Басып шығару

Кәсіпкерлікті дамытудың ұтымды 10 қадамы

Үстіміздегі жылдың 9 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде жаппай кәсіпкерлікті ынталандыру және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуді белгіледі.

Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешенді дамыту, жекелей алғанда ауыл шаруашылығы кооперациясы және экспорттық әлеуетті әртараптандыру бойынша тапсырмалар берілді.

Елбасы жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, кәсіпкерлікті дамытуға арналған 10 қадамды ұсынады.

1. ШАҒЫН НЕСИЕЛЕУДІҢ КӨКЖИЕГІН КЕҢЕЙТУ

Қазіргі таңда бизнеске шағын несиелер  «Бизнестің жол картасы-2020» (6% жылдық мөлшерлемемен 10 млн теңгеге дейін), «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» (5% жылдық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейін) бағдарламалары аясында және «ҚазАгро» холдингі(Шағын несие ұйымдары (ШНҰ) арқылы 9,5/12% жылдық мөлшерлемемен 3 млн теңгеге дейін)  арқылы беріледі.

Бұл бағдарламалардың тиімді қаржыландыру жағдайларына қарамастан, кәсіпкерлер кепілдікті қамтамасыз ету, қажетті құжаттардың көп болуы және жобаға қолдау көрсетудің жоқтығы сынды мәселерге кезігеді.

Мысалы, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша шағын несие алу үшін бас-аяғы 13 құжат өткізуі керек.