Басып шығару

Аудандық кәсіпкерлер кеңесінің қабылдауына шақырамыз!

Кеген ауылында Аудандық кәсіпкерлер кеңесі құрылды. Онда аудан кәсіпкерлері мен тұрғындары кәсіпкерлікке қатысты арыз-шағым, пікір мен ұсыныстарын білдіре алады. Сондай-ақ жеке мәселелер мен сұрақтар бойынша кеңес ала аласыз. Аудандық кеңес құрамында танымал кәсіпкерлер бар. Райымбек аудандық Кәсіпкерлер кеңесінің төрағасы – «Өркен» шаруа қожалығының басшысы Талғат Нүсіпқожаев. 

Біздің мекенжай: Кеген ауылы, Қонаев көшесі №102 үй, №4 пәтер. Телефон: +7 (72777) 7 90 59.

Басып шығару

Кәсіпкерлермен кездесу өтуде

Палата филиалының жаңа директоры Жанна Қырғызалықызы ауылдық округтерді аралап, кәсіпкерлер қоғамдастығымен кездесулер өткізуді жалғастыруда. 11 қазан күні Саты, Қарабұлақ, Жалаңаш пен Алғабас ауылдық округтерінің кәсіпкерлерімен жиындар ұйымдастырылды. Ж.Қырғызалықызы облыстық Кәсіпкерлер палатасы қызметі, алдағы жоспарлары туралы бөлісіп, кәсіпкерлерді жеке қабылдау өткізді. Сонымен бірге, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Басып шығару

Ауылдық округтерді аралау басталды

Райымбек аудандық филиал директоры Жанна Қырғызалықызы 11 қазаннан бастап аудандағы барлық ауылдық округтерге жұмыс сапары басталды. Сапардың басты мақсаты – кәсіпкерлермен кездесу өткізіп, өзекті мәселелер мен оларды шешу жолдарынталқылау.