры – Ляззат Чинкисбаева.

Байланыс телефоны: +7 (7282) 401 499

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


 

Райымбек аудандық Кәсіпкерлер палатасының директоры – Жанна Қырғызалықызы.

Байланыс телефоны: +7 (72777) 7 90 59, +7 778 858 88 77

e-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Өмірбаяны

1979 жылдың 8 қазан күні Алматы облысының Кеген ауылында дүниеге келген.

Республикалық медициналық колледжді, Алматы технология және бизнес университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша аяқтаған. Сондай-ақ, 2016 жылы Д.Қонаев атындағы Еуразия заң академиясын «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары Қазақ кардиология және ішкі аурулар ұлттық зерттеу институтында,  «Несиелер үйі» ЖШС, «Балсу-кредит» ШНҰ ЖШС және «Астра-Ломбард» ЖШС қызмет атқарды.

2016 жылдың 2 қыркүйегінде Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының Райымбек аудандық филиалының директоры қызметіне тағайындалды.

Филиал мекенжайы: Кеген ауылы, Қонаев көшесі № 102 үй, №4 пәтер.

Телефон: +7 (72777) 7 90 59.